Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Тәрбие сағаты " Ертегілер елінде"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты " Ертегілер елінде"

библиотека
материалов


Тәрбие сағаты: «Ертегілер елінде»

Қатысушылар:



Аяз ата, Ақшақар, Аққала, Тауық, Базилио, Мысық,Түлкі Алиса, Мыстан кемпір, Өлмес Қащей, Қыс қаншайымы, Аңдар, Шрек пен Фиона, Барыс, Қоян, мушкетер, принцессалар.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Ортада әдемі ойыншықтармен әрленген шырша тұр, плакатқа, ақ матаға салынған тақырыпқа сай суреттер. Көңілді әуен ойналып тұрады. Оқушылар көңілді ән ырғағымен залға кіріп, биге қосылады.

Жүргізуші:

Сәлеметсіңдер ме балалар.

Армысыздар, Ата – аналар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылға шақырады жаңа өмір,

Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын Жаңак жыл!


Ән «Жаңа жыл»

Әсем әуен ырғағымен ортаға аққала келеді.

(Аққаланың түрі ренішті, ренжіген)


Жүргізуші:

  • Аққала, аққала, саған не болды?

Бүгін мереке ғой! Жаңа жыл! Ал сен көңілсізсің, неге?

Аққала:

Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен Аққаламын Сендер менй жақсы жасадыңдар. Көзді орына көмір, мұрынның орнына сәбіз, қолына сыпыртқы бердіңдер. Ал менде сәбіз бар ма?

Жоқ.

Менің сәбізімді түлкі алып кетті.

Жүргізуші:

Солай ма, Бірақ біз түлкіні көрген емеспіз. Түлкі бізге келген жоқ.

  • Аққалал бізбен қал, жаңа жылды бірге қарсы аламыз. Біздің шыршамыз қандай әдемі, қарашы! Балалар шырша туралы ән білесіңдер ме?


Ән орындалады «Шырша жыры» Хоровод.


Жүргізуші:

Аққала көңілсіз тұрмай, бізбен бірге ойын ойна.

Аққала:

Ендеше, балалар ойын ойнайық. Балалар сендер қармен ойнауды жақсы көресіңдер ме?

-Ия, мен де жақсы көремін. Ендеше қармен ойнайық. Бір – бірімізге қарды атқылайық.

Аққала:

Қалай көңілді! Тамаша! Тура шөлдеп кеттім.

Жүргізуші:

Су ішесің бе?

Аққала:

Ия, ішейін. Ал сендер балалар ішесіңдер ме?

Ата – аналар ше? Ішу керек!.

Аққала:

Көп, көп, рахмет балалар, менің көңілім көтеріңкі болды. Аққалар, қайдасыңдар «би билейміз»


«Аққала» биі

Жүргізуші:

Аққала, қара мұнда! Шыршамыздың түбінде қораптар жатыр ғой. Бұл бәлкім аяз атаның сыйлығы шығар?

Аққала:

Ішінде не бар екен ә? Қане, ашып көрейікші.


Шыршаның түбінен қораптардың бірін ашып көргенде ішінен ойыншық Аяз – ата шығады.


Жүргізуші:

Балалар, қандай әдемі ойыншық! Қараңдаршы, сендерге ұнай ма? (аршандап). Шіркін, мына қуыршақ Аяз – атаға жан бітіп бізбен бірге жаңа – жылда шаттанып, ән салып, би билесе, ғой...... Сиқыршы келіп көмектесер ме еді?

Аққала:

Онда сиқыршыны барып іздейік.


Аққала мен жүргізуші екеуі сиқыршыны іздеуге шығады. Сол уақытта Тауық келеді.


Тауық:

Қо-қо-қоқ. Қо-қо-қоқ!

Балапандарым әлі шыққан жоқ!

2011жыл бірақ шығайын деп жатқан жоқ паөзі? Қо- Қо – қоқ. Жаңа жыл болса келіп қалды, неге тып – тыныш? Орман тұрғындары қандай дайындық жаса жатыр?

Қарап келейін.


Сол кезде жүргізуші мен Аққала кіреді.


Жүргізуші:

Қап, сиқыршыны таба алмадық.

Аққала:

Олай болса, балалар, ән айтайық.


Ән орындалады.


Жүргізуші:

Ой, мынау не? Жұмыртқа ма.

Аққала:

Қандай қызық! Бұл тауық апайдың жұмыртқасы шығар, әлде айдаһардың немесе өлмес кащейдің жұмыртқасы ма?

Жүргізуші:

Аққала, біреулер келе жатыр.


(Алиса мен базилио мысық келеді. «мысықтың» биі көрсетіледі)


Базилио мысық:

Жаңа жыл келіп қалды, ал мен әлі тамақтанған жоқпын. Қарнымның ашып тұрғаны ай? (ішін сипайды)

Алиса:

Тс-с, тыныш , Мен бөтен иіс сезіп тұрмын (жан – жағын иіскейді)

Базилио, қоянның етін жегін келмейме?

Базилио:

Жегім келеді.

Алиса:

Онда ізде. Ал менің аяғым ауырып кетті, демалып алмасам болмайды. (таяғына сүйеніп шашын жөндейді)

Мысық көзелдірігін маңдайына көтеріп жан – жағына тіміскілеп іздейді. Балалардан сұрайды.

Базилио:

Ей балақай, көжекті көрдің бе?

Ал, сен ше?

Балалар:

Жоқ, көрген жоқпын!

Мысық артқа қарай жүремін деп жұмыртқаға тап болады.

Базилио:

Міне, сәттілік (алақанын ысқылап, алжапқышын киіп, шанышқы мен пышақ алып шығады)

  • Сары бас, мен Қоянның етінен бас тартамын. Өзі жей бер. Ал мен амлет жеймін.

Алиса:

Сен не, меніме бөліскің келмей ме?

Базилио:

Бөлісе алмаймын, жұмыртқа біреу ақ, ал біз екеуміз.

Алиса:

Ал мен екеумізге тең бөліп беремін.

Базилио:

Бермеймін, сен мені алдап өзіңе көп алып қоясың!.

Алиса:

Мен бе алдайтын? Сен өзің балаларды алдап жүрсің. Бірақ көзің тамаша көреді. (көзелдірігін жұлып алады)

Базилио:

Сары бас көзелдірігімді қайтар, әйтпесе.....

Алиса:

Әйтпесе не істейсің? Бермеймін.

Базилио:

Олай болса, аяғыңды сындырамын. Өтірік ақсамай, шын ақсайтын боласың!

Алиса:

Жаман мысық мен болмасам қоқыстың ішінен тышқан аулап жүруші едең. Мә саған! (Мысықты таяғымен ұрады. Екеуі төбелеседі)

Жүргізуші:

Болды қойыңдар! Бүгін үлкен мереке, Жаңа жыл келеді. Балаларға қандай тәртіп көрсетесіңдер? Олай болмайды!

Айтпақшы түлкі, аққаланың сәбізі қайда?

Аққала:

Әй түлкі, менің сәбізімді әкел! Әйтпесе!

Түлкі:

Ал, ал сәбізіңді.

Жүргізуші:

Өйтіп сөйлеуге болмайды. Кешірім сұрау керек.

Алиса:

Кешір, кешір аққала

Жүргізуші:

Базилио, Алиса оқушылармен бірге қалыңдар, Аяз ата мен Ақшақар келеді. Жаңа жылды бірге қарсы аламыз. Қаласыңдар ма?

Базилио:

Ия, ия қалдамыз. Сыйлық аламыз.

Жүргізуші:

Бірақ тәртіптерің жақсы болсын.

(базилио мен Алиса балалармен бірге тұрады)


Залдағы жарық өшеді, қорқынышты әуен естіледі.


Жүргізуші:

Бұл кім екен?

Аққала:

Қалай қорқынышты (ортаға мыстан кемпір шығады)


Мыстан кемпір:

Аспанда бір тікұшақтар, ұшақтар ұшып дүр ғой. Тіпті аспанды дауып кетиіпті. Тфу, Ман мені қарап жір?

Таяғымды сындырып алдым (үстін қағады)

  • Ерте қуанып жатырсыңдар. Аяз ата мен Ақшақарды мен сиқырлап тастағанымды білмейсіңдер ғой! (сыпырғышының сынған қалдықтарын жинап, балаларға жұдырығын түйеді)

Кім шығынымды өтейді? Жаңа сыпырғыш қайдан аламын? (жан жағына қарайды)

Қаншама томпиға, тәтті әдемі балалап көп екен мына жерде Жаңа жылға мені шақырмай өздерің тойлап жатырсыңдарма?

Мерекені болғызбаймын.

Балақайлар мен сендерге жұмбақ жасырайын, жауабын таба алмасаңдар мен сендерді жеймін.

  1. Беті ауызын сүйеді, Сүйген жері күйеді (аяз)

  2. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады (қар)

Сендер ақылды балаларсыңдар ғой өзі. Жалықтым жұмбақ жасырудан. Тағы қандай жамандық жасасам екен?

(анда мында жүреді де жұмыртқаға тап болады. Мұқият қараайды)

  • Ей мынау жұмыртқа ғой! Қащей өмірін жоғалтып алған ба? (Алақандарын ысқылайды) Ха-ха-ха.

Ә бәлем, қолға түстің бе? Мен сенен өмірін үшін ақша сұраймын!

(ұялы телефонын алып нөмірін тереді)

Алло, кащей сенбісің? Сөйлеп тұрған мыстан кемпір.

Кащей:

Ия, мен не болды? Тыңдап тұрмын!

Мыстан:

Қалың қалай? Өмірің қалай? Жоғалтып алған жоқсың ба?

Кащей:

Қалай болушы еді. Биік таудың басында ілініп тұр. Оның саған керегі не?

Мыстан:

Менің не тауып алғанымды білесіңбе? Сегіз әріптен тұрады, бірінші әрпі Ж.


(Бір минут үнсіздік орнайды. Қорқынышты музыка естіледі, залға өзінің бір топ күзетшілерімен кащей кіріп келеді)

Рэп стиліндегі би биленеді.


Кащей:

Менің өмірім мына Мыстанның қолына қалай түскен? Мен сендерге не үшін ақша төлеп отырмын? Тез мынаның көзін құртыңдар!

(күзетшілері мыстанға қарай жақындайды)

Мыстан:

Енді бір адым аттасаңдар мен мына жұмыртқаны сындырамын! Маған сынған сыпырғышымының орына ұшақ бер немесе өміріңмен қоштаса бер. Әзірше менің талабымды орындағанша жұмыртқа менде кепілдікте қалады.


Жұмыртқаның үстінен таяғын көтереді Осы уақытта ішіндегі балапан жыбырлап жұмыртқа жарыла бастайды. Кащей жүрегін ұстап талып қалады. Күзетшілері сүйреп алып кетеді.

Мыстан:

Мен ақымақ енді маған ұшақ жоқ. Бірақ мен жұмыртқаға жолаған жоқпын ғой!



Осы кезде залға тауық кіріп келеді.

Тауық:

Мен баламның дауысын естігендей бодым! Біттей бөбегім, жарық дүниеге қош келдің! Шөжелерім қайдасыңдар!


«Балапан» биі

Жүргізуші:

Мыстан кемпір біздің аяз ата мен Ақшақарға не істеп қойдың? Неге оларды сиқырлап жібердің?

Мыстан:

Аяз ата мен Ақшақарды Қыс патшайымы сиқырлады.

  • Балалар кешіріңдер? Мен де сендермен бірге жаңа жылды тойлағым келеді.

Жүргізуші:

Балалар не істейміз кешііреміз бе?

Осы уақытта Қар патшайымының дауысын естіледі.


Ха-Ха-Ха боды мереке бітті, үйлеріңе қайтыңдар. Әйтпесе бәріңді суық ызғарыммен қатырып тастаймын.


Жүргізуші:

Қар патшайымы, Аяз ата мен Ақшақарды неге сиқырлап тастадың. Балаларға аяз ата мен Ақшақарды қайтар! Әйтпесе, сені ерітіп жібереміз.

Қар патшайымы:

Ха-Ха-Ха! Сендер қалай мені ерітіп жібересіңдер? Сендерден түк шықпайды.

Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алуға Мадакаскардан аңдар, Фиона мен Шрек келе жатыр. Олар да сені ерітіп жібереді.


«Аңдар» биі «Шрек пен Фиона» биі

Қар патшайымы:

Болды!Болды! Тоқтаңдар!

Билемеңдер! Жарайды, айтқанын болсын. Аяз ата мен Ақшақарды

Тары – бары растарбары,

Елка шырша каламбей,

Шуры муры, шарф вары

Самба ламба милки меу!


Осы кезде «сантаклаус» биі шығады.


Жүргізуші:

Енді аяз ата мен Ақшақарды шақырайық

Аяз ата, Ақшақар Ау-Ау!


Әдемі әуен естиіледі. Аяз ата мен Ақшақар келеді.


Аяз – ата:

Амансыңдар ма, балалар!

Алыс - алыс таулардан

Орман, тоғай баулардан

Асу – асу белдерден,

Өзендерден көлдерден,

Алыс сапар жол жегіп,

Жамандықпен алысып,

Жақсылықпен жарысып

Келіп жеттек сендерге.


Ақшақар:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме достарым!

Шыршаларың қандай тамаша!

Жасыл-желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, әсем шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған!


(Қолындағы такяқшасынан шыршаны көрсете бергенде шырша жарқырап жанады, айналады)


Жүргізуші:

Қош, келдіңіздер аяз –ата!

Амансыңба Ақшақар!

Шрек:

Аяз ата, ақшақар, қош келдіңіздер!

Бізбен би билеп, төрге шығыңыз!

Бар баланың қонағы

Төрлет, аға жоғары,

Енді дала алақай,

Әсем әнге толады!

Фиона:

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе, аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз!


Ән орындалады. Хоровод.



Ақша қар:



Балалар, шыршамыз біздің тамаша! Сендермен бір ойын ойнағым келеді.

Ал сендер ше?

Олай болса, мұқият тындаңдар. Қазір өздеріңмен «әр түрлі шыршалар» ойынын ойнаймыз. Егер мен «Үлкен» айтсам, онда сендер қолдарыңды жоғары көтересіңдер, ал егер «кішкентай» десем, онда отырып, қолдарыңды түсіресіңдер. Ал егер «кең» десем, онда қолдарыңды кең ашасыңдар. Ал бастаймыз.


(Музыканы қосып қою).



Аяз-ата:



Балалар, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бәріміз шаттанып ән салып, би билеп, ойын ойнаймыз. Менің де сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.


Ойын: «Сиқырлы таяқ»:


Жүргізуші:

Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып та кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін қуаныш болған барыс жылына рахмет айтып, шығарып салайық.



Хормен: Ескі жыл қайдасың?


Барыс:

Иә, достарым, Менің де бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым да жетті. Ән айтады.

Жүргізуші:

Қош келдің, Ескі жыл! Сіздің құрметіңізге ән айтылып, би биленуде. Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. «Ән көңілдің- ажары» демекші келесі кезекті әнге береміз.


Хоровод:


Аққала:

Ей, құрбылар, жарқын жақсы адамдар, Жыл келеді!, Жыл келеді!, Жыл келеді! Қараңдар!

Жүргізуші:

Қош келдің, Жаңа жыл!

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік

Жадырап ән шырқап тербенейік.

Төрлет, төрлет, халқымның

Құтты жылы!

Бәріміз дөңгелене би билейік


«Қоян» биі.


Барыс:

Мен ескі жыл барыспын,

Ал, Жаңа жыл, қош келдің!

Төрден орын ала біл,

Басқан қадамың құтты болсын!

Ырысың мықты болсын!

Жүргізуші:

Ескі жылым Барысқа мың алғыс!

Ризашылық білдіреміз бәріміз!

Барыс жылы біз үшін!

Тым ерекше жыл болды!


Жаңа жыл:

Мен - Жаңа жылмын!

Мен - Жаңа нұрмын!

Мен - Жаңа жырмын!

Баршаңызбен біргемін!



Тағат таппай күткенің

Бұл қоянның жылы еді.

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа нұр!

Айтпаса да байқаймын,

Көп сіздерге берерім.

Дәулет, сәулет, ырыс-бақ,

Қуаныштарға кенелген.

Білімге құштар түлектер.

Тілейміз сізге тілектер

Ұлттық біріңғай тестіден

Сүрінбей аман өтіңдер!


-Алло!. Алло!... (Біреу хабарласады)


Аяз ата:

Ал, балалар! Енді, біз жүретін уақыт та таяп қалды. Сіздерден басқа шаһардың елді мекендері күтіп отырған көрінеді. Енді біз Ақшақар екеуіміз кетейік. Сендер ойын-сауықтарыңды қыздырыңдар, думандатып тойлай беріңдер!

-Қош, сау болыңдар, балалар!





Барыс:


Бейбіт күнің жарқырап,



Қоштасамын бүгін мен.

Сіздерді қимас көңілмен,

Тарихтың еніп қойнына

Айтамын жүрек сөзін мен

Келер қоян жылында

Жақсылық көп болсын ортаңда.

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда,

Қоштасып қол бұлғаймын!

Қош, сау болыңдар!


Барлығы: Қош, сау бол, Ескі жыл!


Жүргізуші:

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген ғой дана халқымыз. Олай болса, келген 2011 жылдың ақ батасын алайық!



Жаңа жыл:



Берейін бата қолыңды жай,

Қыдыр, қолда тілекті

Толқытады көңіл жай

Жүзге тақау жүректі.

Жастарымыздың пәк сезімін берсін,

Қорадағы малымыздың семіздігін берсін.

Балаларымызға бақытты өмір беріп,

Жинаған ұпайлары асып төгіле берсін

Қадамыңнан бақ тамсын

Үміт, арман ақталсын

Жылдың басы биыл да

Берекемен басталсын!



Әумин!



Жүргізуші:



Құрметті ата-аналар және оқушылар! Келер жаңа жыл әрқайсысыңызға жаңа бақыт, жаңа жыр әкелсін!

Жаңа табыс, жаңа нұр әкелсін!


Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров355
Номер материала ДВ-150493
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх