Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты 7 класс

Тәрбие сағаты 7 класс


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Жол жұру ережесін білеміз бе?

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп - тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны, онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй макеті, бағдаршам, жол белгілері.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты.
- Балалар біз бүгін « Жол
жүру ережесін білеміз бе?» тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.

Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Ленмар: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у - шусыз ұрыспай.

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса, қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2 - жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3 - жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.
1 - сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Жауап: Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2 - сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3 - сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4 - сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама - қарсы бағытта жүрген жөн
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөнбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата - ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров108
Номер материала ДВ-324005
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх