Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Әліппе - білім анасы" 1 класс

Тәрбие сағаты "Әліппе - білім анасы" 1 класс

Скачать материал

Әліппе – білім анасы.

Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру; оқушыларды ғылым дүниесінің бірінші баспалдағы Әліппенің ролі және маңызымен жете таныстыру; ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.
Құрал- жабдықтар: шарлар, тақырып аты, « Әліппе»,«Ана тілі» мұқабасы, қима әріптер,парақшалар.

Барысы: Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата-аналар, мұғалімдер. Бүгін сіздер 1-сынып оқушыларының «Әліппе – білім анасы» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Олардың тұнғыш рет ұстап,бетін ашып, танысқан оқулығы « Әліппе». Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге бастайтын сара жол. Олай болса , бүгін 1 –сынып оқушылары сіздерге «Әліппені» қалай меңгергендерін, сонымен қатар өз өнерлерін де көрсетпек. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Осыдан төрт ай бұрын ғана мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршін балалар еді, енді міне бүгін « Әліппемен» қоштасқалы отыр.

Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

  • Балалар, естерінде ме, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн?


  • Бірінші қыркүйек. / хормен/


  • Балалар қызықтап, қолымызға алғаш ұстаған оқулығымыз қандай кітап?


  • Әліппе кітабы. /
    хормен/

1-оқушы: Ерасыл

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Мұғалім: Жеміске құты тола ма,

Бір-бірден теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай, қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа,

Ұғып ал білім боларын

Шам-шырағың жолыңда.

Көлге ойнаған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар «Әліппең»... –

деп ақын Мұзаффар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

2-оқушы: Альбина

Бүгін біз алғаш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Біз енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, қысқа әңгімелерді өзіміз оқи аламыз.

Мұғалім: -Балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы «Әліппе» кітабын ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар,ата-аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліпбиін меңгеріп.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден


3-оқушы: Қасиет

Әліппем, менің әліппем.

«А» деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Әліппе:Қазақ балаларына ең алғаш мектеп ашып, әріп танытқан кім?

Хормен: Ыбырай Алтынсарин

Әліппе: Балалар , біздің қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

Хормен: 42 әріп бар.

4-оқушы: Гүлмайдан

Үйретті бізді Әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз, сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.

Келесі кезекте әріптер сөйлейді.

5-оқушы: Аят

Алыбы алыптардың ата-ана

Ақыл, ар, адам, арман А-дан ғана.
/ А әрпін көрсетеді/

6-оқушы: Ерасыл

Әдептілік дегенің,

Әрқашан да керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре – сарсаң әлегің.

7-оқушы: Зерделі

Әкелген едім әліппе, әр беті толы әріпке. / Ә әрпін көрсетеді/

8-оқушы: Ерасыл

Бақа,бақа, бақ-бақ / Б әрпін көрсетеді/

Таңдайлары тақ-тақ.

Бәрі бірдей тақпақ,

Жатқандай –ақ жаттап.

9-оқушы: Аққу

Кесе, шыны, пиала, / Ы әрпін көрсетеді/

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз?

10-оқушы: Дархан

Добым,добым, домалақ /Д әрпін көрсетеді/

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

11-оқушы: Айназ Мырзасиық

Еріншектің ертеңі, елге таныс ертегі. /Е әрпін көрсетеді/

12-оқушы: Нұртілеу

Жаз биыл да жаңбырлы, жайлау талай жаңғырды./ Ж әрпін көрсетеді/

13-оқушы: Айназ

Р-рр деп бір ит жолықты, Райхан одан қорықты./Р әрпін көрсетеді/

14-оқушы: Марғұлан

Мен көп тердім мақтаны, Марат мені мақтады.

/М әрпін /

15-оқушы: Альбина

Нан қадірін біліңдер, бақытты өмір сүріңдер./ Н әрпін көрсетеді/

16-оқушы: Қасиет

Орындықта отырып,оқулықты оқыдық./ О әрпін көрсетеді/

17-оқушы: Айкөркем

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдына,

Шығарып мақтаймыз.

18- оқушы: Гүлмайдан

Өз бөлмемнен көрмедім,өрмекшінің өрнегін. /Ө әрпін көрсетеді/

19-оқушы: Айкөркем

Әліппені бітірдім

Жаза аламын атымды.

Әріптерді үйрендім,

Бала болдым ақылды.

«Әліппе» әні орындалады.

Мұғалім: Балалар,сендер Әліппемен қатар қандай пәндерді оқып үйрендіңдер?/оқушылардың жауаптары/
Мұғалім: Қане, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.

Ендеше, келесі кезекте есептеу дағдыларымызды ортаға салайық.

1.Он асықтың үшеуін, 2.Табақта бес өрік,

Досың сұрап алады. Қолымда төрт өрік.

Айтшы, сонда нешеуі Қосқанда барлығын,

Өз қолында қалады?(7) Болады неше өрік? (9)

3.Алма ағашта алты алма, 4.Екі алма қолға алдым,

Қандай тәтті жесе алма Екі алма қалтаға салдым.

Алтауын да жеп қойсам, Үшеуін Айша алды,

Қалады онда неше алма? (0) Бәрі сонда қанша? (1)

« Кім жылдам?» /карточка бойынша есептеу/

Дүниетанудан білімдерін ортаға салайық.

1.Жыл мезгілдерін атап шық.

2.Тірі табиғатқа қандай заттарды жатқызамыз.

3.Өлі табиғатқа қандай заттарды жатқызамыз.

4.Үй құстарын атап шық.

5.Дала құстарын атап шық.


Әліппе: Балалар, « Ұйқасын тап" ойынын ойнайық.

1.Жазу үшін саған

Қажет саған
...../қалам/

2.Дауысына құлақ тұр,

Жер жыртып жүр..../
трактор/

3. Қарды қояр күреп,

Керек жалпақ .... /
күрек/

4. Өзінше ноян,

Қорқақ не?
/ қоян/

5. Бата алмас түлкі

Үсті тікен
....../кірпі/

6. Айбат шегер алыстан

Аң патшасы
...../ арыстан/

Мұғалім: Балалар, Әліппенің кететін уақыты болды. Сүйікті Әліппемізбен қоштасайық.

Әліппе: 42 әріпті бәрің игердің,

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын балалар сендерге,

Рақмет айтар кез келді.

20- оқушы: Нұртілеу

Қош бол құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Хормен:Қош бол, құтты Әліппем!

Піл тұсауын кестің сен!
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Балалар, енді 2 жарты жылдықта Ана тілін оқимыз. Қазір Ана тілін қарсы алайық.
/ Ана тілі келеді/

Хормен: Сәлеметсіз бе , « Ана тілі» !


Ана тілі: Балалар, енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты әңгімелер айтып беремін, сауатты жазуға үйретемін. Мені ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.


Мұғалім: Мектепте кімдер оқиды?

Хормен: Біз.

Мұғалім: Бақытты балалар кім?

Хормен: Біз.

Мұғалім : Осындай бақытты тұрмысқа жеткізген кім?

Хормен: Отан, Ата-ана, Мектеп, Мұғалім, Әліппе! Біз бақытты баламыз!

Мұғалім: Қымбатты ата-аналар, біздің Әліппені жақсы оқып бітіруімізге сіздердің де көмектеріңіз тиді.

Сондықтан, сіздерге көп- көп рахмет!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз кұтты болсын ата-ана.

Тойларыңыз тойға ұлассын,ағайын.

«Кім неден күшті?» ертегісінен көрініс.

Ән:»Ақ көгершін» Орындайтындар:Жалғас Аққу, Ерболатқызы Айкөркем

Ән:»Бала тілегі» Орындайтын: Мәдиқызы Гүлмайдан

Би: «Пиала» Ортаға биші қыздарды шақырамыз.

Ән: «Сұр қоян» Орындайтындар: Ұлдар тобы

Ән: «Биші болам өскенде» Ортаға қос Айназды шақырамыз.

Би: «Матрос» Ортада ұлдар тобы

Ән: «Болайықшы осындай» Орындайтындар: Салауатқызы Зерделі, Мырзасиық Айназ, Ермек Альбина

Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Қорытындылау

Мұғалім: Қымбатты, балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Келесі кезекте ата-аналарымыздың балаларға деген ақ тілектерін тыңдайық.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Әліппе - білім анасы" 1 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 982 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 979
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Гулжазира Атчигалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5095
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 207 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 436 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек