Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Ұлттар арасындағы татулықты нығайту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Тәрбие сағаты "Ұлттар арасындағы татулықты нығайту"

библиотека
материалов

Мұғалім: Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы. Себебі, өткен жылы Мемлекет басшысы Нұсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп Жариялаған еді. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, халықтық сипатқа ие бұл шара жыл бойы еліміздің жер – жерінде айрықша мәнде аталып өтпек.


Ассамблеяның мақсаты:


Қазақ халқының топтастырушылық ролін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, қазақстан халқының азаматтық және рухани – мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.



Сабақтың барысы:


Студенттер Ассамблея туралы айтады.


1. Өзге ұлт өкілдері ұлттық тағамдары мен бірге құдайы қонақ болып құттықтап келеді.

2. Жүргізуші қазақ халқының ұлттық тағамдарын өзге ұлт өкілдеріне таныстырады және (өзге ұлт өкілдерініңде ұлттық тағамдарын қазақ халқына қысқаша айтып өтеді).

3. Жүргізуші жастарға қазақ халқының қол өнерін таныстыру үшін сөз кезегін береді.

4. Ортаға жеребе тасталып, жеребелерде жазылған өзге ұлт биінде билейді (үнді, өзбек, орыс, лезгин, қазақ т.б).

5. Барлық студенттер бірге қара жорға билеп аяктайды.




Тұрсынай:

Қазақстан халқы Ассамблеясы – 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Ел.

Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан Халқының бірінші форумында жарияланды.


Ұлзада:

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.


Бахтыгул:

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың ассамблеялары құрайды.


Жиенбай:

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциясымен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімінің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.



Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын – танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп келе жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез – келген үйіне түсіп, қонақ болған. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс, келеді» деген мәтелдер бар.


  1. Өзге ұлт өкілдері ұлттық тағамдары мен бірге құдайы қонақ болып құттықтап келеді.

2. Жүргізуші қазақ халқының ұлттық тағамдарын өзге ұлт өкілдеріне таныстырады және (өзге ұлт өкілдерініңде ұлттық тағамдарын қазақ халқына қысқаша айтып өтеді).

3. Жүргізуші жастарға қазақ халқының қол өнерін таныстыру үшін сөз кезегін береді.



Тұрсынай: Құрақтың шығу тарихы

«Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде» дейтін қазақтың қолөнерінің ертеден келе жатқан бір түрі, төл өнері – құрақ құрау. Қалған маталардың қиындысын жарамсыз етіп тастауды ысырап деп біліп, бір кәдеге жаратудың есебін тапқан. Мата қалдықтарын бір-біріне жалғап тігу арқылы құрақ құрау өнері дүниеге келген.

Тұрсынай: Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері — тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулен басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптел көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоңғарын тағады. шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақбау тағады. Оны шегі шырайналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.


Сұлу: Сандық — киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері Сандықты қайың, қара тал ағашының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр түрлі. Кіші сандықтар 30-60 сантиметр болса, үлкендері 60-120 сантиметрге дейін жетеді. Сандықтар кілттенеді не сыртынан құлып салынатын етіп жасалады.

Сандық — киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте-мөте қолайлы болған. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан бұрыштан аяқ орнатады. Сандықтың беті әр түрлі бояумен сырланып, өрнектеледі не айшықты қаңылтырмен, кейде өрнекті сүйекпен қапталады.


Сұлу: Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.


Самат: Киіз үй— Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

Толығырақ... Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады.Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі.Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қлоайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.


4. Ортаға жеребе тасталып, жеребелерде жазылған өзге ұлт биінде билейді (үнді, өзбек, орыс, лезгин, қазақ т.б).

5. Барлық студенттер бірге қара жорға билеп аяктайды.



Мұғалімнің қорытынды сөзі:


Бүгінді ашық тәрбие сағатымызда көптеген өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстық.

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет екенін, жалпы алғанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұратынын білеміз. Олар бір-бірімен тату – тәтті тұруының арқасында, қазіргі таңда еңбектерінің жемісін көруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. Бұл олардың бастарын біріктіреді.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» - демекші еліміздің бірлігі мәңгілікке берік болсын!


Маңғыстау гуманитарлық колледжі




«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

____________ С.К.Сармалаева

«11» наурыз 2015ж.







Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілген

ашық тәрбие сағатының жоспары.



Такырыбы: «Ұлттар арасындағы татулықты

нығайту!»











Өткізілген топ: ДТА-12, БА-11.

Топ жетекшісі: А.Б.Матжанова

Күні: 11.03.2015







Ақтау – 2015

Автор
Дата добавления 20.06.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров136
Номер материала ДБ-128064
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх