Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Тәрбие сағаты "Ұлдар мен қыздар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты "Ұлдар мен қыздар"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: "Имандылық жарасады ұл-қызға"

Сабақтың эпиграфы: Ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз,

қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелеиміз.

Платон.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

ә) Оқушы бойындағы тапқырлық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап әдісі, өлеңдер оқу, ән айту.

Сабақтың көрнекілігі: Имандылыққа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ойын шарттары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

орындалады.



Мұғалім сабаққты эпиграфты оқып бастайды.

Мұғалім оқушыларға сабақтың өтілу барысын түсіндіреді. Қорытындылау мақсатында бүгінгі сабағымызды "Зейінділер сайысы" деп атадық. Сабағымыздың шартын салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, имандылыққа байланысты ойындар мен қызықты сұрақтар құрайды. Қазір сендерді сайысымыздың шартымен таныстырамын.



"Зерделілер сайысының" шарттары:

1. "Сәлем—сөздің анасы" (Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа бөлініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі.)

2. " Мақал—сөздің мәйегі" (Екі топ бір-бірімен мақал айтудан сайысады)

3. "Дәстүріңді сақтай біл" (Мұғалім салт-дәстүр туралы

екі топқа сұрақтар қояды.)

4."Ән — көңілдің ажары (Салт-дәстүрге байланысты әндер сайысы)

5. "Ертегілер елінде" (Үйге берілген тапсырмалар бойынша ертегі құрастыру)

6. "Өлең-сөздің патшасы" (Әдептілікке, имандылыққа байланысты өлеңдер оқудан сайыс).

Мұғалім: Имандылық жарасады ұл-қызға,

Бұл тақырып толы екен мазмұнға.

Насихаттап имандылық бастауын,

Өнегелі тәлім берер ұл-қызға.

Ал, балалар, сайысты біз бастайық,

Өлең оқып, ән айтудан қашпайық!

"Әдептілік әліппесін ардақтап,

Иманды бол деп ұран тастайық.

Қыздар тобы: "Гүлдер" деп ат қойдық тобымызға,

Сан алуан ұғым болды ойымызда.

Сәлем бердік, баршаңызға жиылған жұрт,

Бүгінгі әдептілік тойымызға.

Қаруланып білімменен біз келеміз,

Қиялменен шартараптан жыр тереміз.

Сайысуға "Гүлдермен" келіп тұрған,

Сөз кезегін өздеріңе береміз.



Ұлдар тобы: Армысыз, ұстаздарым, құрбыларым,

Қасиетті өлең мен жыр құмарым.

"Ұлағат" деп ат қойдық тобымызға,

Күш берер, демеп тұрар бар тұмарым.

Көңіліміз әсем бір әнге толсын,

Халқымызға Қыдыр дарып, бақ қонсын!

Әділдікпен бағалап көрерменім,

Есте қалар сайыстың бірі болсын.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Топтарыңның аттары өздеріңе жарасымды екен.

Біздің халқымыздың ауыз әдебиеті - өте бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің айтар тобықтай түйінін бір-екі сөйлемге сыйғыза білген ата-бабамыз қандай дана еді! Ата-баба мұрасын жалғастыру—біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз. Олай болса, сендердің бұл міндетті қалай орындап жүргендіктеріңді байқаймыз.

(Оқушылар әдептілік, имандылық жайлы мақал-мәтелдер айтудан сайысады)

"Гүлдер" тобы: 1. Ұлың өссе,

Ұяттымен ауылдас бол.

Қызың өссе, Қылықтымен ауылдас бол.

2. Бала тәрбиесі—бесіктен.

3. Өзек қуа ағады,

Өзен судың саласы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

4. Өлімнен ұят күшті.

5. "Сіз" деген әдеп,

"Біз" деген көмек

6. Бар, барын жейді,

Ұятсыз арын жейді.

7. Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.



''Ұлағат" тобыны жауабы:

1. Сыйға—сый, сыраға бал.

2. Ұлың өссе,

Ұлы үлгілімен ауылдас бол.

Қызың өссе,

Қызы үлгілімен ауылдас бол.

3. Ұят жүрген жерде.

Абырой төгілмейді.

Абырой бар жерде,

Ар шапан сөгілмейді.

4. Әдепсіз бала

Ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды қария

Жазып қойған хатпен тең

5. Ар қайда болса,

Ұят сонда.

6. Әдептің не екенін,

Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

7. Аға әдепті болса, іні әдепті.

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

8. Әдептілік, ар, ұят- адамдықтың белгісі.

Мүғалім: Халқымыз бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, өзінін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы мол өнеге бере білген. Сайысымыздың ендігі шартында мен сендерге ретімен сұрақтар беремін, сендер жауап бересіңдер.

1-сұрақ "Гүлдер" тобына:

"Шілдехана" деген қандай дәстүр? Толық жауап- беріңдер.

"Гүлдер" тобыны" жауабы:

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.



2-сұрақ: "Ұлағат" тобына:

"Тұсаукесер" деген қандай достүр?

"Ұлағат" тобының берген жауабы:

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді.

Балаға шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін берсді.

3-сұрақ "Гүлдер" тобына:

"Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндіріңдер.

"Гүлдер" тобының берген жауабы:

Жастар "Бастапғы» деп аталатын тамақ пісіріп жейді.

"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.

4-сұрақ "Ұлағат" тобына;

"Байғазы деген қандай дәстүр?



"Ұлағат" тобының жауабы:

«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

Мұғалім: Балалар, сайысымыздың келесі шартын әнге берейік. Бұл шартта да қыздарымыздың "Гүлдер" тобы бастап береді. "Гүлдер" тобының орындауындағы ән үйдегі асыл әжелерімізге арналады.

Әже туралы ән

Өлеңін жазған Әнін жазған

Қ.Мырзалиев Н.Тілендиев

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым - сары ормандай самғаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,

Қозыңдаймыи ойнақтаған албарда,

Өзің барда қысылмаймын күлуге,

Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегіме ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюулі.

Тұра тұршы түзелгенде бұзығың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.

Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

Мұғалім: "Ұлағат" тобының орындайтын әні халқымыздың жүрегінен ерекше орын алған ұлттық музыкалық саз аспабы домбыра жайлы. Ән кезегін ұлдарымыздың "Ұлағат" тобына берейік.

Қорытындылау


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Номер материала ДБ-298368
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх