Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Тәрбие сағаты "әліппемен қоштасу" 1сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "әліппемен қоштасу" 1сынып

библиотека
материалов

Күні: 22. 12. 2015

Өтетін орны: АКТ залы

Сыныбы: 1 «г»

Мұғалімі: Калданова М.

Ертеңгілік: Әліппемен қоштасу

Тақырыбы: «Қош, сүйікті Әліппе!»

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден үйренгендерін, балалардың өнерін ата-аналарға көрсету.

Сахнада сөйлеу, жүріп тұруды қалыптастырыпу. Тіл байлығын дамыту.

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға , ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, слайд.

Кіріспе:

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүгінгі біздің әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдініздер! Ардақты ата-аналар бүлдіршіндерініздің білім жолына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Ендеше қадірменді қонақтар «Қош, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің басты кейіпкерлерін ортаға шақырайық!!!

Жүрісі

Мұғалім: Өсті міне бойларың Өсті ақыл ойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың!

Оқушы: Әліппені ең алғаш үйретіп Шуақ болып, күн нұрына бөлентіп Әдепті де талапты бол дейтін бізге, Ұстазым мың алғыс сізге!

Оқушылардың орындауында

Хор: «Мұғалім ол біздің» әні

Мұғалім: Балалар - Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар Ол – сүйікті әліппе! Ол – сүйікті әліппе!

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, ендеше сүйікті әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе ортаға шығады : -Армысыңдар жас достар! Армысыңдар ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың Басталады сендерден! Мұғалім : Әліппеміз келді міне ортаға Қане енді көрсетейік балалар Не үйрендік әліппеден, баршаға

1 Оқушы: Әліппені құрметте, Күтіп ұста кірлетпе Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке.

2 оқушы: Алфавитті үйрендік, Онда жүйе қалып бар Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар

3оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте , Оқимыз қазір ертекте, Үйретті оны әліппе.

Мұғалім: Ал ендеше балалар, Қонақ кәде деген бар Әліппе сізге арналған Биімізді қабыл ал!

Би: Ишанбек Шұғыланы шығыс биімен қабыл алыңыздар.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар! Бірақ мына күніміз, Бұлт ішінде қалыпты?! Шешуін тапсақ жұмбақтың, Күн күлер бізге шуақты.

Мұғалім: Олай болса балалар бұлттардың жұмбағын шешейік Бұлттардың тапсырмасы: 42 жауынгер, Сап түзеп тұрады. Бүлдіршіндер қауымы, Сырын терең ұғады. «алфавит» Жазу жазып жалықпаған Жаза жаза арықтаған. «бор» Алты қырлы Алтын сырлы. «қарындаш» Қабат –қабат қаттама Ақылың болса аттама. «кітап»



Күн: Бұлт торлап бетімді, жабырқау тұр едім Білімді жас достар, көрсетті көмегін. Әліппе, балалар рахмет сіздерге Сіңірген бойына білімнің сәулесін.

Мұғалім: Расыменде Әліппе , Күлді міне күн бізге. Алғыс болсын қабыл ал, Ән шашуымыз сізге!

Ән: Смағұлова Інжудің орындауында «Гүл көбелек» әні

Әліппе: Рахмет балалар!

Мұғалім: Әліппе сіз асықпаңыз Тілек бізде көп әлі Қане-қане қызықтаңыз Ал балалар кел бері

1 Оқушы: Іші толы әріпке Мынау – әйбат Әліппе Барлық ілім-білімнің Әжесі- осы Әліппе

2 Оқушы: Әліппе деген алтын жол! Апарар сені алысқа, Жеңіл емес, ауыр жол, Тырысып бақ намысқа!

3 Оқушы: Әріптерді жаттаймыз, Есте мықты сақтаймыз. Ұмытпаймыз бәрінде, Атын, затын, түрінде.

Әліппе: Ой, не деген керемет! Бүгінгі мына сый- құрмет. Куанып тұрмын мына мен Бақытқа бүгін бөленіп!

Мұғалім: Иә, балалар әліппеге біраз өнер көрсеттік, Бізбен тағы достасуға балалар, Әліппемен сыңар деуге болады. Барлық білім атасы, Әліппенің ажырамас жолдасы Ана тілі, келе жатқан сол болар!

Әліппе: Ендеше құр тұрмайық, Ана тілді мың бұралған бишімізбен қарсы алайық!

Би : Шаңытбай Әсемді үнді биімен ортаға шақырамыз

Ана тілі: Армысыздар аналар ! Армысыздар ұстаздар! Армысыздар балалар ! Әліппе досым армысың! Достарым сендердің білім жолдарың енді менімен бірге жалғасады.

Кел балалар оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей ақ табылар

Мұғалім: Балалар міне Ана тілі бізді оқуға шақырып жатыр. Қане ана тілге алғысымызды білдірейік.

1 Оқушы: Ана тілің - арың боп, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

2 Оқушы: Ақыл-ойын дананың Ана тілден аламын Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның.

3 Оқушы: Ана тілім - елдігім Ана тілім - ерлігім Ана тілім болмаса Бүтінделмес кемдігім

4Оқушы: Аяулы , абыройлы ана тілім! Өсемін саясында қанатыңның. Ең алғаш осы тілде ана дедім, Со сөзді тілдің басы атар едім.

5Оқушы: Ана тілі біздің туған анамыз! Анамыздай сыйлап бағып қағамыз. Ана тілін бағаласақ қалай біз, . Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ана тілді құрметтеу Білің бізге міндет деп! Әнде шырқап берейік Билеңдер қане тұрмай тек! Киікбай Нұршат, Спан Қарақат, Темірхан Альбинаның орындауында «Бала тілегі» әні

Әліппе: Тамаша балалар! Ана тілді бір қуантып тастадық!

Ана тілі: Иә әліппе досым, саған рахмет, балалар өнерлі екен.

Әліппе: Ал балалар қоштасатын сәтте келді.

Мұғалім: Қане балалар, Әліппені, әндетіп шығарып салайық

Хор: Әліппе

Әліппе: Қош болыңдар балалар Ендігі сапар сіздермен Ана тілі жалғасын Бойларыңа нұр толып Қанаттарың талмасын! Қош болыңдар!

Оқушылар: Қош бол Әліппе!

Мұғалім: Балалар бүгінгі біздің ертеңгілігімізді тамашалауға келген қонақтарға зер салайықшы.

Балаларға бар жанымен қуанған Әр ісіне шын уайымдап қиналған Бір әулеттің баласындай, әр үйдің Ұл мен қызын саясына жинаған. Олар кімдер балалар? Хормен: Ұстаздар

Оқушы: Ұстаздар! қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Мұғалім: Иә! Ұлағатты ұстаздар, біз сіздер салған сара жолмен жүріп өтуді алдымызға мақсат етеміз!

Ендеше мектебіміздің директоры Қаламқас Қалиқызына сөз кезегін береміз. Оқу ісінің бас орынбасары Інжу Өтегенқызына. Оқу ісінің орынбасары Үмітхан Әмірқызына.

Мұғалім: Әліппе қоштасты бізбенен Ана тіл достасты ізетпен. Оқуды шыңдаймыз енді біз Аналар қуансын жүрекпен!

1оқушы: Жанымызды жайнатқан, Сіздер ғой ол аналар. Зор денсаулық мол бақыт, Тілейміз біз балалар.

2оқушы: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжелерді ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Қорытынды:

Мұғалім: Құрметті ата- аналар бүлдіршіндеріңізге ыстық лебіздеріңізді білдіруге сахна төріне шақырамын. Қадірменді қонақтар бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппе! » атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!









Ақшұқыр мектеп- лицейі



Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

«Қош,

сүйікті

Әліппе











1 «г» сыныбы. Сынып жетекшісі: Калданова М.Д.

Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров78
Номер материала ДБ-080684
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх