Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты: «Көктемді қондырып қанатына »

Тәрбие сағаты: «Көктемді қондырып қанатына »

Скачать материал

Тақырыбы:  «Көктемді қондырып қанатына »

 

  Мақсаты:

1.Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру.

2.Дүниетанымын кеңейту,ой-өрісін дамыту.

3.Табиғатты сүюге,құстарды аялауға тәрбиелеу.

    Адамгершілік,экологиялық тәрбие беру.

  Көрнекіліктер: суреттер,атрибуттар,құс ұялары,нақыл сөздер безендірілген бөлме,кітаптар.

  Сабақтың түрі: сынып сағаты.

  Сабақтың формасы: топтық жұмыс.

  Қолданылатын жаңа технологиялық әдіс: деңгейлік тапсырмалар,ой шақыру.

Сынып сағатының барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

3.Сынып сағатының мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

ІІ.Тақырыпты ашу:

1.Ой шақыру:

 

 

Шуақты күн,жер қарайды

 

 

Жаңбыр жауды                                                                             Күн жылынды

 


Көктем

 

 

Күн ұзарды,түн қысқарды                                                             Құстар келді

 

 

Жасыл желек

 

1-жүргізуші:

Ал,балалар,халайық,

Бәрің бері қараңдар,

Тіршіліктің бастауы

Көктем келді далама

Құстармен бірге көктемді қарсы алайық. (Музыкамен,қошеметпен Көктем келеді)

 

 

 

2-жүргізуші:

Көктем келді,міне,жайнап,

Құс қанатына қонып алып.

Құс біткеннен төгіліп ән,

Көктемдейді,көктем әнін.

Көктем:

Сәлем,достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Құс көктемнің жаршысы,

Қуантамын бәріңді.

Құс мереке күнімен.

1-жүргізуші:

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп.

Көрікті көктем келді,алақай!

«Келді көктем далаға» әні орындалады.

  Көктем: - Балалар,сендер топқа бөлініп отыр екенсіңдер.Ендеше,мен жұмбақ

жасырайын.Жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар,менің жанымдағы құстардың аттары,сол топтың аты болады.Жұмбақтың шешуі неде? Қандай құс?

1.Түсі қара мақпалдай,                       2.Орманда жоғары

Төсі ақ сыр жаққандай.                      Ағашқа қонады.

Ұшса оқтай зырлайды,                      Тұмсығын балға ғып

Көктен жұлдыз аққандай.                 Тоқ- тоқ соғады.

І топтың аты: «Қарлығаш».              ІІ топтың аты: «Тоқылдақ».

3.Заң жоқ еш уақытта                        4.Биікте ұшып жүреді,

Оларды атуға.                                      Елік,қоян бүреді.

Түсі де аппақ,                                       Қия таста ұясы,

Аты да аппақ.                                       Бұл қыран,оны кім біледі?

ІІІ топтың аты: «Аққу».                      ІV топтың аты: «Бүркіт».

5.Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты?

Аты қалай аталады?

V топтың аты: «Ақ көгершін».

(Әр құс өз тобына барып отырады,көктем сабақты ары қарай жүргізеді).

 

1-тапсырма. Әр топ өз атын қорғайды.

  1.Сипаттау.

  І топ: Қарлығаш-адамның досы.Үйге ұшып кіреді,шыбынды құртады.Ел аузында санитар-тазалықшы деп атайды.Төсі-ақ,құйрығы-айыр.

  2.Қарлығаш әулие туралы хикая.

3.Сергіту жаттығулары:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат жаяйық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып қонайық.

4.Сурет салу,тақтаға ілу (үй тапсырмасы).

 

  ІІ топ: 1. Тоқылдақ – орман дәрігері,орман құсы.Балға тұмсығымен ағаш қабығының зиянкестерімен күреседі.

2.Орман іші солқылдап,

Жаңғырып тұр түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен.

3.Өлең құрастыру.

4. Сурет салу,тақтаға ілу (үй тапсырмасы).

 

  ІІІ топ: 1. Аққу -  достықтың махабаттың белгісі.Құстың сұлуы,табиғаттың көркі.

2.Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көрік сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген,

Атуға мені қимаған.

3.Ән айту.  «Құстар»

4. Сурет салу,тақтаға ілу (үй тапсырмасы).

 

  ІV топ: 1. Бүркіт – біздің елімізде бүркіттің жеті түрі бар.Олардың арасында ерекше ғажабы қыран бүркіт.Құс бегілері аң аулау үшін,құс салған,құс аң алған.Бүркіт қыран құс.

2.Бүркітті қолыма аламын,

Құсбегілік құрамын.

Таумен тасты аралап,

Түлкіні мен қуамын.

3.Жұмбақ.

4.Сурет салу,тақтаға ілу (үй тапсырмасы).

 

V топ: 1. Ақ көгершін – бейбітшілік құсы.Қолға үйретілген,ақ қанатты нәзік.

2.Көгерсін жер көгерсін,

Ел ырысқа кенелсін.

Бейбітшілік жаршысы,

Біз ақ қанат көгершін.

3.Құрастыру.

4. Сурет салу,тақтаға ілу.

 

2-тапсырма: «Құстар туралы кім көп біледі?»

 

  1.Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.Қазақстан Республикасында 474 құстың түрі бар екен.

  2.Үйіміздің маңайында жүретін кіп-кішкентай торғайдың өзі 1 жылда 4 млн.-ға жуық жәндік жейді.

  3.Халық «Көкек келді дегенше,көктем келді десеңші»,-дейді.Көктемнің тамаша бір айын « Көкек » деп атайды.Қадір мен қасиеті онша емес осы құстың жақсыл-

лығы бар екен.Өз ойын дәл жіткізеді.Көкек бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,

4 өрмекші,зауза қоңыздарының 5 жұмыртқасын жейді екен.

  4.Тырна өте сақ құс.Ол су құсы.аспанда үшбұрыш жасап,тізбектеліп ұшады.ол су қатқанда,күздің соңғы айына қарай қайтады.

 

3-тапсырма: Ең ... ең ... ең ...

 

  7.Құстардың ең қырағысы – сұңқар.Ол 1 км қашықтықта титімдей жәндікті көреді.

  8.Құстардың ішіндегі ең жүзгіші – пенгвин.Ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.

  9.Дүниеде күн көзіне қарай алатын құс – бүркіт.

  10.Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс – үкі.

 

4-тапсырма: «Табиғат сырын құстар да біледі».

 

  12.Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды.

  13.Қарғалар топтанып қарқылдаса,аяз болады,ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.

  14.Құс жүнін үрпитсе жаңбыр жауады.Ауа-райы бұзылады.

  15.Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

 

5-тапсырма: Мақал-мәтел,тақпақтар.

 

 

16.Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

17.Ит тамағы үшін жүгіреді.

Құс тамағы үшін ұшады.

18.Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

19.Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

20.Құс баласы қырымға қарайды.

21.Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

22.Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

23.Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

24.Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

25.Қарға қарғаның көзін шұқымас.

26.Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

 

 

 

Ойлан тап!  «Бұл қай құс?»

 

1.Ой,балалар,балалар,

Аман болсын аналар.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Кім сүймейді баласын?

2.Балалық қып қызбайық,

Құс ұясын бұзбайық.

Жұмыртқасын алмайық,

Обалына қалмайық.

Көп күнәға батпайық,

Балалар мұны ұғыңдар,

Уәдеден шығыңдар.

3.Біздің міндетіміз-қанатты достарды қорғау.

4.Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқасын жаруға,рақымсыздық жасауға, жазықсыз жәбірлеуге,өлтіруге жол бермейік.

5.Өткен жыл көктемде,

Бала едім тым кіші.

Кім біледі өкпелеп,

Кетті ме жыл құсы.

Құстарым келіңдер,

Қарсы алам  өзім-ақ.

Жаңа үйге еніңдер,

Міне көл,міне бақ.

6.Ұя салдым құстың алдынан,

Болсыншы деп ол өмір панасы.

Өзімдей сәби балдырған,

Өссінші құстың баласы (Құстардың ұясын көтерген балалар шығады).

7.Құстар тойын құттықтап,

Қуанымыз қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз. (Құстарға жем шашу,ұяны ағашқа ілу).

2-жүргізуші:

Оянды бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қсы қамынан.

Көктемді шуға бөлеп,әнге ораған,

Таңдаймыз алуан сыр-жыл құсынан.

  1-жүргізуші: Құрметті достар,көктем жаршысы,адамзаттың досы болған

құстарды аялайық,оларға қамқоршы болайық.Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдыңа.

Еліміздің болашағы-білімді ұрпағында.Білім аспанында құсша шарықтап ұш.Елімізде тыныштық болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын!Ендеше,

Білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.

Ақ көгершін шығады:

Бейбітшілік құсы менмін – көгершін

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан тұнық,шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әні орындалады.

(Ақ көгершін ұшыру)

  2-жүргізуші: Құрметті қонақтар,оқушылар! Оқушылар дайындағын «Көктемді

қондырып қанатына » атты сынып сағатымыз аяқталды.Қош сау болыңыздар.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: «Көктемді қондырып қанатына »"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 2892
    • DOCX 18.9 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нажмиденова Кульпаш Икласовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нажмиденова Кульпаш Икласовна
    Нажмиденова Кульпаш Икласовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41596
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой