Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты "Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды"

библиотека
материалов

«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»

Мақсаты :

Білімділік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысы мен оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: көпшілік алдында өз- өздерін еркін ұстай білуге, ұялмай сөйлей білуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: Патриоттық сезім қалыптастыру, Отанынның тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.



Көрнекілігі: слайдтар, қабырға газеті, буклеттер.



Сабақ барысы:

Мұғалім: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Балалар, патриот деген сөзді қалай түсінеміз?

Екінің бірін патриот деп айтуға бола ма?

Нағыз патриоттар кімдер?

1-оқушы: - Патриот-ұлтын сүйетін, Отанының тарихын, туған тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін дәріптейтін, өз елін биік тұғырға көтеретін тұлға.

2- оқушы: - Мысалы, мен өзімді нағыз патриотпын деп санаймын. Себебі өз Отанымды шексіз сүйемін,

3-оқушы: - Менің Отаным деп соққан жүрегімнің дүрсілінің өзі қаншалықты патриот екенімді көрсетіп тұрған жоқ па?

4- оқушы: - Тарих беттерін ақтарсақ, жер көлемі жағынан дүние жүзінде 9 орын алатын кең байтақ жерімізді кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізу үшін талай қанды қырғындарды көріп қасірет шеккен ата-бабаларымыз- нағыз патриоттар емес пе?

5- оқушы: - Дұрыс айтасың, ата-бабаларымыз ешқашан сағы сынбай, төзімділікпен күресе білген. 15-ке толған ұлды әскери өнерге баулыған. Олар қарудың қай түрін болсын ат үстінде шебер пайдаланған. Ерлік пен батырлық ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып сақталған.

6- оқушы: -Соған дәлел «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған тарихи оқиға. Жоңғарлармен күресте елімізді қорғап қалған Қабанбай батырды нағыз патриот дер едім.

7- оқушы: - Қаракерей Қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай

Шапырашты Наурызбай

Өңкей батыр жиналып,

Абылай салды жарлықты- дейтін Бұхар жыраудың өлеңіндегі тұлғалар- патриоттар.

Ән : Қара түнек серпілді, серпілді.

Ұйқысынан ер тұрды, ер тұрды.

Атқа мін, қазақ атқа мін,

Майданға, майданға.

8-оқушы: - Тарихымызға тағы үңілсек, елінің, жерінің талануына шыдамаған, орыс патшасына қарсы ұлт-азаттық күреске шыққан батыр Амангелді Иманов атамыздың ерлігін ешқашан ұмытуға болмайды.

ӘН : -Ардагер Амангелді - ердің ері

Кең байтақ, дархан дала - туған жері

Елі мен мекенінің туын ұстап

Елі үшін қан майданда аққан тері

9- оқушы: - Исатай, Махамбеттердей аталарымыздың ерлігін әсте ұмытуға болмайды. Олар да елі үшін күрескен нағыз патриоттар.

Орынбордың мемл. мұрағатында Махамбеттің қазасына байланысты қозғалған қылмысты іс материалдары сақталған екен. Онда М-ң өлімін көздерімен көрген екі әйелі 1846 ж. 31-қазанда: « -Осыдан 12 күн бұрын тама руының старшинасы Ықылас Төлеев, беріштің Есенғұл бөлімінің азаматы Жүсіп Өтеулин және өз ағайынымыз Мұса Нұралиндер тағы 12 адам жайық беріш М.Өтемісовтың үйіне келіп, адай руының биі Мауыттың 4жылқысын немесе олардың құнын қайтаруды талап етеді. М. мұны қайтармайтынын айтқанда дау туып,келгендер М-ке сұлтан Баймағамбет Айшуақовтың алдында жауап беруге жүруін талап етеді. Олбұған да қарсы болады. Арты төбелеске ұласып, сырттағы жендеттер көмектесіп, Жүсіп Өтеулин оның басын қылышпен ұрады. Жасақшылар басын шауып алып, сандықтағы ақша мен заттарын, 8 жылқы, 4 түйемен қосып әкетеді де, денесі дал-дұл киіммен қалады. Оны сол жерге жерлейді».

Көтеріліс қарулы күшпен басылған соң, 1838-46 жж.М. өмірі өкінішпен өтеді. Ол Нарын топырағын басуға, ағайындарымен араласуға тыйым салынған.Баймағамбет сұлтанның ұйымдастыруымен 1845ж. «М. жылқы ұрлаушы, ұрылардың панасы, ішкі ордадан қуылған адам».-деген арыз бойынша тұтқындауға шешім шығарған Сыртқы Орданың правителі Баймағамбет Айшуақов болатын. Арнайы жасақ құрып, тірідей ұстап әкелген адамға 1000 сом,басын әкелгенге 500сом сыйақы тағайындаған. Сұрап барған туыстары мен достарына басын бермей,М-ң көзін жойғаны үшін, патша үкіметінен Петерборға барып, генерал-майор шені мен «Қасиетті Анна» орденін алып қайтады.Махамбеттің кегін алмақ болған бажасы Асаубай Құдайкеұлы Баймағамбет сұлтанның жолын тосып, 1847 ж. 30 наурызында Елек өзенінен пароммен өтіп келе жатқанда, арқанды қиып жіберіп, суға батырып жібереді. Сұлтанның денесі сол беті табылмайды.

М. Шыңғырлауда жерленген басын ағайындары мен достары тауып алып, Индер көлі маңындағы Қараой деген жердегі денесінің жанына әкеліп, көмеді де тобылғы ешуақытта шірімейтіндіктен, соны белгі етіп, аяқ жағына көміп, белгілеп кетеді. Содан 1958ж. жерленген жері анықталады да 1959 жылы басына скульптуралық монумент қойылады. 1966ж. Махамбеттің денесін қазып алып, бет-бейнесін жасау мақсатында Ноэль Шаяхметов Гурьевке барады.Денесін қазып алып, зерттегенде басынан 4 рет ұрып, шауып алғанда да 3 рет шапқанын, бойы 168,7 см, қарулы болғандығы, ми қуысының көлемі М.Горький, Д.Менделеевтердің миынан да көп 1593 см.куб. болғанын анықтаған және скульптуралық мүсінін жасаған. Қаһарман ақын, халықтың ардақты ұлы, күйші-сазгер сүйегі 17 жыл бойы қағаз жәшікте жатып қалып, 1983ж. 15 мамырда қайта жерленген.(1970ж. Ноэль Мәскеуге көшіп кетіп, сүйегін апайының үйіне қалдырып кеткен.Сонда 10 жыл жатып қалған.)1995ж. Махамбеттің басына 12 қабырғалы мазар-ғимарат тұрғызылды.

10- оқушы: - Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының беттерін парақтасақ, аты аңызға айналған қаһарман батыр, жазушы Бауыржан Момышұлының жалынды сөздерін еске алмасқа болмайды.

11- оқушы: «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады, біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».

12- оқушы: Отанын сүймеген адам жас жанын қиып ерлік жасай алмайды.

Ән : «Соғыстан қайтқан солдаттар»

БИ : «КАТЮША»

Қара көз, қазақ қызы - Мәншүк батыр,

Тап берген дұшпанының замандасы.

Қиратып жаудың қанын судай шашты,

Ерлігі естен кетпес толып жатыр.



Жаулардың арасында жалғыз қалып,

Жасқанбай, жабырқамай қайраттанып.

Қиратып жаудың қанын судай шашты,

Ерлігі естен кетпес толып жатыр.

13- оқушы: - 20 миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай,

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Ән : Әлиядай - апамыз,

Бауыржандай - атамыз

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.



Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлиядай - апамыз,

Бауыржандай - атамыз.

14- оқушы : Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ,

Қара нардай қайыспас өр ерлерім,

Ар – намыстың туын қолдан берген жоқ.

Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.

ӘН «Жойылсын соғыс»

15- оқушы : - Халықтың жылдар, ғасырлар бойғы аңсағаны – еркіндік, тәуелсіздік еді. Осы жолға бастаған ерлеріміз де нағыз патриоттар.

16- оқушы: - Олар елі үшін, жері үшін жас өмірін қиған Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбековтер.

17- оқушы: - Шүкір бүгін еркін елміз, азатпыз,

Көк байрағын желбіреткен қазақпыз.

Ардагерді ардақ тұтқан ағайын,

Өйте алмасақ өзге жұртқа мазақпыз.

18- оқушы : Сол ерлерім осы күнге жеткізген,

Сол батырлар қазақты қазақ еткізген.

Нардай болған патриот тұлғалар

Ұрпағына ерлік дәнін еккізген.

Ән «Қазағым менің»

19- оқушы: Осы тарихи Отанымызды бізге аман-есен жеткізген ата-бабаларымыз. Ендеше өзін қазақпын деген әр азамат өз елін, өз жерін сүйіп, Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, басқалардан осыны талап етулері керек.

20- оқушы : Жеңісіңді бағалай біл, ағайын,

Десең егер, «қыраным көкте самғасын».

Бұл жеңісті мұраға емес, бабадан

Ұрпағыңа аманатқа алғансың!

21- оқушы: - Аталарым қиындықты көп көрген,

Сүрінбеген талай қиын өткелден.

Сол жандардың аңыз болған ерлігін,

Жиі еске алып, мақтан етем, бүгін мен!

ӘН : «Ақ кептерлер»

Мұғалім: Иә, сендер тәуелсіз елдің жас өрендерісіңдер. Отанымызды әлем таныды. Қазақ деген қабырғалы ел, қайсар халық бар екенін мойындады. Отан үшін өз Отанын сүйген ерлеріміз қасық қаны қалғанша күресіп, батыр атанса, Абай, Ахмет, Міржақып сынды аталарымыз халық мұңын жырлады. Біз елімізді сүюді сондай тұлғалардан үйренуіміз керек. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екніңді ұмытпа» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев аталарың айтқандай, өз Отандарыңды, еліңді, жеріңді қорғауға дайын патриот болуға әрқашан дайын бол.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров521
Номер материала ДВ-494273
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх