Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты "Мұқағали кеші"

Тәрбие сағаты "Мұқағали кеші"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жыр деп соққан жүрегім...» атты мүшәйраның сценарийі

Мақсаты:

Музаға

Мұқағали Мақатаев



Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің?
О, Муза! Құйын желдей.
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,
Қаңыраған иесіз диірмендей.
Мұздатады жанымды бұйым көрмей.
Жел үреді желпініп, көрік-кеудем,
Күйім келмей отырмын неліктен мен?!
О, Муза!
Қайдасың сен желік берген?
Жалын мен отқа ғана ерік берген
Серігім, қайдасың сен сеніп келген?
Дәптер жатыр парағы аударылмай,
Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай!
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,
Тонна-тонна қорғасын салмағындай.
О, Муза!
Әуреге салғаның-ай!
Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Қисаң маған, биік пен тереңді бер!
О, Муза!
Маған алыс сөреңді бер!
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.



Армысыздар құрметті өнер сүйер, өлең сүйер қауым! Абайдың мұңын, Мұқанның сырын жеткізген өлең деген киелі өнердің майталмандары аз болып па еді?! Халқына деген махаббатын жүрегінің сырлы да нұрлы сезімін әсем өрнекті шумақпен жеткізген ақын деген халықтың қазынасы –халық, махаббаты - өлең болған. Түн мен таңды алмастырып шабыт күткен қазақта небір шайырлар болғаны рас. Талайлары қилы кезеңнің, сайқал кертартпа саясаттың құрбаныда болды. Ақын деген алмас тілді, жалын жүректі, қызу қанды халық..

Ақынға

Мұқағали Мақатаев

Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз.
Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,
Жанбайтын жерде жаныппыз.
Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Білгендер білсін,
Білместер, мейлі білмесін.
Қолдасын мейлі,қорласын мейлі,күндесін.
Қара тастан да мейірім күткен ақынды.
Қатыгез жандар ашынтып алып жүрмесін
Антейміз біздер,
Жеріміз біздің - халық-ты.
Халықсыз біздің Антейлігіміз қауіпті.
...Жұртына тастап кетпесе болды көшкенде,
Берендері үшін қорғасын құйған қалыпты.

Міне бүгін біздің ортамызға асылдың тұяғы болып жас бүлдіршіндеріміз өлеңнен қуат алуға келіп тұр.Өнерімен өрелі елді тамсандырғалы келіп тұр. «Қой асығы демеңдер, Қолына алса сақа ғой, Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой» деме пе еді дана халқымыз. «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» деген Абайдай дана атамыздың сөзімен ақындық өнерге тамшыдай болсын үлес қосам дейтін оқушыларымызбен таныстырайық..

(Оқушыларды таныстырып өтеміз)



Өренге қара өсетін

Өлеңге бар деп таласы.

Төрелік еткен төтелеп,

Әділдік еді бағасы.

Ақындарымыздың әділ бағасын беріп, өнерге шынайы көзбен қарайтын қара қылды қақ жарар әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

1

2

3

Олай болса ақындарымызға алдын-ала үйге екі тапсырма берілген болатын. Бірі кез-келген ақын өлеңдерінен жатқа мәнерлеп оқу болса, екіншісі жүрекжарды өз өлеңін оқу.

Абай менен Шәкәрім,

Елінің дара тұлғасы,

Мұқағали мен Сәкеннің

Өлеңі сезім тұнбасы.

Кешегі өткен Қадыр да,

Халқым деп өтті бір басы.

Өр Мағжанменен Қасымда,

Ерліктің болды құлжасы.

Қабдікәріммен Дихан да,

Өлеңнің сұлу сырғасы.

Солардан қалған бір жырды,

Оқиын жұртым тыңдашы, - деп келген ақын балаларымыздың өлеңдеріне құлақ асайық.(Оқушылар ақындар өлеңің оқып болған соң, әділқазылар алқасы бағасын түртіп қояды)

Тұлпармын шабар қияға,

Алдынан күтер мәресін.

Ақынмын жазған жыр жақұт,

Өлеңмен берер кәдесін.

Ендігі кезек ақындарымыздың өз өлеңдеріне беріледі. Олай болса төрімізге алғашқы болып шығатын ақынымызды шақырайық.Ал, әділқазылар алқасы шынайы талантты бағалай отырайық. (Ақындар кезекпен шығып өз өлеңдерін кезектесіп оқиды)

Кезекті шешуші сәткеде келіп жеттік. Ақындарымыздың бағасын беру үшін әділқазыларымызға сөз берейік. Пікірлері мен ескертпелерін тыңдай отырайық.(Марапаттау)

Ақиық ақын Мұқағали: «Ақынды ақын күйелесе ол қайғы, Ақынды ақын сүйемесе болмайды» - деген екен. Сонымен қоса енді ғана қолына қалам алған ақынжанды жандарға сенікі қате деп тыйып тастамай, көркем мінезімен дұрыс жол бағыттаған екен.Біздер де, сіздер де көркем мінезбен көрікті ой айта білейік. Олай болса, ақындық жолын арман еткен бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз! Баршаларыңызға алғысымызды білдіре отырып,келесі жүздескенше ел аман, жұрт тыныш болсын демекпіз.














































Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров80
Номер материала ДВ-566266
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх