Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты; Кітапхана - рухани байлық ордасы.

Тәрбие сағаты; Кітапхана - рухани байлық ордасы.

Скачать материал

Кітапхана-рухани байлық ордасы»

Тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу,

кітапты насихаттау.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер

Кітапханашы: Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, ең алдымен ұрпағымыз білімді, рухани деңгейі жоғары болуы қажет. Ол үшін адам көп оқып, көп ізденуі керек. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық .

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге»

Абай Құнанбаев

Бүгінгі өтетін іс-шарамыз білім көзі болып табылатын кітаптар тұрағы, рухани байлық ордасы - кітапхана туралы. Іс-шарамызға қош, келдіңіздер!

1 жүргізуші:

Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп, көріп санаңа

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап -білім бұлағы»,

Кітапхана сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың,

Анық тағы білімпаз болып шығары.

2 жүргізуші:

Оқырмандар мен білімпаздар мекені

Бәріңе аян кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын,

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

Өмір мәні-өнер менен білімде

Құштар болсаң көп құмартып білуге

Қарсы алып, сен дәйім күлімдеп

Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.


1 жүргізуші:

Қазақ халқы кітапты қасиетті, құдіретті зат деп түсінген. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы», «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес» деп кітапты жоғары бағалаған.

2 жүргізуші:

Кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Кітап-өнер, кітап-білім бұлағы, адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр.

1 жүргізуші: Бүгінгі пікір алмасуымызды бастасақ, алдымен кітап деген не, не үшін қажет?

2 жүргізуші: «Кітап-ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» дегенді қалай түсінесіздер?

1 жүргізуші: Алғашқы кітаптар қандай болды? Қағазды кімдер ойлап тапты?

1 жүргізуші: Кітапханалар жайлы не білеміз?

2 жүргізуші: Қазақстанда кітапхана қашан пайда болды, қайда?

1 жүргізуші: Неліктен «Кітапхана – рухани байлық ордасы дейміз» ?

2 жүргізуші: Қандай әдеби кітаптарды ұнатасыз?

1 жүргізуші: Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?

2 жүргізуші: Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық .

1 жүргізуші: Кітапхана қызмет көрсету бағытына қарай: ғылыми кітапханалар, көпшілік кітапханалар, балалар кітапханалары және оқу орындары кітапханалары болып бөлінеді.

Кітапханашыға әр түрлі саладағы кітаптар мен ақпаратты сақтап, реттеп дер кезінде, тез арада оқырманға жеткізілуіне кітапхана-библиографиялық жіктеу көмекке келеді.

2 жүргізуші: Кітапхана туралы слайд.

Ғылымның мынандай бөлімдері бар:

1. Жалпы ғылыми және пәнаралық білім.

2. Жаратылыстану ғылымдары.

3. Техника. Техникалық ғылымдар.

4. Ауыл және орман шаруашылығы.

5. Денсаулық сақтау. Медицина.

6. Қоғамдық ғылымдар.

7. Мәдениет. Ғылым. Ағарту.

8. Филология ғылымдары.

9. Әмбебап мазмұндағы әдебиет.


1 жүргізуші: Осы ғылым салаларының қайсысы болсын өз тарихы, негізін қалаушылары бар. Ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап. Кітап ғасырлардан ғасырға өз қазынасын сақтап, жеткізбесе Күлтегін, Қорқыт, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Абылай хан, Шоқан Уалиханов және басқа ақын-билер, қоғам қайраткерлері туралы мәлімет біздің заманымызға дейін жетер ме еді? Кітаптың арқасында ғасырлар бойғы адамзат тәжірибиесі жинақған ой маржанымен таныса аламыз.

2 жүргізуші: Осы асыл қазынаны өміріңе серік етіп, кітап сүйер қауым қатарына қосыл, жас дос!

Кітапханашы:

Кітап көпті көрген көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да, сырласың.

Білімді сүйсең кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досына,

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Кел, жас дос, ізденейік қосыла.

Кітап көрмесімен танысу.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты; Кітапхана - рухани байлық ордасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 10872
    • DOCX 16.6 кбайт
    • 125 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акбаева Жанна Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акбаева Жанна Аскаровна
    Акбаева Жанна Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29008
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой