Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Күз- мереке,күз- береке"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты "Күз- мереке,күз- береке"

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты: «Күз-мереке, күз- береке.»

Мақсаты: Балалардың бойында адамгершіік қасиеттерін дамыту.

Міндеттері:

-балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін және ой-өрісін дамыту;

-табиғатты сүюге, қамқор болуға;

-күз мезгілі, күзгі еңбек, күз байлығы, көкөніс пен жемістердің пайдасы туралы балалардың түсініктерін дамыту.

1 жүрг.: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 жүрг: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
1 жүр.: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс- жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.

2 жүрг. -Айгерім, мен күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер, егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін, жеміс-жидектер дүкендерге толады.Молшылық болады.

-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді.

1 жүрг.:Дұрыс айтасың, Жамбыл. Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі тойланады.
2 жүрг:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
1 жүргізуші:                        
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Гүл, жапырақ , шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
 /Күзде/
2. Залға сазды әуенімен Күз кіреді.

-Мен күзбін . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп, бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің айларым -еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп айтады.

(Ырғала билеп үш қыз ерткен күз келеді)

Күз: Балалар, мында менімен еріп келген үш қызым, Қыркүйек,Қараша, Қазанның да өнерлерін көріп тамашалаңдар.

Қыркүйек: Күздің тамыз айында,

Алма, алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайған

Сыбдыр, сыбдыр түседі.

Қазан: Сыңғырлайды қоңыраулар,

Қыркүйек айында.

Сағынышпен біз барамыз,

Өнер білім тойына.

Қараша: Қазан айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық, адал достықпен

Жалғаса берсін өмірлерін.

Жүргізуші:

Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, пияз, қияр, картоп,

Бұршақ, асқабақ, қызылша,

Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.

Жүргізуші:

Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.

Балалар (хормен):

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

1-бала: (Бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен

Сый жасаймын бәріңе!

2-бала: (Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

3-бала: (Орамжапырақ)

Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.

4-бала: (Қияр)

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!

5-бала: (Шалқан)

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын

Тауып көр менен дарханды.

6-бала: (Сәбіз)

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

7-бала: (Асқабақ)

Өсем бақша-бауында

Қатты ұқсаймын қауынға

Жемек болып шикідей

Күлкі болмай қауымға.

8-бала: (Қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей,

Томат шырын ішпеген?

9-бала: (Пияз)

Боламын мен дәмдеуші

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

10-бала: (Картоп)

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

Жүргізуші:

Бос айтысты қояйық,

Дауласуды тоқтатайық!

Көкөністер барлығы:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?


Жүргізуші:

Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

«Көкөністер полькасы» 1- сынып

2 жүргізуші: Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ- сары алтын:

Айналада бәрі алтын.

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз:

Қуансын, кәне, халқымыз.


Күз: Әсел ерен достарым,

Өмірге көп қосқаным.

Қымбатты сый алыңдар

Қызығыма қаныңдар.

Молайтыңдар шаттықты.

Ән айтыңдар бақытты.

( Ән «Алтын күз» )

Күз: Рахмет, балалар, өнерлеріңе.

Ризамын өнершіл өреніме.

-Балалар, сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма?


Іші- жұмсақ, сырты -қатты,

Еті- қызыл, сүті-тәтті. (қарбыз)


Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)

Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

Бұл не?(Пияз)

Жүргізуші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге Күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Жемістерді қарсы алайық.

(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)


Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Бұтақтан үзілген

Жарылса анармын

Моншақтай тізілген,

Дәндерін аламын.

Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.

Өрікпін, мен өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң,

Талды бойлап өріппін.

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен бас иемін.

Ән: «Күз жомарт»

Ал енді еңбек туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

1. Не ексең, соны орасың.

2. Ексең егін, ішерсің тегін.

3. Жері байдың- елі бай.

4. Еңбек екпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме

5. Нанға құрмет-елге құрмет.

6. Дастарханда наны жоқтың

Тамағының сәні жоқ,


1- жүрг: -Айгерім, күздің ең керемет байлығын көрдің бе?

2- жүрг.- Ол не Жамбыл?

Жамбыл: -Ол деген егін .

Егін дегенім-дән .

Дән дегенім нан емес пе?

Біздің бар байлығымыз нанға толды.

Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі .

Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !


Жүргізуші: Бидай, арпа, тары бар

Сұлы, күріш бәрі бар.

Әне жырлап барады,

Сөзге құлақ салыңдар.

(Ортаға музыка әуеніне ырғала билеп дақылдар шығады).

Бидай: Нан анасы бидаймын,

Нанды елге сыйлаймын

Піскенімде мен қырда

Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Қызыл мұртты арпамын.

Ырыс құтты ортамын.

Машинаға мініп ап,

Малды ауылға тартамын.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,

Мен атақты тарымын.

Еңбегіңнің жаз бойғы

Қайтарамын қарымын.

Күріш: Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын.

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім.

Жүргізуші:- Рахмет сендерге, дақылдар, төрлетіңіздер.

Қызды қайнап ел ісі,

Қызыл қырмен жер үсті,

Елдің тойып жүргені,

Еңбегінің жемісі.

Әне қызыл алмалар

Әсем бақтың жұлдызы,

Алма терген балалар,

Албырайды нұр жүзі.


Жүргізуші: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Қане, балалар, осындай молшылық күз айына арналған «Жеміс-жидек» ойынын ойнайық .

Ән «Жылайды жапырақ»

Жүргізуші: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Жүргізуші: Аю жатыр үйінде,

Төрт түлік мал күйінде.

Барлық аңдар шаттанып,

Басты күздің биіне.

(Ортаға қоян, тиын келеді)

Қоян: Қуып мені састырған,

Құтылмадым қасқырдан.

Аңғармасын жонымды деп

Ауыстырдым тонымды.

Күз: Ол бір ісің орынды,

Қуатпаймын аныңды.

Тоның қандай қонымды.

Тиын: Еркін жүрген тиінге

Жаңғақ теру қиын ба?

Күздің алып сыйларын

Қыстық азық жинадым.

Ән «Еңбекшіл осындай.»

1 жүрг: -Балалар, келген қоңақтардың құрметіне өз өнерлерімізді көрсетейік.

2 жүрг: -Жас өнерпаздарымыздың орындауларында шағын концертімізді көруге шақырмыз.

1 жүрг:   - Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер болады. Желмен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып,жаңбырлатамыз -деп менің соңымнан қуып болмайды.

2 жұрг: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік. Ойынсыз мереке бола ма?. Мен сіздерді ойын ойнауға шақырамын.

Ойын «Кім жылдам?» (себеттерге жемістер, көкөністер жинау)

Жүрг:

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Ән : «Күз жомарт» барлық сыныптар

2.жүрг: Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді.

Қоңыр тарта отырып

Көкте құстар тізілді.

Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісін.

Күзге біз де ризамыз

Аянбаған ел үшін.

Барлығы: -Рахмет күз саған, қош бол Алтын күз!



СҚО, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы

«Социалистік Еңбек Ері Е.Шайкин атындағы орта мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімі Г. С. Ғаббасова




















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-336848

Похожие материалы