Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Әлемді тербеткен ана"

Тәрбие сағаты "Әлемді тербеткен ана"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Әлемді тербеткен ана»


hello_html_m28bcf4db.png



Қарағанды облысы “Приозерск қаласының

2 МББК” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Пернекуль Калдыбаевна


Сынып: 3 «Г»


2014-2015 оқу жылы.




Тақырыбы: «Әлемді тербеткен ана»

Мақсаты:Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттырып, анаға саналы түрде құрмет пен махаббат сезімін калыптастырып, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Даналық сөздер жазылған плакаттар,портреттер.Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру.Интерактивтік тақта. «Әлемді тербеткен ана» презентация.

Ақ шашты ана:

«Жастығым-балам» дейді.

Ақылды бала:

«Ай-күнім-анам» дейді.

Мұғалімнің сөзі:-Қош, келдіңіздер!Нұрлы шуағы мол наурыз айындағы, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы сегізінші наурыз мерекесі құтты болсын!

Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып,алтынмен апталған Ана деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді.Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «Бауыр етім балам»,-деп ақ сүтін беріп, аялап, «Менің балам керемет»-деп мақтан тұтады.Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы.Баласы үшін жанын да аямайтын ардақтың да- абзал ана!

Ана- жүрек, сол жүректе құдірет те,

Ана- тірек, сол тіректі құрметте!

Ана- шыңың, ардақ тұтар биікте,

Ана- күнің, сәуле шашар жүректе- деген өлең жолдары барлық аналарға арналады.Олай болса бүгінгі «Әлемді тербеткен ана»- атты ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз.

1-жүргізуші:Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Құрметті қонақтар,аяулы әжелер, асыл аналар және біздің сүйкімді қыздарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!

Бүгін- наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз- Адамның

Анаға айтар лебізі

2-жүргізуші:Сіздер ер азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар.Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін.Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын!

1-жүргізуші:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап марапатты бастар күн.

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Хормен барлығы:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

2-жүргізуші: Бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын.Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Олай болса балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Жасұлан:

Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!

Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,

Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Әділжан:

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп әлдилеген,
Ананың орны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Аналар мерекесі құтты болсын!

Венера:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асыл жандар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай

Жанель:

Ана өмірдің қуанышы, тірегі

Бала оның жұбанышы, жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Мәншүк:

Бізге қарап елжіреп, ...

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса күнім деп,

Жүгіреміз күлімдеп.

Анамызға еркелеп,

Қуантуды қалаймыз.

Өссек егер ертерек.


Даяна:

Сезімің неткен ыстық балаңа тым,

Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.

Қаншама азап шектің сәби үшін

Мен саған қарыздармын жан анашым.

Іздесек сендей жанды табамыз ба,

Қартайсаң сәбидей ғып бағамыз да.

Серік боп өмір бойы анамызға

Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.

Ұлмекен:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Алдиар:

Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым

«Анашым» - деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Мөлдір:

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Азамат:

Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім

Жанымды жадыратып күлдіретін

Сендегі маған деген махаббатты

Нұр толы қос жанарың білдіретін

Бар ана туған елдің гүлі дер ем

Анажан қайғың болса күңіренем

Таусылмас тау суындай ақылың бар

Сен барда менің әр бір күнім өлең.

Берекебай:

Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған

Ана десем, ашылады қабағым

Ана десем, әділдікті ұғамын.

Қымбат:

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

Ана, жаным, жүре берші қасымда,

Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?

Әркез маған бата беріп жол нұсқап,

Айтатынсың: «Құлыным – ау, жасыма!».

Аяжан:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың, - мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


Анасыздар – Ақ Еділ, Жайықсыздар-

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің күні десе, - лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді, - лайықсыздар.

Мағжан:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң, жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер – Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған.

Сіздер – ана, сіздер – жар, сіздер – қыздар,

Сіздер – жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.


Сымбат:

Ана шырақ, ұрпағымен жағылған,

Өз анасын бар періште сағынған.

Құдіретін сезінгендер бас иіп,

Ана деген, үш әріпке бағынған

Аман болса ана деген ардағым,

Күндей болып нұрланады жан – жағым.

Қуаныш пен бар қайғысын өмірдің,

Ана ғана көтереді салмағын.

Іңкәр:

Ана деген жылағанды жұбатқан,

Ана мөлдір, жаралғандай бұлақтан.

Қорған болып аймаласа перзентін

Тәңірінен амандығын сұратқан.

Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген,

Ана ғана өткізеді өткелден.

Жадыратса жаздай етіп жаныңды,

Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.

Мұрат:

Ана болса жүзіп өтер кемең бар,

Ана болса қартаймайсың деген бар

Тірі кезде қадірлесең анаңды,

Шын өкініш жауламайды санаңды.

Ұзақ өмір жасай берсін аналар,

Аналарын қадірлесін балалар.

Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,

Аман болсын ақ жаулықты аналар!

1-жүргізуші:Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ,аялы алақаны бала өмірін шаттыққа бөлейді.Сондықтан да анасын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар.

2-жүргізуші:

Ұрпағына бұл әлемде сыйлаған

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары,

Ардақтаймыз АНАНЫ-

Анам менің аялаған ақ гүлім,

Анам менің бақытым мен шаттығым

«Анашым» деп бала жырын арнаған


Ән шашу: «Анашым» Бірғаным,Нұрәлі,Аяжан

Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

«Әлемді тербеткен ана» презентация.

1-жүргізуші:Қазақ халқында «Қыз елдің көркі, гүл-жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

2-жүргізуші: Біз қыз баласының бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылылықты, әдемілікті, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақ көңіл қасиеттерді.

1-жүргізуші:

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын.

2-жүргізуші:

Қыз бала бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!-демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Қыздар-ай» әнін қабыл алыңыздар. Азамат, Мағжан, Жасұлан


Нұрлыбек:

Айгөлек-ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Аналардың тойында

Би билейміз дөңгелеп

Достықты біз ойлаймыз

Қыздарды біз құттықтап

Мерекесін тойлаймыз


Қазақша би: Жасұлан, Алдияр


1-жүргізуші: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже- отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын абысындардың, бірлігін татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Әже мен немере арасынағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

Айша:

Әже деген – берекесі әр үйдің ,

Әже деген - қамқоршысы сәбидін .

Әже деген – алыптардың анасы

Әже деген –қонағы ғой пәнидің

Бекарыс:

Мерекеңмен құттықтайды немерең,

Келсін дейді енді өмірге шөберең.

Денсаулығың мықты болсын, ақ Әжем,

Жаратқаннан жақсы іс келсін жебеген.

Ақыл бұлақ асыл Әжем не деген,

Кеңейеді тыңдап көңіл керегем.

Өмір бойы мақтан етіп өтемін,

Сен диқансың ақыл дәнін себеген.


Жасұлан:

Ақ жаулықты Әжем , сені сүйемін,

Сөздеріңнен ақыл маржан түйемін.

Ертегіңмен қиял беріп ойыма

Бақыт тілеп соғады ұлы жүрегің.

Нағашы әжем анашымның анасы,

Жиендердің ақылшысы санасы .

Қонақ болып бара қалсам үйіңе,

Бәйек болып қарсы алатын нағашы.


Сахналық көрініс: Айша, Бейбарыс

«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

-Жүрегім кім менің?

-Мен!

-Тірегім кім менің?

-Мен!

-Сәнім кім менің?

-Мен!

-Ботақаным бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой қарғам менің!

-Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо...жоқ, қарға болмаймын.

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға «қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда болып әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.


G:\ана 8-наурыз муз\Camera\20150307_114650.jpg


Қазақша би: Қыздар тобы.


Ойын: « Менің портретім, табайық» (аналармен)

5 ана шығады да, ілулі тұрған балалары салған портреттердің ішінен өз портретін табу керек. Таба алмаған ана өз өнерін көрсетеді.

Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)

5 бала шығады да, теріс қарап тұрады.Мен қолыммен кімді көрсетсем, сол адам бір сөз айтады. Мысалы: «ботақаным»- дейді.

5 баланың біреуі менің анам деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.

G:\ана 8-наурыз муз\Camera\20150307_114828.jpg


2-жүргізуші:Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата - анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.

Бейбарыс:

Ана деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Аға деген сөзді де

Хормен:Ойлап тапқан балалар!

Бейбарыс

Күнім, жаным дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаным дегенді

Айналайын дегенді

Толған айым дегенді

Хормен:Ойлап тапқан аналар!


Ән шашу: «Ару ана» Нұрлыбек,Мөлдір,Әділжан

G:\ана 8-наурыз муз\Camera\20150307_115853.jpg

Мұғалім:Енді балалардың өздерінің аналарына арнап шығарған өлең жолдарын және жазған шығармаларын тыңдайық.

Бірғаным:

Анам бар менің Гүлжан деген,

Сұлулығы асып түскен бәрінен.

Маған нәр, қуат берді ақ сүтімен,

Әкемді жақсы көрді ақ жүрекпен.

Айнұр:

Ақ гүліміз анамыз,

Ақ келбетті анамыз.

Ақ сүт беріп, әлпештеген,

Өсірген бізді анамыз.

Мөлдір:

Сүйесің ұл, қызыңды,

Айналайын жан анам.

Бетімнен бір қақпаған,

Аймалайын жан анам.


Жамандықты жасырып,

Жақсылықты асырып.

Асқақтатып даңқымды,

Жүз жасаңыз жан анам!


«Аққу» биі. Қымбат, Сымбат

1-жүргізуші:Жаңбырменен жер көгереді

Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Нұрәлі бата беремін деп отыр.


Жаманшылық болмасын

Ардақ біткен жар болып

Ару ана қолдасын

Отбасының ордасын

Періштелер қорғасын

Тіккен әрбір отауға

Тәңірім, жақсылық жолдасын!

Бақыт – ашып қақпасын

Мәңгі – бақи жаппасын

Бәле – жала отбасын

Іздесе де таппасын

Әумин!

Хор: «Анаға тілек»

1-жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз


2-жүргізуші: Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:

Хормен:

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады.Ұлдарымыз қыздарға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етеді.

Құттықтау сөздер.

























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров378
Номер материала ДВ-309596
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх