Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТәрбие сағаты "Ұлттық cалт-дәстүрлер" (2 сынып)

Тәрбие сағаты "Ұлттық cалт-дәстүрлер" (2 сынып)

Скачать материал

Нұрғалиева Бақыт Қазыбайқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы Бексейіт орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Т/с тақырыбы:  «Ұлттық салт-дәстүрлер»

Т/с мақсаты: 1.Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың  салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру.

2.Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3.Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар

Т/с барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Кіріспе /мұғалім сөзі/

   Құрметті ұстаздар,оқушылар  және ата-аналар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең»

   Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.

   Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.

  Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген  әрекеттер.

    Адамның өмір жолы ерекше оқиғаларға толы. Олардың барлығы, мейлі ол баланың дүниеге келуі болсын, үйлену тойы, Наурыз мерекесі болсын әртүрлі атап өтіледі.Әрбір оқиға салт-дәстүрге сәйкес атап өтіледі. Салт-дәстүр адамды дүниеге әкелгеннен бастап, көз жұмғанға дейін жетелейді.

      Шілдехана. Баланың шыр етіп  дүниеге келуі тек ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.Міне, осы күндері оның алғашқы тойы жасалады. Ол тойды шілдехана деп атайды.Оған көбінесе жастар жиналады. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.

      Бесікке салу.Үшінші немесе бесінші күнгі мейрам баланы бесікке салумен байланысты. Ол бесік той деп аталады. Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып саналады. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі.

      Қырқынан шығару. Қырқыншы күні «қырқынан шықты» салты өткізіледі. Ыдысқа қырық қасық су құйып, баланы шомылдырады. Баланың тырнағы мен шашын бірінші рет алады, сосын оларды әлдекімдер зиянкестік мақсатта қолданбас үшін көміп тастайды.

      «Азан шақыру» – ат  қою. Қазақтар осы бір салтанатты рәсімге ерекше мән береді. Балаға соған ұқсасын деген оймен атақты адамдардың атын қоюға, әдемі аттар беруге тырысады.Сәбиге көз тимей, мықты, әрі күшті болып өссін деген оймен ешбір елеусіз ат қоя салған жағдайлар да болған. Бұрын балаға ол туылған кезде болған оқиғаға байланысты ат қойған. Мысалы, ол наурыз айында туылса, Наурызбай, айт кезінде туылса, Айтбай, боранды күні туылса, Боранбай деп атаған.

-Сендер өздеріңнің аттарыңды кім қойғанын және неге олай атағандарын білесіңдер ме?

   Тұсаукесер. Бұл салт бала енді тәй-тәй басқанда жасалады. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын адамға кестіреді. Сүріншек, ақырын жүретін адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады.

    Сүндетке отырғызу. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызады. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз болып саналады. Бұл балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырады. Сүндетке отырғызу бала өміріндегі қуанышты кезең болғандықтан «сүндет той» жасайды.

    Ашамайға мінгізу. Балаға 6-7 жасқа келгенде ат сыйлап, қолына салтанатты түрде қамшы береді.Сосын атты ерттеп, баланы отырғызады, оған жігіт болғанын түсіндіре-ді. Бұл баланың рухын көтеріп, жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. Осындай салта-натты сәтте атасы немересіне бата беріп, әжесі шашу шашады, сыйлықтар, тәтті тағам-дар береді. Балалар бәйге ұйымдастырып, ересектер шағын той жасайды.

      Тоқым қағу. Тоқым қағу – баланың туған үйден бірінші жолға шығуына арналған той. Өз бетінше атқа отыруды үйренген  бала, туған үйінен алғаш рет алысқа шығады. Оның ата-анасы баласының бірінші рет жолға шығуын ғана емес, үйге аман-есен оралуын да атап өту үшін мал сойып, той жасаған.Бұл тойға ақсақалдарды шақырған. Қонақтар домбыра тартып, ән шырқап, айтыс ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтереді.

     Тілашар. Бала жетіге толғасын, білім алу үшін мектепке барады. Бұл күні баланы ерекше жақсы киіндіріп, мектепке қажетті құралдар ұсынады және шағын той жасайды. Бұл той «тілашар» деп аталады. Үлкендер жағы балаға бата беріп, «ғалым бол, ақын бол... және тағы басқа да» тілектер айтады. Баланың жаңа заттарына байғазы береді. Тәрбиенің мұндай әдісі балаға оған үміт артылғанын, өзінің ержеткенін, ол үшін жаңа әлемнің есігі ашылғанын сезінуге мүмкіндік береді.

- Қазақтың тағы қандай салт-дәстүлерін білесіңдер?            /Балалардың жауабын тыңдау/

  ІV. «Білгенге – маржан»  /Қазақ ырымдары/

* Қазақтар шашты жерге тастамайды – бас  ауырады деп ырымдайды.

* Шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке

   шалдығады деп түсінеді.

* Тырнақ өсірмейді – астына шайтан ұялайды дейді.

* Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға 

   шалдығады деп түсінеді.

* Нанды баспайды. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды деп ұғады.

* Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

* Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы немесе үкінің тұяғын қояды. Мұндайда 

   шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.

* Cәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ

   келеді дейді.

* Жазғытұры далада ұйықтамайды. Бұл кезде далада ұйықтап қалған кісі бет-аузы

   қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды.

* Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді, әруақ атады, сайтан жабысады деп қорқады.

V. Ойлан тап!

1-тапсырма:  Қандай тыйым сөздерді білесің?

 /Малды теппе, ақты төкпе. Отты шашпа, күлді баспа.Екі қолыңды төбеңе қойма.Есікті керме.Тұзды шашпа, баспа.Нанды бір қолмен үзбе/

2-тапсырма:  Жеті ата дегеніміз кімдер? Жеті атаңды ата.

/Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат/

3-тапсырма:  Киіз үйдің сүйегін және киіз үйдің жиһаздарын ата.

/Киіз үйдің сүйегі: шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық/

/Киіз үйдің жиһаздары: абажа, абдыра, ағаш төсек, асадал, жүкаяқ, кебеже, сандық, адалбақан/

4-тапсырма:  Ұлттық ойындарды ата.

/ақсерек пен көксерек, соқыртеке, асық ойыны, алтыбақан, қыз қуу, көкпар, теңге алу, күрес, санамақ, бөріктастамақ, шалма, жаяу жарыс, тобық, арқан тарту/

5-тапсырма:  Ұлттық киімдерді ата.

/Бешпент, қамзол, күпі, шапан, ішік, бөрік, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі/

6-тапсырма:  Жыл аттарын ата.

/Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз/

7-тапсырма:  Сүттен, еттен және ұннан жасалатын тағамдарды ата.

/Сүттен жасалатын тағамдар: айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, май, қаймақ, сүзбе,кілегей/

/ Еттен жасалатын тағамдар: қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, шұжық, мипалау, нарын, қарынбөрте/

/Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, нан, жайма, пәтір, қаттама, бөкпен, быламық/

VІ. «Адамның бір қызығы бала деген»  /Көрініс тамашалау/

«Жаңбырменен жер көгереді,

Батаменен ер көгереді» /Бата беру/

Тума бауы берік болсын,

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Көп сөздерге сынап ерсін.

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау болсын, ауырмасын,

Жарқын жүріп қауым барсын.

«Қазақ  ұлы»  деген аттан

Өмір бойы айырмасын.

Әумин!  

VІІ. Қорытынды /мұғалім сөзі/

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз!  –  деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ұлттық cалт-дәстүрлер" (2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 727 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2015 34230
    • DOCX 21.8 кбайт
    • 860 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Бакыт Казыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургалиева Бакыт Казыбаевна
    Нургалиева Бакыт Казыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34320
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек