Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: Күз мерекесі

Тәрбие сағаты: Күз мерекесі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Күз мерекесі»

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар.

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз.

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне алтын күз

Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар «күз мерекесі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Құрметті ата-аналар даярлық топ бүлдіршіндері сіздерге күз мерекесіне арналған шашуын шашады қабыл алыңыздар.

Бүгінгі мерекеге орай мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері өздерінің жылы лебіздерін жолдайды.

1. Жанель: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

2.Нұржан: Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Ән: « Күз ырғағы »

Құрметті ата-аналар сіздердің бүлдіршідеріңіз тақпақ айтып, ән шырқап кана қоймой, олардың актерлық шеберліктері де бар. Келесі тамашалайтындарыңыз

Көрініс: «Көкөністер таласы»
Тәрбиеші:
Қияр менен қызанақ
Жанжалдасып бір күні
Көкөністер арасында
Туғызыпты күңкілді
Көкөністер:
Арамызда біздің
Ең қадірлі кім?
Адамзатқа пайдалы
Қажеттіміз кім?
(осы кезде жуа жылап шығады)
8.Жуа - Наз: 
Арамызда достарым
Жасыл түсті баламын
Айтқаным егер болмаса
Жылатып өшті аламын.
9.Капуста-Ақмаржан: 
Маған да сөз берсейші
Борщ менен жасалар
Адамзатқа пайдалы
Еңбегім бар ақ адал
10.Қияр-С.Дилназ:
Мен қиярмын, қиярмын 
Мақтанбай қалай тұрармын
Сендерден бұрын мен пісіп
Дастарханда тұрармын
11.Қызылша-Ақбота:
Мен әдемі қызылшамын
Қабыл ал менің сәлемім
Мақтанбай – ақ біледі
Мені барлық әлемім
12.Сәбіз-Р.Дильназ:
Дәруменнің өзімен
Адамзатқа пайдам көп
Мен кәдімгі сәбізбін
Бәріңнен де пайдам көп
13.Қызанақ - Қайрат:
Көп сөйлеме сәбіз сен
Тоқтасаңшы азырақ 
Мен тұрғанда мақтанба 
Бұл мен көкең – қызанақ
14.Картоп-Назерке:
Таласпаймын ешкіммен
Өз орнымды білемін
Өйткені мен картоппын
Белгілі өзі – ақ керегім 
Тәрбиеші:
Тоқтатайық таласты
Керегі не жанжалдың
Адамзатқа пайдалы
Бәрің – бәрің қажетсің
(есік қағылып Күз ханшайымы кіреді)
Көкөністер: Сәлеметсіз бе Күз ханшайымы
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, достарым
Бұл не тартыс, таластарың?
Тәрбиеші:
Бар ауруға ем болар 
Дәрумен көп бойында
Көкөністің қайсысы
өте қажет адамға
дауымыз осы Күз ханшайымы
Күз ханшайымы:
Дені сау күшті болатын бала
Сүйіктісі көкөністер
Орның бөлек білсеңдер дара
Бәрің- бәрің керексіңдер
Тәрбиеші: Балалар Күз ханшайымы дұрыс айтады, барлықтарында көптеген дәрумендер бар.

Балалар: Рахмет күз ханшайымы

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізде құр алақан келмеген шығарсыз бізге арнаған тосын сыйыңыз бар шығар?

Күз ханшайымы: Ия дұрыс айтасыз бұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтан да, мен сендерге тапсырма алып келдім. Балалар сендер жұмбақ шешуді ұнатасындар ма?

Балалар: Ия

Күз ханшайымы: Олай болса мен сендерге күз мезгілі туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тапсандар қолды көтеріп жауап бересіндер. Келістік пе?

1)Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. /Пияз/.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар . Ақылды балалар екенсіңдер. Көп рахмет.

Жүргізуші: Рахмет саған күз ханшайымы. Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек, қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз,балаларымыз өте талантты сізге арнап «Күз жомарт» әнімізді жолдаймыз.

Ән: «Жомарт күз»

Жүргізуші: Балалар тамаша жақсы. Балалардың сіздерге арнаған күз туралы тақпақтары бар.

15. Мади:

Күн шуаққа маужырап

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенеп жапырақ

Күз ханшайымы: балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер. Сіздерге арнап әкелген сыйлығымды қабыл алындар. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар. (Күз ханшайымы залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар күзге көп рахмет айтамыз.

балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан-жылға көп болсын еліміз тыныш болсын, Отанымыз аман болсын демекші «Отаным» әнің орындалады.

Осымен «Күз сыйы» атты ертеңгілігіміз аяқталды көңіл

қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-208810

Похожие материалы