Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты. "Ұлыстың ұлы күні"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Тәрбие сағаты. "Ұлыстың ұлы күні"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз !!!

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу

Орындайтын: (Кемпір мен шал келеді.) Шал, Кемпір, Бала, Келін: Кемпір: Ух! Шал екеуіміз талай үйге кіріп шықтық , ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы ниетіміз бен тілегімізді білдірдік. Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт біршама болып қалыпты, келін шырағым, адыраспан әкелші, үйді аластап жіберейін. (үйді аластайды) Алас-алас, әр пәледен алас! Қараңғы – жарыққа, ызғар – жылыға, Қара – аққа ауыссын! Жамандық кет! Бәле – жала кет! Алас! Алас! Сор – баққа, кесір – киеге. Жоқ – барға ауыссын! Жамандық кет! Бәле – жала кет! Алас! Алас! Балалар төрге қос шырақ жағыңдар.Үйдегі ыдыс атаулының бәрін аққа, ырысқа, кәусәр бұлақтың суына толтырып қойыңдар. (үйде абыр – сабыр әрекет жасалады, төрге қос шырақ жағылады) Кемпір: Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ құяды).

Келін: Дән тасқын-тасқын түсімге бай болсын! (ыдыстарға бидай, тары салады).

Бала: Ата, әже, осы бүгін қандай күн өзі. Таң атқалы тыным жоқ. Үйді жылан жалағандай тазалап, түрлі-түрлі тамақ әзірлеп, үстімізге бір киер киімімізді киіп алдық. Бұрын «жат, жат» деуші едіңдер, бүгін міне түн ортасы болды әлі ұйықтаған жоқпыз.


Әжесі: Балам, бүгін ерекше күн. Наурыздың 21-ші жұлдызы. Осы түні даланы Қызыр аралайды. Бүгінгі түн «Қызыр түні».


Бала:Ата, Қызыр деген кім?


Атасы: Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, аяулы бабамыз жақсылықтың жаршысы. Жаңа түскен күн рәмізі – Қызыр баба даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ертіп жібереді екен. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:

Саумалық, Саумалық,

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?

Саумалық, Саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме; көрдің бе?

Ауыл аналары табалдырық үстіне жаңа сауған сүтті шөмішке құйып қойып:

Саумалық, Саумалық,

Жаңа келген жақсылықты

Көрдік пе, көрмедік пе?

Саумалық, Саумалық,

Сүті коп, көмірі аз.

Жаңа жыл, жарылқа,

Ескі жыл, есірке —

Деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» деп ырым жасаған.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ендеше, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Жүргізуші: - Шілік біткен бүрленіп,

Дала әсем түрге еніп,

Масайрады бар әлем

Құтты жаңа жыл келіп.

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын,Наурыз той

- Ұлы күні ұлыстың!


Жүргізуші : Өлкемізге шуақты көктем келді.

Ол жай келмеді,құстарын ерте келді,шуағын себе келді.


Жүргізуші: - Өлкемізге Наурыз келді.

Ол жай келмеді,жаңа күнді,жаңа жылды өзімен бірге ала келді.

- Жаңа жыл, Наурыз күні, Наурыз тойы құтты болсын! Елімізге тыныштық,бейбітшілік, береке,бірлік,бақыт пен байлық бірге енсін.


Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік,қазанымыз аққа толсын, қорамыз малға толсын,отбастарыңыз аман болсын. Наурыз тойына шашу құт болып шашылсын!

Хор «Құтты болсын әз наурыз» әні

Жүргізуші: - Ал ,балалар тойға құр келмеген шығарсыздар. Ақ тілекті ағыта берейік,кезек өздеріңде:

1. Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!

2.Жаңа жыл, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырс,құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наруыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.

Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

3.Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!


4.Мықты болып деніміз,

Күйге толсын төріміз.

Ашық болсын көгіміз,

Сатылмасын жеріміз.

Шалқып айдын көліміз,

Асып-тассын кеніміз,

Егіз туып төліміз,

Дәнге толып беліміз,

Ел байлыққа кенелсін

Ұлы алаш еліміз!


5.Желеп-жебеп піріміз,

Таза болсын дініміз.

Жауқазындай жалындап,

Өркендесін тіліміз!

Шаттығымыз-жырымыз:

Жаңа Наурыз жылымыз,

Ақ тілеумен осындай

Бақ боп үйге кіріңіз!


6.Екеу болып бір малы,

Апамдар жүр мәз болып.

Күйге толды қыр маңы,

Өзен-көлге қаз қонып.

Жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз, 
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз.
Би билейміз бәріміз.
Би:ұлдар тобы

7.Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Ұлттық ойындар кезеңі

Жүргізуші: - Тойымыз енді қызып жатқандай,той –тойға ұлассын!

Жүргізуші: - Тойдың сәні ән,би,ойын емес пе? Ұлттық ойындарымызды ойнап,бір жасап қалайық. Мына біздің жігіттеріміз сақаларын сайлап,сәйгүліктей дайын екен.Асық атып,мергендікті байқайық.

«Асық ату» , « Арқан тартыс»

Шарты : Ойында жеңілген айып төлейді,өлең айтады,тапсырма орындайды, дайындаған әндерін айтады, билерін билейді.

Ән. Қазақы дастарқаным

8.Уа,құдайым,оңдатып,

Қызыр бабам қолдатып,

Келіп жеткен сағынта

Жаңа жылда жарылқа.

Жаңа жігер –қуатпен

Арта түссін бар ынта!


9.Жаңғырып бар тіршілік,

Түрленді де дала,қыр.

Дүниені жыршы ғып.

Келді өлкеме Жаңа жыл!


8.Асыр салып шуақта

Қозы-лақтар ойнайды.

Сылдыр қағып бұлақ та

Наурыз тойын тойлайық!


9.Сүйіншілеп шабайын,

Қанат қақсын бала жыр.

Құтты болсын,ағайын,

Ұлыс күні –Жаңа жыл!


Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем Наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, тары, күріш бар,

Бар сүт ет пен шұжығы

Ащы құрты тағы бар,

Көже елдің ырызы.

Салтымен ата-бабамның

Жаңғырды қайта заманым!

Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз!

Қайырлы болсын, қадамын!

2.Ата – аналар үшін ұлттық –танымдық ойын.

1.Наурыз сөзін тарқатып айт. 2.Наурызша деген не? 3.Наурызкөк деген не? 4.Наурыз тілек деген не? 5. Наурызнама деген не? 6.Наурыз көже деген не? 7.Наурыз төл деген не? 8.Наурыз есім деген не? 9.Наурызшешек деген не?10. Ет тағамдарын ата. 11. Сүт тағамдарын ата. 12. Ұлттық ыдыстарды ата. 14.Қазақ киімдерінің түрлерін ата. 15.Әйел киімдерін ата. 16.Бесікке ырымдап тағылатын заттарды ата. 17.Музыка аспаптарын ата

Жүргізуші:Ұлы тойда , әдемі

Әннен шашу шашайық.

Ал,балалар,кәделі

Наурыз жырға басайық!


Ән: Наурыз көктем

І-жүргізуші:

Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады насихаттан жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.


ІІ-жүргізуші: Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.


Есте қалсын, жарқыным. /Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/: Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын! /осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/: Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім, Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім, Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім. /тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/

Қаз, қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам!

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін!

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

Беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады Тойға шашу шашылсын! Халқымның нұры тасысын!


Ата бата береді: Құлыным үлкен жігіт болсын!

Ата-анасына қызық болсын

Жақсылармен қатар болсын,

Жамандармен қатал болсын,

Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,

Берік бұтақ болсын.

Наурыздарың құтты болсын! Әумин


6. Наурыз тойдың қорытындысы

Жүргізуші : - Сіз боп, біз боп жалпымен, Қадірімен, парқымен Наурыз тойын өткердік Ата дәстүр – салтымен.

Жүргізуші : - Жалғасумен жылға жыл, Шабыт берсін жырға жыр. Өнер сүйер өрендер,Рахмет мың да бір !

Жүргізуші: - Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп Жаңа жыл, Бақ дарысын Бәріңе !

Жүргізуші : - Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа, Аман- есен жетейік Келер Наурыз тойына !

Би:Қыздар тобы

Бата-тілек:Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық. Қызыр баба:

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

«Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін! »

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын! Әумин!







Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-573748

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>