Инфоурок Русский язык КонспектыТәрбие сағаты "Көктем аруы"

Тәрбие сағаты "Көктем аруы"

Скачать материал

Тақырыбы: «Көктем аруы» мерекелік шара

Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күіне байланысты студенттердің адамгершілік, сыйластық қасиеттерін арттыру. Оларға эстетеикалық, этикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Компьютер, плакат, презентация, видеомонтаж, гитара

Өтілетін орны: 304 аудитория,  05.03.2016ж , сағ:11:40

 

«Көктем аруы»  мерекелік  шараның  сценарийі

 

Асель     Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, ардақты ұстаздар, әдемі арулар! Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Каламкас        Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілей отырып осынау мерекеге арналған 201ИС тобының жігіттерінің мерекелік іс шарасын бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

2-жүргізуші:  Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам. 

1-жүргізуші: 

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,  Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұлдарыңыз жүрек жарды тілектерін ұсынады.()

1 студент

Алтын әжем менің!

Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре беріңіз! Мерекеңіз құтты болсын!

2 студент Құрметті аналар! Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер. Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!

3 студент

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді бүгінгі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр адамның жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
4 студент Қыздар, қызғалдақтар,

 мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз! Ғұмырыларыңыз ұзақ, махаббаттарыңыз баянды болсын! Бұл мереке сіздерге бар бақытты себелесін!

2-жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... студеттеріміздің орындауындағы «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік сезіммен

Арнаймын сөзімді

Қайырмасы

Көргенше алаңмын

Аңсаймын толғанам

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған

2

Бөбегің оянса

Ұйқыңнан мың тұрдың

Гүліңмен балауса

Көктемдей құлпырдың

Қайырмасы

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. 
Ойын:
Шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады.Мұғалімдер сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап береді

1.     Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.     Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.     Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4.     Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.     Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.     Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-жүргізуші: 

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Студенттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін ұстаздарға бағыштайды,-дей отырып,  «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
«Ұстазым»
Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
 
Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады
 
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
 
Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.  Студенттер кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Колледждегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Колледжіміздің ең-ең бұзық студенті кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

1-жүргізуші: 

Өмір саған жылы сөзін арнасын,

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын

2-жүргізуші: Келесі кезекті топтың сері жігіттерінің атынан ару қыздарымызға арналған әнге береміз

Қаракөз, ең алғашқы сүйген қызым,
Көктемім, жазым менің,кузім,қысым.
Армандап, жыл мезгілін қалай күтсем,
Олда менің көптен күткен аққу құсым.
Қалар ма махаббаттым қаламқасым,
Қолдан ұштың қанатты карлығашым,
Аймалап аялаған күндерімді
Қалайша сен есімнен шығарсың!?.
Қ-сы
Алтыным менің…
Кете бардың, амалым жоқ қала бердім.
Жүрегім кеудеме сымайды-ау,
Сол менің жүрегімді қинайды.
Алтыным…

1-жүргізуші: Қызғалдақтай құлпырған қыздар! Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек сіздерге арналсын. Жандарыңызға жылылық, жүректеріңізге ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсыздар!

 

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...

Көрмейсің ғой кереметті мендегі.

Түсінсеңші сарсаң болған пендені,

Түсінсеңші!

Ақыл-ойым кем бе еді?!

Hегe бұлай?

Heгe жүрміз көңілсіз?

Кетем бе деп қапаланып өмірсіз

Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға

Мен болмасам, бола ма сол аман ба?

О, Тәңірім неткен жан едің

Жүрегің еттен бе әлде қоладан ба

Шын ғашықпын несіне оны жасырамын

 Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған

Сырымды айтып ән арқылы өзіңе

 Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме

 Кездескенде күлімдеші сен маған

Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе

Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын

Сені көрсем бұл әлемге симаймын

Бір сен үшін осы әнді арнаймын

Сен үшін дала гүлін жинаймын

Бір-ақ бұл өмірде қыздар деген көп екен

Көп болғанымен бұрынғысы жоқ екен

 Аққу болып, көктем болып келші сен

Көп кідірмей жауабыңды берші сен

Жүрегің тастан ба әлде мұздан беді

Әлде менен жақын бір жан бар ма еді

Көңілімді суыттың үнсіз қалып

Мен енді жұмбаққа айналсам қызғанба енді

Қызғанба енді біреумен билесемде

Шақыра ғой басқаны биге сенде

Мен жүрейін жанында жат біреудің

 Өлең оқып берейін сүймесем де

 Ішімнен ондай ешкім жоқ десем де

Басқа жанды бақытты етпесем бе

Қайғыдан қалай аман жүр екен деп

Қайран қалам қасірет шекпесем де

 Кетер болсаң тезірек ұмыт бәрін

Көз алдымда тұрмасын қылықтарың

Ұмыт бәрін жиам деп әуре болма

Таңғажайып сәулесін сынықтарын

Кездерді ұмыт бөлмеде симай күлген

Кездерді ұмыт ерекше силай білген

Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен

Шынымды айтсам, мен сені ешкімге де қимайды екем

 


2-жүргізуші:

Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,

Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.

Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,

Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.

Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,  

Берекелі шаңыраққа қонғайсың - дей келе біздің топтың ханшайымдарына арналған «Ханшайым» әнін қабыл алыңыздар


 

Жанына салып сенин байкамай мұң 
Сүйемин депте сирек кайталаймын
Касымда журген сон биіктігінде 
Көп байкамаймын.....
Соктырсада катал кундер ызгарын 
Кабағынды маган мулде бузбадын
Жүзик пен емес биз 
Жүректеримизбен биргемиз жаным

Ханшайымымау 
Жүрегимменен ошагыммын иеси 
Шанырағыммен шаттыгымнын киеси 
Ыстык сезиммен унсиз гана суйесин 
Ханшайымымау
Бағымды менің жалғыз озин еселер
Бағымнын гүли болып бакыт кеше бер 
Бағана жетпей жатсам егер кей кезде
Сен кеше гөр

Басымдыда озин төрге сүйреген
Ешбір адам мені сендей сүймеген
Тілегім сол ғана 
Өмірлік біздерді бөлмесін дегем

 

1-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала студенттер мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.

2-жүргізуші:

Өмір саған жылы сөзін арнасын,

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

 Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.  Ал, қанекей қыздар ендігі кезек сіздердікі. Берілген стикерлерге аналарыңызбен ұстаздарыңызға арналған игі тілектеріңізді жазсаңыздар.
1-жүргізуші: 
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

1-жүргізуші, 2-жүргізуші: Ендеше, бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналарымызды, мейірімді әжелерімізді, ардақты ұстаздарымызды, әдемі аруларымызды сыйлап, құрметтейік! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Көктем аруы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 879
    • DOCX 31.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кушербаева Жанат Умирбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кушербаева Жанат Умирбайкызы
    Кушербаева Жанат Умирбайкызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8311
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Лингвокультурологический подход в обучении русскому языку как обеспечение принципов и требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 653 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 518 человек