Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты «Көктем –ана, қыздар-гүл»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тәрбие сағаты «Көктем –ана, қыздар-гүл»

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Көктем –ана, қыздар-гүл»
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат.

Мұғалім:

Көлде аққу көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көкткем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Көтемнің күнін қарсы алып,

Бүгін елім тойлаған

Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймын!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!

(Сахнаға 2 оқушыі шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті  ұнұн , басында повор шапкасын киіп).

Аспаз:

Торт пісіру-оңай ғой,

Тек батыл болу керек.

7 жұмыртқа,азғана ұн керек

3 ас қасық бұрыш

Жоқ әлде олай емес па?

Олай емес қой!

Мен тіптен шатасып кеттім.

Мұнда бұрыш салмайды ғой!

3 сағат болды осылай жүргеніме

Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім

Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш

Мүлдем тортқа ұқсамайды.

Тігінші:

Сүйікті анама арнап,

Алжапқыш тіккім келді.

Сүйікті анама арнап,

Көйлек үлгісін де салдым.

Бір дегенде дайын болар,

Мұндай жұмыс маған қиын емес!

Не болғанын білмедім?

Қолымнан ештеңке де келмеді...

Анашымды немен таңқалдырамын енді?

Мынаны сыйға тартамын ба?

Бұған анам қуанбас!

Аспазшы: - Достым, бізге басқа сыйлық жасауға тура келіп тур.

Тігінші: «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, оданда қолдан келетін өнерімізбен таңқалдырайық(екеуі шығып кетеді).

Хор:"Аналардың тірегі"

Мұғалім:

Қаусатып,қар боранды,

Көктем қайтып оралды.

Таулар тастан ақ тонын,

Көк торғынға оранды.-деп кезекті аналарымызға арналған тақпаққа берейік.

Ақниет: Мамам менің, ақ мамам, 
Менсіз таңы атпаған. 
Менсіз күні батпаған, 
Мен ұйықтамай жатпаған. 
Менің мамам, ақ мамам

Д.Диас Жанымызды жайнатқан,
  Сіздер ғой аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
  Тілейміз біз балалар

Қабылғажы: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен

Ән:"Аяулы анашым"
















Нұрай: Адал бол деп-балдырған
                Әділдікке баулыған
                 Жүрегінде махаббат
                 Тілегің де мархаббат
                 Анамызға мың алғыс!!!

Айсұлтан: Аппақ мамам, ақ мамам
             «Ақ  мамам!» - деп, шаттанам
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
             «Бөпешім!»- деп жатпаған.

Фатима: Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!

Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап) Дамир маған қарашы мен әдімімін   бе?
                2ұл: И....и... Арсен саған не болған?
                1ұл : Не болушы еді,  қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
                2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,ал біздің қыздар күннен  күнге құлпырып бара жатыр.

 1ұл:Ия... (күрсініп)  Бірге: Олай болса қыздардың орындауында.  
 Би: "Кемпірқосақ"

Дамир: Сегізінші наурыз келді,
              Шаттық сезім, ой келді.
              Қуанышты күні енді,
              Құттықтаймыз сіздерді.
             Жанымызды жайнатқан,
             Сіздер ғой аналар
              Зор денсаулық, мол бақыт
             Тілейміз біз аналар.

Ақмарал:Баласы үшін анашым  
                  Күндері аз ғой көз ілген
                  Ардақты ана қарызбын өзіңе
                  Жүрегіңнен   күн мейрімі төгілген
  Алинұр:Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
                  Сақтандырып күнде еккен
                  Айтып бәрін үйреткен
                 Анамызға мың алғыс
А.Диас Ерлік еткен біз үшін,
               Еңбек еткен біз үшін
               Еркелеткен біздерді
                Еркіндеткен біздерді  
                Анамызға мың алғыс

Ән:А.Назерке мен Қ.Фатиманың орындауында "Көңілді күн"

Мұғалім:

Үйреткен сөз мәнін,

Тіліміз-сіз,әже.

Жарқыраған әрдайым,

Күніміз сіз әже-деп кезекті әжелерімізге арналған тақпақтарымызға берейік!

Назерке:Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.

Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын

Ақжан: Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді

Аяла: Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз

Үйреткен сө мәнін,

Тілімі сіз әже.

Жарқыраған әр дайым,

Күніміз сіз әже.

Ойын "Үндемес"

Ойын шарты:екі бала шығып біреуі суретті ымдау арқылы түсіндіреді екінші бала табу керек.

ӘН :Боз торғай

Ойын:"Кім жылдам"

Шарты: 4 ана шығып қуыршақтарды ору керек аналардың сол қолдарын байлау керек.

Би:"Ұлдар биі" қабыл алыңыздар!


Арсен:Адал бол деп-балдырған
Әділдікке баулыған
 Жүрегінде махаббат
 Тілегің де мархаббат
  Анамызға мың алғыс

Дінмұхаммед:Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Марлен:Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз

Ән:

Мұғалім:

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Көктем гүлін біз тойлап,

Шаттанайық бәріміз-дей отырып қыздардың орындауында бәрі жақсы биін қабыл алыңызда!

Ойыны:"Аспазшы ана"

Шарты:Әр түрлі тағамның құрамы айтылыды қай тағам екнін табу керек.

Наурыз көже құрамы: еті, су, бидай, күріш, жарма, тұз, қатық, құрт

Кемпір қосақ салаты: қызанақ , жүгері,қияр,кептірілген нан,ірімшік,қаймақ"мойенез",жұыртқа.

Винегрет салаты: қызылша ,пісекен кортоп,сәбіз,қырыққабат немесе қияр ,күнбағыс майы.

Тұшпара: су, ұн,тұз,ет,ұнтақ бұрыш,пияз.

Би:Гратция

Хор:

 Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

 Қош болып тұрыңыздар көріскенше

 Осымен концертіміз аяқталды.




 












Тақырыбы: Үйшік. (орыс ертегісі)

Мақсаты: 1.Орыс халық ертегісін түсініп оқу. Диалог құрап ертегіні сахыналау 2.Қызуғушылықтарын арттыру 3.Адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1.Ө.Ақыпбековтың «Наурыз жыл басы.» өлеңін мәнерлеп оқыту. 2.Өлеңді 2 бөлікке бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз сөзіңмен әңгімеле. 1- бөлік Көктем мезгілі. 2- бөлік Наурыз мейрамы. 3. Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

ІҮ. Жан-жақты білімін тексеру.1. Қандай орыс ертегілерін білесің? (Бауырсақ).2. Сызбаны толтыр. Ертегілердің қандай түрлері бар

Ү. Жаңа сабақ:1. Сюжетті суреттер бойынша «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. 2. Ертегінің мәтінің 4-5 оқушыға дауыстап оқыту. 3. Іштей оқыту

ІҮ. Сергіту сәті

Ү Сабақты бкекіту:1. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диолог) құрап, ертегіні сахналап көру. 1-топ Тышқан мен бақа 2-топ Қоян және басқа аңдар 3-топ Түлкі және басқа аңдар 4-топ Қасқыр және басқа аңдар 5-топ Аю және басқа аңдар

ҮІ Сабақты қорыту

1. Адасқан сөздер ойыны.

Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін көрсет

Секіріп

Алақ-жұлақ етіп

Қорбаңдап

Жүгіріп

Ытқып-ытқып

Қуанып

Түлкі

Аю

Қасқыр

Бақа

Тышқан

Қоян

2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.

Бірлік болмай тірлік болмас. Ырыс алды ынтымақ.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едің?

Мақал-мәтелдердің ертегідегі оқиғаға қатысты екенін дәлелдеп көр.

ҮІІІ Үйге тапсырма бағалау

1. Ертегіні оқып, мазмұнын айту 2. Сурет салу ( Кейіпкерлердің суреті)

3. Мақал-мәтелдерді жаттау, толық мазмұнын ашу 4. Бағалау





Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-565068
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх