Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария"

Тәрбие сағаты "Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария"

Скачать материал

Тақырыбы: Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария.

Мақсаты:

1.Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
  4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Өтілу түрі: аралас

Көрнекілік: суреттер, слайд.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мұғалімінің кіріспе сөзі:

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ой қозғау.

- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

3. «Ескірмейтін есті сөз» айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі.Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?

1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.

3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.

4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.

5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.

6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.

7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.

8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.

9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.

10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.

11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.

12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.

13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар: Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды.

Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.

14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.

15-бала: Дастарханды баспа, аттама.

16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.

Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,

орындап жүруіміз қажет.

 

4. Енді біз «Мақал-мәтел» айту түрінде сайысып көрсек. (Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)

1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)

2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)

3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)

4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)

5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)

6. Көсемдіктің белгісі, ... ( шешендіктің белгісі)

7. Көп сөз – күміс, ... (аз сөз – алтын),

8. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз ... (жақсы қыз – жағадағы құндыз).

9. Ақылың ағаңда болсын... (құндызың жағаңда болсын).

10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).

11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)

12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)

13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).

14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)

 

5. Қорытынды сөз

Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 8536
    • DOCX 17.2 кбайт
    • 236 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикпаева Акмарал Тлеулеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикпаева Акмарал Тлеулеевна
    Серикпаева Акмарал Тлеулеевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18982
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой