Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / ТӘРБИЕ САҒАТЫ "ҰЛ ҰЯТЫМЕН ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН ҚЫЗЫҚТЫ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

ТӘРБИЕ САҒАТЫ "ҰЛ ҰЯТЫМЕН ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН ҚЫЗЫҚТЫ"

библиотека
материалов


Тақырыбы: Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты. Тәрбие сағаты

Мақсаты:

1. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.

2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.

3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, «Ержетер ұл ережесі, бойжетер қыз ережесі» атты буклет.

I.Ұйымдастыру.

II.Кіріспе бөлім.

Мұғалім: Адам табиғаттың қандай түріне жатады? (тірі)

Жануардан, өсімдіктен қандай айырмашылығы бар? (Адам басқа тіршілік иелерінен өзінің терең ойланатындығымен, саналығымен ерекшеленеді).

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» деп аталады.

III.Негізгі бөлім.

Мұғалім: Иә, балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез - әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, шындылықты үлкендер үйретеді. Үйде ата-аналардың, мектепте мұғалімдердің сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелері бар. Ол – «Ержетер ұл ережесі , бойжетер қыз ережесі».

«Екі дос»

Адамзат ұлдарының бірі - Әбунасыр әл Фараби достық туралы қалай деген екен? Халқымызда ғұлама ғалымдар, ақын – жазушылар, билер, шешендер адамдардың қажетіне байланысты қарым – қатынастарына байланысты, бала тәрбиесіне байланысты өте көп өсиетті сөздер, ақыл – кеңес айтқан.

1. Достықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы дос.

2. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет.

Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы – тұщыны бірдей татып, нені болса да бірдей көретін болады.

Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез – құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай – талмай жұмыс жүргізген ғанибет.


Балаң жақсы болса

Екі көздің шам – шырағы

Міне – бес бақыт осы.

Мұғалім: Өздеріңе байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Жаман әдеттерден сақтандыру үшін айтылатын сөздер бар. Қазақ мұндай сөздерді қалай айтады?

«Тыйым сөздер» дейді. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. Оқушылардың тыйым сөздерін тыңдайық.


Тыйым сөздерді жатқа айту.

1. Дастарханды, тамақты баспа.

2. Нанды жерге тастама, үстіне зат қойма.

3. Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.

4. Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.

5. Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.


Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Ыбырай Алтынсарин.


Жақсы жігіт белгісі.

Жақсы туған жігітті

Жаным десе жарасар.

Жақсы ұл туған әйелді

Ханым десе жарасар.


Жақсы туған жігітке

Бүкіл елі таласар.

Жаман туған жігіттер

Қара жолдан адасар.



Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатта тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.


Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер-

Әке – шеше жүзі жайнап нұр себер.


Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,

Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.


IV бөлім

Мұғалім: Бұл бөлімде қиын сұрақтарға, хаттарда жазылған жағдайаттарды орындау.

«Жалғастыр» ойыны.

1.Мен басқы сөзін айтамын, сендер ойланып жалғастырып айтуларың керек.

Үлкен кісіні - ........ (сыйлау керек)

Үлкеннің - ....... (тілін алу керек)

Үлкендерге - ....... (сәлем беру керек)

Аналарды, әкелерді - ......... (сыйлау керек)

2. «Ананың ақ сүтін ақта» тақырыбында төрт жол өлең жазу.

3. Адалдық пен адамдықты қалай түсінесің?

4. «Жеті қырлы, бір сырлы» жігіт кейпін сипаттау.

5. Абайдың он сегізінші қара сөзінде не туралы айтылады? (Адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.)


Қорытынды «Жақсы – қасиет – жаман» кестені толықтыру.

Еліміздің ардақты азаматтары болу үшін үйдегі, мектептегі айтылатын ақыл – кеңестерді, үйреткен тәрбиені бойларына сіңіріп, шебер, өнерлі, өнегелі, білімді, тәртіпті балалар болыңдар.

































"Сен өз құқығыңды білесің бе?" (тәрбие сағаты)

Заң және заман

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.

Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын

қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушвлар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып,жасөспітімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі прициптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата- анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады.Қанатты сөздер қолданылады.

«Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды», Заң біткен жерде зұлымдық басталады».

Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:

1. Күнделікті көрініс.

2. Мен заңды қаншалықты білемін?

3. Ешқандай заңы жоқ арал.

4. «Қызыл, сары, көк ауыл».

5. Қылмыскер бала қайдан шығады?

Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық тілмен айытқанда бұл- заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.

1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар: -Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?

--Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).

--Ата- ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата-ана жауабы тыңдалады.)

Бұлардан соң заң қызметкеркерлерінің пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған жастардың заңның қандай бабымен танысуына тура келгендігін айтуы керек.

Мұғалім: 2-бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздерде, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыңыздар, егер қлмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.

1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.

2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.

3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.

4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.

5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.

6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.

7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң қызметкері заңға сүйене отырып, өз ойын айтады.)

Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек,не болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)

Оқушылар пікірі тыңдалады.

Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тіртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын 4-бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.

Мұғалім:Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір- бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.

Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айытқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.

Жауап: Адамдардың ауыл- ауыл көше- көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.

Мұғалім: 5-бөлім. (Қылмыскер бала қайдан шығады»?

Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол-мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.

-Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар? ( Ата- ана мен оқушылардың жауаптары тыңдалады. )

Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан , Абай атамызша айытқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық , аздырар адам баласын». Ата- аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп- тік әдемі салынған үйдің суреті.

Екіншісі- фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.

Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?

( Сурет жайлы ата-ана ойы тыңдалады.) Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата-ананың назарын аудару керек.

«Отбасы – барлығының басы, жан-жақты негізі болатын тәрбие институты. Ата- анамен баланың қарым- қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В.А. Сухомолинский айытқандай , алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсеіп тұр.

Тақтаға тау бейнесі жәнетаудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сіздең балаңыз болса, ал тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді ашады.

Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін қаншама процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауысыз жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, 1- кестеде көрсетілген шарттар бірден-бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде ата-анаға көп сөз берілу керек, сөйлету керек.)

Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.

Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден- бір жауапты ата-ана , өздеріңізсіздер.

Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты ролді ата-ана атқаратындығын, сондықтан олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен байланыс жасауы және достарының кім екенін біліп отыру керектігі айтылып, қорытындылынады

















Тәрбие сағаты:

"Сен өз құқығыңды білесің бе?"





















Биология пәнінің мұғалімі: М.Б.Жабаева













2015 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров604
Номер материала ДВ-560393
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх