Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты әліппемен қоштасу "Рахмет,саған Әліппе!"

Тәрбие сағаты әліппемен қоштасу "Рахмет,саған Әліппе!"

Скачать материал

                          

                                Рахмет ,саған әліппе!

 

 Мақсаты: Әліппе оқулығынан алған білімдері –барлық білім-ілімнің бастамасы екенін түсіндіру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру. Оқушылардың білімділік белсенділігін арттыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтиежесіне жетуге дағдыландыру.Еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанына 20 жыл толуына байланысты.Оқушыларды Отанды сүюге,болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді,білікті адамдар керек екенін аңғарту.Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,әдет-ғұрып,салт-дәстүрді сақтар,әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

 

 Көрнекіліктері: «Рахмет,саған әліппе!» тақырыбы                                                                   

 Еліміздің картасы, әріптер, оқушылар салған суреттер, шарлар. Әліппе, Ана тілі оқулықтарының макеті.        

 

 

Қазақстан Республикасының мелекеттік «Әнұран» орындалсын.

 

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!«Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті ,міне бойларың

Өсті,міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

 

 

Ғалым:

1.Ассалаумалейкум  , халайық!

Нұрай:

2. Армысыздар құрметті қонақтар: Бүгін  біз шексіз  қуаныштымыз.Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

Ғалым:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз  , ұстаздар, ата- аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Нұрай:

Шаттанамын , мен бүгін шаттанамын,

Әріп сырын түсіндім , мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де ,

Түстей болып  міне бүгін артта қалды.

 

 

Диас:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың

 

 

Ғалым:

-Бүгін біздің құанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.

Нұрай:

 

- Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге              мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім:олай болса,  той иесі Әліппемізді ортаға  шақырайық.

 

Бәрі: Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата- аналар.

Болашаққа жол бастап,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі Қазақтың

Басталады сендерден. 

Анаргүл:

Армысыңдар, аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Мирас:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

 

 

Гүлназ:

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

Нұрхан:

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

 

 

Назерке:

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Мырзахан:

Ең алғаш алғанымда Әліппемді

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді.

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

Сезім:

Қымбатты менің Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

Альбина:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім. 

 

Ән: хор  «Әліппе»

 

«Ертегілер» әуені ойналып тұрады .Кейіпкерлер залға кіреді.

 

 

 

 

 

 

Балық:

-Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын!  Мыналар не,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен? Қап, оқи алмаған қандай жаман!

 

гүл:

Сәлеметсің бе !

Аю:

Сәлеметсің бе түлкі!

Түлкі :

-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю:

- Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі :

- Кел аю, екеуміз бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Қоян : Сәлеметсіңдер ме достар!

 

Екеуі:

Сәлеметсің бе қоян!

Қоян:

-Айтыңдаршы екеуіңіз не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Екеуі: Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.

Қоян:

А, олай болса бірге оқиық , мен де оқығым келеді.

Екеуі:

Кел онда, оқысақ оқиық.

Тиін:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі:

Сәлеметсің бе тиін!

Тиін:

Барлығың мында жиналыпсыңдар , не істемек ойларың бар?

Үшеуі:

Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.

Тиін:

Онда  бірігіп оқиық.

Үшеуі:

Оқысақ оқиық!

Тышқан:

-Сәлеметсіңдер ме достарым!

Төртеуі:

-Сәлеметсің бе Тышқан досымыз!

Тышқан:

-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі:

Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.

 

Тышқан:

- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді , бірге оқиық!

Төртеуі:

Оқысақ оқиық!

Аю:

-Менің ойымша бұл- «бал» деген  жазу

Түлкі:

-Ал,менің ойымша бұл- «Та- уық» деген  жазу.

Қоян:

-Ал,менің ойымша бұл- «Сә- біз» деген  жазу.

Тиын:

-Жоқ, жоқ бұл – «жаң-ғақ» деген жазу

Тышқан:

-Не деген көп жазу , бұл қандай сөз болды екен  а?

 

 Әліппе:

-Неге дауласып жатырсыңдар достарым? Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар ,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға  оқып көмектесейік.

 

Балалар:

Мек- теп.,Отан,Ана.

 

Аңдар:

Мектеп? Мектеп деген не?

 

Әліппе:

-«Мектеп» деген- балалалар оқып ,білім алатын  үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «А» сыныбында алғаш кітабы Әліппемен қоштасу салтанаты өтуде. Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.

 

Ән: « Мектебім» Сөзі:.Қ Мыңжановтікі

                               Әні. М.Омаровтікі

                               Орындайтындар:   Нұрай, Айгерім

 

Мұғалім:

-Иә, сендер 4 ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар.Әріптер қандай сыр шертеді екен?Олай болса , әріптерге кезек берейік

 

А әрпінен  есімім,

Айтсам сөздің кесімі

Аида қыз мен боламын,

Айдай өсіп толармын.

 

 

 Ә-Әділбек

«Әдеп –тәртіп ,білеміз,

 Әдеппен сөйлеп күлеміз.

 Әрқашан жұрт алдында,

 Әдеп сақтап жүреміз.

 

Б әрпінен басталған,

Батырбек менін есімім                                    

Батыр бабам әрқашан

Ардақтаймын есімін.

 

В- Даниел

Володямен дос болдым,

Вахитпен де дос болдым.

«Вовик досым» деп едім,

Вованың көңілі қош болды.

 

Г дегенің Гүлназ,

Гүлназ деген- мен бала.

Жақсы оқысам сабақты,                           

Аламын ылғи «5 тік»баға.

 

1)Д - дан басталар - менің атым Диляра,

Әріптерден қаламын ба мен қалыс.                          

Достарыма  тілейтінім –алдымен

Денсаулық пен мол табыс.

 

Ж-Жансая

Жақсы көрем інімді-

Жақын бауыр –күнімді

Жалынды жас ,әдепті

Жарқын інім-білімді.

 

«З» әрпімен  көркемделген.

Заң сөзімен заманымыз өркендеген.

Заңгер болу- Айсұлудың арманы,            

Заңғар болу бар баланың  арманы.

 

 

И-Нұржан

Иманды жан-әдепті,

Иман –сенім әдепкі

Имандылар біледі

Имандылық әдетті.

 

2)К-Қаракөз

Көкем –менің тірегім,

Көкем сүйер түлегін

Көп жұмысын орындап,

Көмекші боп жүремін.

 

3)Л-Алмат

Лайықты ісім бар,

Лайықты күшім бар

Лепірмей істеймін,-

Лайықсыз бөспеймін.

 

М-Манас

Момынды жұрт жақтаған

Момындықтан бақ табам.

Мол жұмысты бір өзім

Мойымыстан атқарам.

 

4)Н-Нұрдана

Н әрпі Нұрданамын мен деген

Білім іздеп ,оқу оқып терлеген.

Үздік оқу,саналы өріс біліммен,

Айтыңызшы ,бәйгеден кім келмеген?

 

5)О-Нұрхан

Отанымыз –анамыз,

Отан сүйген баламыз

Оқып ,білім аламыз,

Оты болып жанамыз

 

6)Ө-Анаргүл

Өсті біздің санамыз.

Өмір сүйген баламыз,

Өлең-жырды жаттаймыз

Өнер сырын табамыз.

 

 

 

 

 

«Р» деген Райхан қызыңыз.

Қуанышпен айналаға қараңыз.

Риза болсын біліміңе балдырған,                

Еліміздің игілігіне жараңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

7)С-Сағыныш

«Сабырлы жетер мұратқа-

Сабырсыз қалар ұятқа».

Сабырың-ақыл туындай,

Сабырдың туын құлатпа.

 

8)У-Меруерт

Уақыт қарап тұрмайды,

Уайым ойды ұрлайды.

Уақытында іс қылсаң,

Уақыт бірге зырлайды.

Ү-Зарина

Үлгі етіп ісін,әр ізін,

Үлкенді сыйлау –парызың.

Үгітпен болмас сыйласым,

Үлгімен көрсет парызын.

