Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Ертегілер елінде"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Ертегілер елінде"

библиотека
материалов


17 орта мектеп








Мектепішілік

ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ертегілер елінде»








Сыныбы: 2– «В»

Сынып жетекшісі: Аманжолова Шолпан

















2014-2015 оқу жылы




Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: аілімділік: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән -

мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне

баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
ә)Дамытушылық: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
б)Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп,

жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке

тәрбиелей отырып достыққа, қарым - қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі, интерактивті тақта, ертегі кітаптарының сөресі.
Сабақтың барысы:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Хош келдіңіздер,
Құрметті біздің ата - аналар, ұстаздар!
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда зұлымдықты жоятынына көз жеткіздіңдер.

Бүгін біз сендермен өздерің оқыған ертегілереліне саяхат жасаймыз. Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер.

Ертегілер еліне жету үшін бірнеше кезеңнен өтуіміз керек. Егер әр кезеңнің тапсырмаларын жақсы орындасаңдар біз сендермен «ертегілер еліне» жетеміз.

Екі түрлі 22 кәпит қойып оқушыларға таңдатамын. Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «Ақылдылар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Білгіштер» тобына бөлемін.

1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық».Мұнда ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ал сендер ол ертегінің атын, кейіпкерлерін тауып, қысқаша мазмұнын айту керексіңдер.

  1. «Бауырсақ», 2. «Мақта қыз бен мысық».

2-ші кезең: «Мен қай ертегіденмін?» деп аталады.

Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері қойылады, ал сендер олардың қай ертегіден екенін тауып алу керексіңдер.

  1. «Жыл басына таласқан хайуанаттар», 2- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»,

3- «Қызыл телпек», 4- «Құйыршық», 5- «Аңқау арыстан», 6- «Кім неден күшті?»

 3ші -кезең:

«Өй-өрісті сергітейік» деп аталады. Бұл кезеңде ертегілерге байланысты сұрақтар қойылады, ал сендер жауап берулерің керек.

1-сұрақ: ““Арыстан мен түлкі” ертегісінде, арыстан түлкіні жақынырақ

шақырған  кезде түлкі не деп жауап береді?

2-сұрақ: Мақта қыз бен мысық” ертегісінде сиыр мысықты неге жұмсайды?

3-сұрақ. “Күншіл үйрек” ертегісінде үйрек аққуларды неліктен қызғанды?

4-сұрақ “Кім неден күшті” ертегісінде құмырсқа неден күшті болды?


Соңғы 4-кезеңі: «Кім жылдам?» деп аталады.

Мұнда оқушылар бөліктерге бөлінген бір  ертегіні құру керек.

Осымен ойынымыздың барлық кезеңдерінен жақсы, әрі жылдам өттіңдер. Енді көптен күткен«Ертегілер еліне» қош келдіңіздер! «Жамандық неден болады?» ертегісін тамашалаңыздар!

Жамандық неден болады?

Автор (Әлихан )Ертеде орман арасында жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні кісі талдың түбінде жатса, құстар жиналып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесті.

Барлығы бірге:

- Осы дүниеде жамандық не себептен болады?

Қарға( Орынғали ):-Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған соң, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек, -деді...

Жылан (Әсемай) :

Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер дебіз тату тұрсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, бек қатты ашуланасың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, өзіңді өлтіреді. Міне, жамандық ызақорлықтан болады, - деді.

Бұғы (Мейрамбек айтты:

-Меніңше, дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады. Егер де біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп. Кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп құлатамын, үлкен аңнан қашып құтыламын. Бірақ ағаштың бұтағы сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып құлайсың. Сондықтан қорықпай, батыр болу керек,-деді.

Аққу (Жұлдыз):

-«Ең тәтті де тіл,  Ең ащы да тіл.» - деген қазақ халқымызда мақал бар. Өсекшінің, өтірікшінің тілі қышып тұрады. Өз тілің -ана тілің құрметтемеген, шұбарлап сөйлеген адам – бейшара адам. Бұл тек әдепсіздікке жатады.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.-деді.

 Сонда баяғы тыңдап отырған кісі (Асанәлі) айтты:

-Сендер бәрің де жамандықтың не себептен болатынын дұрыс айттыңдар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз. Неге десең, жамандықты да, жақсылықты да көп істейміз. Аштық, ызақорлық, қорқақтық – бәрі де біздің тәнімізді сақтау үшін керек. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күйіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік.-деді.

Ия балалар, дұрыс айтасыңдар! Біз өзімізді ғана ойламай , жанымыздағы жанашыр адамдарды да ойлауымыз керек, қамқор болуымыз керек. Барлық уақытша қиындықтарды сабырмен, байыппен шешу керек. Сонда ғана Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпақтары еліне адал қызмет етер еңбексүйгіш азамат болып өседі.



Келесі кезекте ата – аналармен бірге ертегі еліне саяхат жасаймыз. Алдымен менің қоламдағы қызыл және көк түсті қағазды таңдап алыңыз. Енді қызыл түстер бірінші топқа, көк түстілер екінші топқа келіңіз. Қолдарыңдағы әріптерден бір ертегінің аты шығады. «Шалқан», «Бауырсақ». Бұл ертегіні барлығымыз білетін болармыз? Олай болса сіздер ата-аналар, осы ертегілерді сахналап қойып бересіздер. Сізге керекті ертегі кейіпкерлерін өздерің таңдап алыңдар. Дайындалуға 5 минут беремін.

Осы кезде 2 «В» сынып оқушыларымен хор «Ертегілер елінде» өлеңін айтады.

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...

Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған

-Өте жақсы ата –аналар. Сіздерге көп рахмет!


hello_html_m2108ee7a.gif


Бұл «Шалқан» ертегісі. Біз бұны шынай өмірімізден мысал етіп көрейік. Бәріміз бір отбасымыз. Барлығымыз ауызбіршілікпен шалқанды емес жерде көміліп жатқан кітапты тартайық. Кітап – білім бұлағы демекші, біз білімді тек кітаптан аламыз. Сол кітаптан небір ақын жазушыларымыз, ұлы ойшылдарымыз, небір кқрнекті ғалымдар шықты. Барлығы осы кітаптың арқасында. Ал қазіргі жастардың кітап оқуы сиреп бара жатыр. Тіпті жоқтың қасы. Қазір жаңа технологияның дамыған заманы. Балаларымыз кітапқа емес компьютерге үңіледі. Сондықтан осы бүлдіршін сатінен бастап кітапқа деген қызығушылығын сіз болып біз болып оятайық құрметті ата-аналар!

Осымен «Ертегілер елінде» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, болашақта өзіміздің ана тілімізде одан да көп қызықты ертегілерді оқитыңдарыңа мен сенемін!








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров771
Номер материала ДВ-135519
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх