Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Ерлікке тағзым"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбие сағаты "Ерлікке тағзым"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ЕРЛ_ККЕ ТА?ЗЫМ.docx

библиотека
материалов

hello_html_m445ac9a0.gif140 қазақ орта мектебі















Тақырыбы: « Ерлікке тағзым»















Қызылорда қаласы



Тақырыбы: « Ерлікке тағзым»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды , халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларды адамгершілікке ,Отан сүюге , оны қорғауға баулы және Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен ержүрек бабаларымыз жайлы мағлұмат беру,Оларға еліміздің батырларын,соғыс ардагерлерін құрметтеуді үйрету.

Көрнекілігі: Ерлік туралы нақыл сөздер, қабырға газеттері, Ұлы Отан соғысының батырлары , батыр қалалар , әр шайқасқа ( Мәскеу шайқасы, Севастополь шайқасы...) фотомонтаж жасалынып , қыстырылған.

Барысы:

  1. жүргізуші:

Отан – Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.

2- жүргізуші:

Адам тарих! Адам кешкен жолын ұқ

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық

Бүкіл жерді бүркеп,ұстап зұлымдық

Сұрапылдан дауа таппай шерленген

Әлем демін әрең алды шеңберден

Ажыратып қара шеңгелден

Жарып шықты қарғыс пенен тозақтан.

  1. жүргізуші:

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз

Соғыс деген – болған емес тегін іс

Соғыс деген – қиылған жан , аққан қан

Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс

Жеңіс деген оңайлықпен келмеді

Жастық күйреп ,халық сиреп көнерді

Жарақат алғандардың күшіменен

Өркендеттік өмір менен өнерді

2- жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Жеңіс күні адамзат аңсап күткен,жеңістің туын тіккен 1945жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

7 мамыр- Республика Ұланының құрылған күні.

Жеңіс күні бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?

Ер жігіт етігімен су кешіп,от басып,сұр шинельді төсек етіп,ақ қар , көк мұз жастанып жаумен шайқасқан күндердің ескерткіші.

Тарих бетінде қалған, зұлымдықтың айнасы, соғысқа өз кеуделерін оққа тосып от кешкен жауынгер ағаларымыз бен әкелеріміздің құрметіне орай ұйымдастырылған « Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


Қ.Р.Мемлекеттік туын әкелу 11 сынып оқушыларына тапсырылады.

Туды әкелу құрметі : Гайдарұлы Еркін

Мұрсал Нұрила

Молдабергенова Айдана

Тұрыңыздар! Ту астына тік тұр! Назар оңға !


Әнұран.


  1. жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып,ананы жесір,сәбиді жетім еткен қанды ұйқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес.Ол мәңгі есімізде сақталады.

Солардың есімін жас ұрпақ мәңгі есімізде қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз.


Бірге: «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды»


2- жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры: Кенбаева Жанат Имашқызына беріледі.


  1. жүргізуші:

Жүрегі де алып ,

Өзі де алып арыстан

Қарулы қол жау жағасында қарысқан

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне,

Жаралған биік Рух пен Жігер,Намыстан дей ,-отырып бүгінгі салтанатты жиынымызға келіп отырған қонақтарымызбен таныстырамыз.

1.

2.



1-оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған

Соғыс жалмап аға –іні бауырды

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы.

2-оқушы:

Алаулап от жалындар

Отқа оранған далалар

Жарты ғасыр өтсе де,

Естен кетпес сол жылдар

Қару алып ағалар

Қырға шығып аналар

Жеңу үшін дұшпанды

Ту көтерді бабалар

Бақытты өмір күн үшін

Мәңгі тыныш түн үшін

Қан майданда елім қан кешіп

Ұлы жеңіс орнатты.


Көрініс:


Бала: Сап түзеп кетіп бара жатқан солдаттардан былай деп сұрайды.

  • Апа, менің де көкем келген шығар сұрайыншы.

  • Солдат аға , менің көкемді көрдіңіз бе?

1-Солдат: Жоқ , балақай көргенім жоқ.

Бала (келесі солдаттан) – солдат аға , менің көкемді көрген жоқсын ба?

2-Солдат: Жоқ ,балақай бірақ келіп қалар.

Бала: (мұңайып тұрып қалады) . Анадай жерде тұрған анасына келіп:

-Апа,менің көкем қашан келеді?

Анасы: (көзіне жас алып)

-Көкең міндетті түрде келеді ,балам.


Автор: - Ия , баласынан күдерін үзгісі келмеген ана жарынан қаралы хат алғалы қашан .Осы кезде ананың жүрегі қарс айырылып,жылап тұрды.


Ән: «Ана туралы баллада »

Орындайтын: Өтегенова Ақмарал



Кинолента:« Соғыс кезіндегі Қазақстандықтар»


Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше.Бүкіл Кеңес халқының 20 – 25 млн –нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен жұмысшы поселкілерін 70 мың село мен деревняны құртып жіберді.

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса , олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты , хабар – ошарсыз кетті.Қазақстаннан құрылған әскери дивизия басты жерлерде соғысты.Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сол бір ауыр күндерде ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

28 панфиловшылардың 23 қаза тапты.оның 22- сі қазақстандықтар еді. Ленинград , Сталинград.Курск шайқастары сияқты соғыс барысында елеулі өзгеріс әкелген ұрыстарға қазақстандықтар белсене араласты.


2- жүргізуші:

Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар 2 рет батыр атағын алған Талғат Бигелдинов ,шығыстың қос жұлдызы, бүгінде жырға қосып жүрген« Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді »деген батыр апаларымыз және Қасым Қайсенов,Бауыржан Момышұлы сынды ержүрек батыр ағаларымыз еді.

Тақпақ: «Әлия мен Мәншүк»


Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Орындайтын:



Көрініс:« Отан үшін отқа түс »

Шағындау келген бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап генерал тұрады.

Генерал: Қап,мына фашист иттің тікендей қадалып , тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғаны нағілеттің( осы кезде Бауыржан кіреді).

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!

Генерал: Бері жақындаңыз капитан Момышұлы!

Білген адамға карта – жердің айнасы,Көрмеген жерді карта арқылы танып оның жол жобасын,ой – шұқырын ,орман даласын , картадан ғана көріп отырмыз.

Бауыржан: «Иә,жолдас генерал. Карта білмегенге сенімді жетекші »деген сөз бар ғой.

Генерал: Дұрыс ,ал енді қараңыз жақындап .Көріп тұрсыз мына бармақтың таңбасындай қара белгі Демянск деген қала,жау қол астындағы жер,яғни дұшпанның армиясы .Мына жыбырлап шашылып картаның бетіндегі сепкілге ұқсап жатқан 90 шақты дервняның барлығы дұшпан қолында. Осы жерлерді бір сөзбен айтқанда Москваны дұшпанның шеңгелінен азат етіп,жерін босатып алу,сіздің полкке міндеттеліп отыр,капитан Момышұлы.

Бауыржан: Түсінікті жолдас генерал ! Дұшпан осал емес мықты жау.Құр бопсалауға көне қоймас.Бірақ олар қанша мықты болсада біздің жауынгерлер олардан ыға қоймас.

Генерал: Ап,Соғыс,соғыс! Майдан қырғын,арпалыс,қылшылдаған аяз,қасарысқан дұшпан.Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен

Тіке тұрып өлген артық емес пе!

Шыдаймыз,жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы , сізге батальоныңмен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады , жолдас генерал!


Би: «Смуглянка »


  1. жүргізуші:

Бүгін бізге сыр сұхбат жүргізуге тілші келіпті.ендігі кезекті тілшіге береміз.



«Отан – Ана» шығады.

Монолог

20 млн солдаттар жоқ тізімде.

20 млн жұлдыз жоқ көк жүзінде

Олар қалды Сталинград биігінде.

Курск иінінде

20 млн бастарын тікті өлімге,

Олар қалды теңіздің түптерінде

Алтын ошақ көре алмай мекендерін ,

Олар қалды жерінде шет елдердің

Олар қалды Освенциум түрмесінде,

Олар қалды Берлиннің іргесінді

Жұтты соғыс оларды отты тіліменен

Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен

Жиырма млн отанның солдаттары

Анттай бізге қасиетті болды аттары

Ескерткішке батыр қыз нар жігітке

20 млн от жақтық мәңгілікке

(Мәңгілік отты Отан – Ана жағады да көпшілікке қарап тұрып)

  • Ей,адамзат!Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерді үнсіз тұрып еске алайық.(1 мин .үнсіздік)


Көрініс:

Өзбек , қазақ екі орыс тамақтанып отырады.Өзбек қасындағы жауынгерлерге тамақ ұсынады.Қазақ хат жазып отырған ол ішпейді.

Қазақ: Мынау менің әйелім.Аяғы ауыр,жақында балалы боламын.Соғыс біткеннен кейін мен оны еркелетіп,әрбір басқан қадамын айналамын.

Өзбек: Әлбәттә,сен онин кадамин санайсың.Оны еркелетіп,соғыста көрсеткен ерлігіңді әйтерсиң.

Сол кезде оларға кенеттен шабуыл жасап,қазаққа оқ тиіп,қиналып жатты.Сонда өзбек.

Өзбек: Сен тірі қалуға тиіссің .Шен өлмәбен сени әлбетте алип қайтамын.6 жылдан соң әйелі мен баласы зират басына келеді.

Әйелі: Мынау сенің көрмей кеткен ұлың.Мен сенің зиратыңды көруге алып келдім.Мен сенің соғыста көрсеткен ерлігің жайлы айтып отырамын.

Баласы: Сен неге бізді тастап кеттің әке?- деп баласы жылайды.



Уызына қанбаған

Қозы лақтай зарлаған

Мені тастап жан әке

Кеткеніңе таң қалам

Жетім деп айдар таққзған

Жазығым неде сұм соғыс

Әкемді менен айырған

Анамды жесір атаған

Кем санаған қатардан

Ана мен бала мұң зарын

Кімге барып шағармын

Артта қалған қарт анаң

Іздеуден сізді танбаған

Өлді деп сізді әжеме

Айтшы мен қалай айта алам.


Ән:

1-оқушы:

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып , еске алып аруақтарына бас иеміз.


2-оқушы: Ер есімі ел есінде

Кір жуып ,кіндік кескен жер үшін ,аялап ,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп ,жалын кешкен ер азаматтар естен шықпайды.Олар тарихта өшпес із қалдырды.


3-оқушы:

Соғыстың құны – кесілген білек

Соғыстың құны –тесілген жүрек

Соғыстың құны –лаулаған орман

Соғыстың құны –уланған арман

Соғыстың құны –өртенген аспан

Соғыстың құны – төгілген жас қан


«Мен қазақпын» Орындайтын: Қалдыбаева Қазына

Ән: «Катюша»

Радио даусы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиясы жеңілгенін мойындап актіге қол қойды.9 мамыр Жеңіс күні!

Ән: «День победы»

Орындайтын: «9 В »сынып оқушысы Серікболсын


  1. жүргізуші:

Халық тыныштық үшін , бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.


2-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы , жеңіспен аяқталып , еліміз бейбіт өмірге көшті.Кеңес халқының алдында соғыс зардаптарын жою, экономика мен мәдениетті , өнеркәсіпті, ауылшарушылығын ,ғылым мен техниканы дамыту міндеті тұрды.

Бүгін біздер сарбазымыз қазақтың

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн

Сіздер көрген азп пенен тозақтың

Сұм соғыстың бетін әрі қаратсын

Енді атса,бейбітшілік таңы атсын


Ән: « Сарбаздар»

Орындайтын: Өтегенова Ақмарал


Мәнерлеп оқу:


1-оқушы:

Арылтып ,жерден жауымды

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Десеңдер бұл қай күні

  • 9 май күні!

Кептерлер толқып көкте ойнап,

Қызыл ту шалқып – көк байлап,

Мәре-сәре,мәз-мейрам

Отанымыз той тойлап

Десеңдер бұл қай күні

  • 9 май күні!

1-жүргізуші:

Ұлы Отан сенің жеңісің

Мен үшін,Байтақ ел үшін

70-ке толды мерейің

Қуанышты күндер көбейді.


Бірге:

-Соғыстың өрті жанбасын!

-Сәбилер жетім қалмасын!

-Бесігінде сәбидің

-Есігінде әр үйдің

-Болмасын соғыс,болмасын!


Хор: «Не стареют душрй ветераны»


Қорытынды:


Біз бейбітшілікті жақтаушы,достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы елміз.

Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын.Қымбатты ардагерлер,Сіздерді өміріңіздегі ең қымбатты мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз.

Сіздерге арналған азғантай сыйлығымызды қабыл лаыңыздар.


Бүгінгі Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған « Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Еліміз аман

Жұртымыз тыныш

Жеріміз сау,

Ұрпақтары аман болсын!

Іргелі ел Қазақстан көркейе берсін!

Хош сау болыңыздар!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Ход урока

І. Организационный момент

1.Психологический настрой

Здравствуйте, ребята! Чтобы в нашем классе стало тепло и уютно, давайте подарим друг другу улыбки.

-Улыбнитесь друг другу

-Улыбнитесь мне

Замечательно, у всех прекрасное настроение. И мы начинаем наш урок русского языка.

ІІ. Проверка дом.задания

а. Упр.2 текст «Наш дом» пересказать

б. Упр.6 стихотворение наизусть

в. Упр.7 письменно

(телевизор – разделить это слово на слоги. Сколько слогов?)

В: Это чей дом?

Дом какой?

Крыша какая?

Окна какие?

В доме есть что?

(Как пишутся предлоги со словами?)

Переход к новой теме.

Общая информация

Номер материала: 272372
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>