Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Менің Отаным – Қазақстан" 1 КЛАСС

"Менің Отаным – Қазақстан" 1 КЛАСС

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің Отаным Қазақстан.


Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту; Балалардың мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтыру; Өз Отанына, туған жеріне деген сүйішпеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру; Өткен тақырыптарды қайталау, бекіту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі сұрақ – жауап, әңгімелесу, көрнекілік әдіс.

Сабақтың түрлері: Саяхат сабағы.

Көрнекілік: Қазақстан картасы, Елбасының портреті, мемлекеттік рәміздер, көлік суреттері, қиылған аппликация.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (музыка ырғағымен балалардың ән –күй залына кіріп отыруы). Балалармен амандасу.

Балалар, бүгінгі сабағымыз «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталады.

Бүгінгі сабақта біз мемлекетіміздің сан – алуан қалаларына саяхатқа барамыз. Бірақ саяхатымызды бастардан бұрын мен сендерге Қазыбек бидің «Не қымбат?» атты өлеңін мәнерлеп оқып берейін.

Не қымбат?

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт – берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып – өскен елің қымбат.

Балалар, Қазыбек би не қымбат деген сұраққа қалай жауап береді екен?

  • Ана қымбат.

  • Әке қымбат.

  • Ата қымбат.

  • Апа қымбат.

  • Отан қымбат.

Дұрыс балалар! Бастысы, ана, әке, ата, апа. Ал ең бастысы Отан.

Отан дегеніміз не? Балалар, сендер Отан жайлы не білесіңдер? Отанымыз қалай аталады? Картадан Қазақстан мемлекетін көрсетеді?

Қазақстан – үлкен мемлекет. Онда көптеген қалалар бар, ормандар, дала мен таулар, өзен – көлдер, пайдалы қазбалар бар.

Ал қазір сендермен бірге шаттық шеңберін құрайық. Жібек баудан ұстап, шеңберге тұрамыз. Бұл біздің шекара сияқты. Енді жібек бауды көтеріп, бәріміз соның ішіне кірейік. Біз не істедік? Барлығымыз жібек баудың ішінде тұрамыз. Бәріміз бір мемлекеттің азаматтарымыз. Қане бір – бірімізді қуантайық:

Біз Қазақстанда тұрамыз,

Біз өз Отанымыздың балаларымыз!

Мен мақтан етем,

Менің Отаным Қазақстан!

Балалар, Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? (Қалаларды атап өтеді). Ал онда сол қалаларға саяхатқа аттанайық. Саяхатқа бару үшін біз бірнеше көлікті пайдаланамыз. Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Көлік түрлерін атап өту).

Бірінші аялдамамыз Қарағанды қаласы

  • Қарағанды қандай қала? (Шахтерлер қаласы).

  • Несімен бай? (Көмір).

  • Картадан кім көрсетіп береді?

  • Ал қаланың тұсында бізге тапсырма тұр екен. Қане, тапсырманы орындайық.





Тапсырма: Ел, Отан туралы мақал – мәтелдерді айту.

« Отан – оттан да ыстық», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», « Ел мен жер егіз», «Ел елісі – алтын бесік», «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Отан – қуат, отбасы – шуақ».

Екінші аялдама – Алматы қаласы

Алматы – әсем қала, мәлени орталық. Неге қала «Алматы» деп аталады? Білесіңдер ме, балалар, Алматыда «алма мерекесі» өтетін де күн болады. Көлікпен жүруден шаршаған шығарсыңдар. Кішкене бой жазып серігіп алайық.

Сергіту сәті: «Менің елім – Қазақстан» ойыны.

Балалар үш топқа бөлініп, шеңбер құрайды. Бір – бірін қолдарынан ұстап, киіз үй құрайды. Шеңбердің ортасында кішкентай жалау. Балалар жалауды айнала жүгіреді. Дабыл бойынша жалауды кім бірінші көрсетсе:

Біз Қазақстанда тұрамыз,

Біз өз Отанымыздың балаларымыз!

Менің Отаным Қазақстан! деп айтады.

Үшінші аялдама Шымкент қаласы

  • Шымкент несімен бай? (Мақта).

  • Мақтаның пайдасы туралы шолу.

Отан туралы тақпақ

Отан сенің ата анаң,

Отан досың, бауырың.

Отан өлкең, астанаң,

Отан аудан, ауылың.

Отан тарих,

Отан тіл.

Жасаған елің,

Отан – өлең,

Отан – жыр.

Ер халқың.

Көтерген көкке ел даңқын!

Төртінші аялдама Ақтөбе қаласы

  • Сендер қай облыста тұрасыңдар? (Ақтөбе)

  • Ақтөбе несімен ерекше? (Хром зауыты)

Хром зауытына тоқталу.

Тапсырма: Әңгіме бойынша сұрақ – жауап.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар – бір – бірімен туыс, дос, бауыр. Біздің жердің қойнауы алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға бай.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қандай ұлт өкілдері тұрады?

  • Олар қалай тұрады?

  • Біздің жеріміз нелерге бай?

Бесінші аялдама – Көкшетау қаласы

  • Көкшетау қандай қала?

  • Несімен бай? ( Бидай, мал шаруашылығы).

Тапсырма: Ұлттық ойындарды атау (алтыбақан, аударыспақ, теңге алу, сақина салу, қыз қуу, т.б). Ұлттық ойын ойнату.

Ұшты,ұшты, тарғақ ұшты! (ұшады).

Ұшты, ұшты,жарғақ ұшты! (ұшпайды).

Ұшты, ұшты, тырна ұшты! (ұшады).

Ұшты, ұшты, тырма ұшты! (ұшпайды).



Алтыншы аялдама Астана қаласы

АСТАНА

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам, бас қалам!

  • Астана қандай қала? (Бас қала).

  • Неге оны бас қала дейміз? ( Еліміздің астанасы болғандықтан).

  • Біздің еліміздің президенті кім? ( Н.Назарбаев).

  • Әр елде не болады? ( рәміздері).

  • Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қандай?

  1. Елтаңба

Елтаңбасы әлемнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

  1. Ту

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Көк аспанда қызыл күн,

Көк аспанда жас қыран!

  1. Әнұран

Сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев

Әні: Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім!

Гүлім болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным.

Ұрпақа жол ашқан,

Кең – байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы: (бәрі бірге орындайды).

Қорытынды:

Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДВ-452289
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх