Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Құқық - әділет парасат жолы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты "Құқық - әділет парасат жолы"

библиотека
материалов


Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

мемлекеттік мекемесі





Құқық-

әділет пен парасат жолы

/ Танымдық сайыс /
















2014-2015 оқу жылы


Құқық- әділет пен парасат жолы


Мақсаты : Білімділік : Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, білімдерін тереңдету

Тәрбиелік : Конституцияны, т.б. заңдық күші бар нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, Заң алдындағы жауапкершілігін артыру, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сабақ түрі : Танымдық сайыс

Сабақ әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап Иллюстрациялық тәсіл, Шешендік сайыс, Сөзжұмбақ жарысы

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі . Интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:

Кіріспе сөзді мұғалім бастайды

-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Тақырыптың өзектілігін дәлелдеу үшін ҚР Президентінің 2006ж 1-наурызындағы Жолдауына тоқталсақ, онда демократияны, саяси жүйені, құқықтық тәртіп пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне, азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарының орындауын қамтамасыз етуге ерекше мән берген.

Президет Жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы, заң қалай бұрсаң солай бұрылатын тәрке емес екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құра алмайтындығымызға баса назар аударылған. Адамның және азаматардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.

-Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Біздің мектептің -сынып оқушыларынан құрылған «Ф» және ә «Э» топтарының құқықтық білім сайысын тамашалаңыздар

Ойынға екі топ қатысады. Ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді

Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  1. Шынығу кезеңі.

  2. Өз тобының атын қорғау

3. Тарих тереңіне үңілсек

4. Құжатты тани біл

5. Ой елегінен өткіз

6. Ойды аяқта

7. Диктант

8. Қорытынды кезеңі

І.«Шынығу» кезеңі.

Шатасқан сөздерді тауып мағынасын айту.

Оқушы дайындықсыз жауап беріп, бір ұпай жинайды.

І- топ

  • Адвакато- Иваз- Инзцял

І- топтың жауабы

  • Двакато- азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде анықтама береді.

  • Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

Дұрыс жауаптары:

Двакато- адвокат Иваз- виза Инзцялеи- лицензия

ІІ- топ

  • Енцрауз- Цакия- Аңзегр-

ІІ- топ жауаптары

  • Енцрауз- бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

  • Цакия- бағалы қағаз.

Аңзегр- арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

Дұрыс жауаптары:

Енцурауз- це нзура Цакия- акция Азңегр-заңгер

ІІ. Өз тобының атын қорғау.

(сөзжұмбақ)

Әр топ сөзжұмбақ ретінде мұғалім берген тапсырманы дұрыс орындап, терминдер атын дұрыс жаза білсе, өз тобының атын шығарып алады

Сөзжұмбақты жылдам, қатесіз, бірінші болып шешкен топ 10 ұпай алады.

Сөзжұмбақ «Фемида» сұрақтары

1. Маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу немесе заң қабылдауды бүкіл халықтық дауыс беру арқылы шешуді қалай атаймыз? (Референдум)

2. Мемлеккеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғымды білдіретін атау (Егемендік)

3. Қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? ( Мемлекет)

4. Мемлекеттің негізгі заңы ... (Конституция)

5. Халық биліктің қайнар көзі ретінде танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдастыру формасын ата (Демократия)

6. Адамдардың жүріс-тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп, реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық, ереже. (Заң)

Сөзжұмбақ «Эрудит» сұрақтары

1. Карл Маркстің досы (Энгельс)

2. Пирамида және сатылы форма сипатында құрылған (басқару) жүйесі (Иерархия)

3. Сотта куәлік беретін адам (Куәгер)

4. Заңдар жинағын жасау (Кодификация)

5. Саясатта партиялар мен қозғалыстардың қаншалықты танымал екендігін

білдіретін белгі (Рейтинг)

6. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын

орган ( Сот)

ІІІ. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі

Әр топқа әлемдік құқықта , тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі. Тапсырма күрделі болғандықтан оқушылар мұғалімнен көмек сұрауына болады.

«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы бойынша

1. Салон заңдары

2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Орыс шындығы «Салистік шындық»

4. Ману заңдары (Үндістан заңдары)

Дұрыс жауыбы (хронологиялық тізбек бойынша)

1. Ману заңдары (Үндістан заңдары)

2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Салон заңдары

4. Орыс шындығы «Салистік шындық»

«Фемида» тобына Қазақстан тарихы бойынша

1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2. Шыңғыс ханның жасасы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Қасым ханның қасқа жолы

Дұрыс жауыбы (хронологиялық тізбек бойынша)

1. Шыңғыс ханның жасасы

2. Қасым ханның қасқа жолы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

IV «Құжатты тани біл» кезеңі

Мұғалімді ұстаз ретінде сыйлауға, білімді меңгеруге, қатыгездікке, өтірікке қарсы күресуге, қоғамды силауға, сауда-саттықпен айналысуға, ішімдікті ішуге, шылым тартуға арналған, т.б. заңды құжаттардан үзінділер оқып оқущыларға таптыру

Берілген немесе ұсынылған құжаттың ресми дұрыс атауын айту. Дүрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.

1 тапсырма «Фемида» тобына

Жұмағалиев Асқар Болатұлы 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 2006 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің толық курсын аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестаттау комиссия шешімі бойынша тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі берілді. Ол қандай құжатқа ие болды? (жоғары білімді маман екенін дәләлдейтін құжат диплом)

2 тапсырма «Эрудит» тобына

Азамат Болатов Абай Темірұлы

Туғант жылы 21. 07. 1990

Туған жері: Кеңжыра ауіылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан

Республикасы

Бұл жөнінде туу туралы актілерлі тіркеу кітабынла

1990 жыл шілде айының 24 күні жазылды

Әкесі Тоқтаров Темір: Болатұлы

Ұлты: қазақ

Шешесі: Мұратова Сайлаугүл Байсақалқызы

Ұлты: Қазақ

Тіркелген орны: АХАЖ Жансүгір кенті

Берілген уақыты: 24 шілде 1990жыл

Бұл қандай құжат? (Туу туралы куәлік)

V «Ой елегінен өткіз» кезеңі

«Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң, сызып таста». Берілген тапсырмадан артық сөз, ұғымдарды сызып , қателерді айтады.

«Фемида» тобына

Оқушының құқықтары:

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға , қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға

«Эрудит» тобына

Оқушы міндеттері:

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарды жаздыртуға, үй тұрғызуға, оқулығын күтіп ұстауға, т.б.

ҮІ. «Ойды аяқтау» кезеңі (мақал-мәтелдерді аяқтау)

Ойды жылдам , сауатты аяқтай білген топ мүшесі 1 ұпайға ие болады.

1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)

2. Біреуге ор қазба- ... (өзің түсесің)

3. Заңның құрығы - ... ( бәрінен ұзын)

4. Өтіріктің құйрығы ... (бір-ақ тұтам)

5. Тура биде ... (туыс жоқ)

6. Туғанды бидде ... ( иман жоқ)

7. Қолыңмен істегеніңді ... (мойныңмен көтер)

8. Еңбек түбі ... (зейнет)

VII Диктант кезеңі

І- топ «Эрудит»

1.Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жинтығын ........................... деп атаймыз.

2. Адам тәртібінің конвенционалды нормалары деп ....................... айтамыз. 3.Құқықтың пайда болуы ......................... пайда болуымен байланысты.

І-ші топтың Жауабы

1.Этикет .2.Мемлекет . 3.Құқық .

ІІ топ «Фемида»

1.Мемлекет тарапынан заңдандырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ................... деп атаймыз.

2. ....................... – мемлекеттің негізгі заңы.

3. Нормативтік құқықтық актілерге ...................... жатады.

ІІ- топтың Жауабы

1.Заң . 2.Нормативтік актілер. 3.Әлеуметтік нормалар Мораль

VIII Қорытынды

Мен жігіт 15-30 арасында

Бұл шақта көп бересім, аласым да

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп

Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ құрылысшылары, құқықтық мемлекетімізді құруға ат салыса отырып, Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.

Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар сөзі. Жеңімпаздарды мадақтау, құттықтау. т.б.)


Осымен «Құқық-әдіет пен парасат жолы» атты сайысын аяқтаймыз.




































Сайыс кезеңдері:


1. Шынығу кезеңі.

2. Ойды аяқта.

3.Тарих тереңіне

үңілсек

4. Құжатты тани біл

5. Ой елегінен өткіз

6. Өз тобының атын

қорғау

7. Құқық қорғаушылар

сапарға шығады

8. Қорытынды кезеңі

«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы

бойынша

Хронологиялық ретімен орналастыр


1. Салон заңдары

2. Хаммурапи заңдары

(Вавилон заңдары)

3. Орыс шындығы

«Салистік шындық»

4. Ману заңдары

(Үндістан заңдары)









«Фемида» тобына Қазақстан тарихы

бойынша

Хронлогиялық ретімен орналастыр


1. Тәуке ханның «Жеті

жарғысы»

2. Шыңғыс ханның

Жасасы

3. Есім ханның ескі

Жолы

4. Қасым ханның қасқа

жолы


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-308141

Похожие материалы