Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: "Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты: "Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!"

библиотека
материалов

Тақырыбы: « Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың

салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.слайдтар


Барысы:

1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

hello_html_m4fce7da4.jpg

Хор «Наурыз айы толғанда»

2-Жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

hello_html_m21518056.jpghello_html_m243860b5.jpg

Сая:

Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Айдын:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата – бабам тойлаған

Әз – Наурызым, армысың!


Жанбек:

Уа халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

hello_html_m6a86890a.jpg

Қарақат:

Армысың Наурыз,

Қуаныш боп, кір төрлет!

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

Назерке:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Аманбек:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.


Динара:

Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,

Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,

Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!


Би «Қамажай»

Айдар:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп

Дана:

Қош келдің Наурызым Ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.


1-Жүргізуші:Эленораның орындауында «Мереке» әні. hello_html_34f18dd4.jpg

2-жүргізуші:Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі.


1-Жүргізуші: Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тартыс»

арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)

Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)

hello_html_30765964.jpg

«Жігер» тобы жеңіске жетті.


Жұргізуші:Рахмет! Отырамыз!

hello_html_78bda659.jpghello_html_1bf6d327.jpg

Ұлдар арасында «Қол жығыспақ» ойыны

2-Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.Мен сіздереге сұрақтар қояйын,сіздер жауап беріңіздер.Сонымен


1-жүргізуші:Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.


Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.


2-жүргізуші:Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.

Наурызшешек – наурыз айында  өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.

Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.

Наурыз көже ұсынылады:қыздар таратады.

hello_html_2642d25c.jpghello_html_331fbe0f.jpg

1-Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.


2-жүргізуші:Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт-дәстүрлерге берсек …

1-Жүргізуші:

1.    Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жыл мен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

2.    Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

3.    Наурыз тілекдеген не?  (Жауабы: наурызтілек – достықкөңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасынан емес туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)

4.    Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз)

5.    Наурыз бата дегеніміз не ?   (Жауабы: халықтабатаныңтүрлерікөп. Соныңбірі – Наурыз бата. Мұнданаурызнамаөткізгендерге осы күнгеарнап, «наурызкөжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарғат.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)


2-жүргізуші:

1.Ұлыс күні адамдар бір – біріне не айтқан? (жақсы тілек айтқан)

2.Үлкен адамдар не берген? (бата берген)

3. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9)

4.Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады? (бәйшешек)

5. «Наурыз» сөзі қандай мағына білдіреді? (жаңа күн)

6. Тұсау кескен адамға не береді? (кәде береді)

7.Тұсауды қандай жіппен кеседі? (ала жіп)

8.Тұсауды кім кеседі? (жасы үлкен, өнегелі, жылдам жүретін, пысық адам)

1 – жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз.  Бізде үлкен атамыздан балаларыңызға бата беруінізді сұраймыз.

Ата: Ескендір

hello_html_m64ec93ef.jpg

Сұрасаң бата берейін,

Үстемболсынмерейің.

Ықыласпенқолжайсаң,

Ақтілектітөгейін.

Ұлысоңболсын,

Ақ мол болсын!

Қайдабарсаңжолболсын!

Ұлысбақтыболсын,

Төрттүлікақтыболсын!

Ұлысберекеберсін,

Бәле – жала жергеенсін!

Ұлыхалқымтоқболсын,

Көйлектеріңкөкболсын!

Уайым – қайғыжоқболсын,

Қуаныштарыңкөпболсын!

Әумин!

(бетін сипап бата береді.)




hello_html_47f75cba.jpghello_html_m2316f69c.jpg

Белсене қатысқан оқушыларды марапаттау үстінде

 1 – жүргізуші:  

Сәулесіндей  көріндей таңғы үміттің,

Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.

ЖасаНаурыз, жарқыра көкте күндей,

Мерекесі достықтың, мәңгіліктің.

2жүргізуші

Өлең өрлеп, жыр самғай,

Үйлесті әсем сәніміз.

Болады екен жыл сондай-

Қандай болса Наурыз!

Жан қалмасың жай тұрған,

Мәз болсын жас кәріміз.

Күй шертілсің, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

1жүргізуші

Наурыз құтты болсын,

Дендеріңіз сау мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытқа кенелсін!

Еліміздің несібесі көп болсын,

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын! Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет! hello_html_m65b09162.jpg


















Қаратөбе орта мектебі











6-сынып

Тақырыбы: « Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!»

Орындаған: Телеғұсова Шолпан















2016 жыл

Қаратөбе орта мектебі









Тақырыбы:



атты 6-сынып оқушыларының ашық тәрбие сағаты.







Орындаған: Телеғұсова Шолпан Жоламановна















Шебір -2016жыл


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-025661

Похожие материалы