 

Х-Айсұлу

Халқымыз-біздің анамыз,

Халқымыз-асыл панамыз

Халыққа қызмет етеміз,

Халықтан қуат аламыз.

 

 

«Ш»әрпінен басталған.

Шаттық балаң мен болам.

Шыншыл ,шебер,шыныққан                 

Шынайы шаруа тындырған

 

 

 

 

Ы-Зарина Т.

Ықылас ,ынта –сезімде,

Ынтық бол,білім «көзіне»

Ынтамен ұғын білімді,

Ықтияр кілті –өзіңде.

 

І-Сезім

Іздену-ісің ізгілі,

Іңкәрлік-мақсат тізгіні

Ілтипат жасап,сүйе біл

Ілімшіл,ойшыл ізгіні.

 

 

 

 

 

Т-Альбина

Талмастан алға баратын,

Талабың-ұшар қанатың

Тағлымы ердің-өнеге

Талаппен үлгі алатын.

 

Орыс биі «Соловушка»

 

 

Әліппе:

-Жарайсыңдар  балалар! Құрметтеріңе рахмет. Енді меннен алған білімдеріңді «Ана тілі» пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым, Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар!

 

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

 

Балалар:

Сәлеметсіз бе Ана тілі!

 

Ана тілі:

Мен Ана тілі оқулығы боламын. Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын- жазушылардың шығармаларын, ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

 

Бәрі:Оқимыз, оқимыз.

 

Ана тілі:

Ал балалар, осы Әліппеден сауаттарыңды ашып, оқу мен жазуға үйреткен кім?

Барша жұртқа сыйлаған,

Ілім- білім мұратын.

Өмірдегі сыйлы адам,

Бес әріптен тұратын.    (ұстаз)

 

Әліппе:

Жаны шуақ , мейірлі,

Ұстазды кім білмейді?

 

Олай болса ұстаздарға арнап Нұрайдың орындауында

 «Ұстазым» әні. Қабыл алыңыздар!

 

 

 

 

Ана тілі:   «Криптограмма шешу»   ойын

                    Сандар арқылы сөз шешу.

                    Рахмет ,саған әліппе

 

 

«Ча-ча-ча» биі   Диас,Даниел, Райымбек,

                              Гүлназ,Нұрай,Зарина

                            

                                

     

 

 

Ал,енді әліппені басынан,аяғына дейін  өте жақсы меңгерген үздік оқушымыз және класымыздың мақтанышы аудандық «Зерде» шығармашылық жобалар жарысының жеңімпазы Өтемісова Нұрайдың салтанатты түрде әліппені мектеп алды даярлық  тобының оқушысына табыс ету рәсімін жасасын.

 

 

Әліппемен қоштасу

Әліппе сауатыңмен санамды аштың

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп, әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым

Ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.

Орындаймыз әліппе ақылыңды,

Жарысқанда жазамын тақымымды.

Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,

Арттырамын ғылымға құштарлықты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе:

Бәрі жақсы , балалар: Енді мен сендермен қоштасайын..алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Ата- аналарыңызды тыңдаңдар.Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар, ұқыпты ұстаңдар, онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің,

Оқығандарың есте болсын.

Күнделіктерің 5- ке толсын.

 

 

Бәрі.

-Бізге білім алып берген,

 Қош бол ,құтты Әліппем,

 Қош бол ,құтты Әліппем!

 

 

Ән: «Ертегілер»  әні Нұрай

 

 

 

Мұғалім:  Қымбатты, кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің -өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына болсын! Елдеріңді, жерлеріңді сүйетін жақсы азамат болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін! Балалардың осындай дәрежеге жетуіне ата-аналардың да қосқан үлесі зор.  Ата –аналарымызға көп-көп рахмет айтамыз!

 Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты әліппемен қоштасу "Рахмет,саған Әліппе!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 053 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 571
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жулаева Айнагуль Айткуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жулаева Айнагуль Айткуловна
    Жулаева Айнагуль Айткуловна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23444
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе