Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты: Манғыстау – татулық пен бірліктін Отаны

Тәрбие сағаты: Манғыстау – татулық пен бірліктін Отаны

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



КГУ «Специализированный экономический лицей»






Тәрбие сағатының тақырыбы:

Манғыстау – татулық пен бірліктін Отаны











Выполнила: Кулжигитова Баян Амангалиевна

учитель русского языка и литературы





















Актау 2015г.

Мақсаты: Еліміздің өсіп-өркендеуіне хал-қадерінше үлес қосып келе жатқан

ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен

ынтымақтастықты дәріптеу. Қазақстан халықтары

Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз

етудегі алатын орнын атап түсіндіру.

Өткізілу түрі: әдеби-монтаж

Жабдықталуы: Қазақстан Республикасының рәміздері, үнтаспа, Қазақстан картасы. "Қазақстан халықтарының Ассамблеясы" кітабы.

"Ассамблея Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырады, ұлттық тегіне қарамастан барлық азаматтардың құкықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді" деген Қазақстан Рсепубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жазылған плакат. "Маңғыстау" тақырыбына буклеттер, кітап көрмесі, нақыл сөздер, слайд, сөзжұмбақ

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Музыка ойнап тұрады: Құрманғазының "Сарыарқа" күйі.


1-оқушы;

Атағың дүниені аралады,

Сенде өсті бақыттың да жаңа бағы.

Жұлдыздың, айдың, күннің сырын үқты,

Қазақтың бүгінгі өскен балалары.


Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын,

Ел өсті ерлік істен тартынбайтын.

Бүгінім- абыройға жолдас болды,

Баратын ертеңге де жолым айқын.


2-оқушы:

Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,

Сенбісің Қазақстан деген аймақ.

Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,

Өмірдің думан-тойын жатқан тойлап.


Қырманы, Алатаудай мақтасы бар,

Сенбісің таусылмас кен, шахтасы бар.

Қойныңда адам үшін керек заттың, Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.


3-оқушы; -Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!

(Ортада өздері қолмен дайындаған Қазақстан картасы. Онда қай жерде не өндірілетіні көрсетілген.)


4-оқушы:ұрыс айтасың! Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де...

Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін-еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!


5-оқушы: -Ауданы 2724,9 мың кв. км. /1048,3 мың кв. миль/ Бес Франция сыйып кетеді.


6-оқушы: -Бес Франция! Керемет! Кең байтақ елімізде тату-тәтті тұрып

жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе!

Бір шаңырақта табысқан

Дос, бауыр көп туысқан.

Отан - ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз,

Ән /Хор/. "Отан ортақ үйіміз". Өлеңі: Е.Өтетілеуовтікі, әнін жазған

Д.Ботбаев.



7-оқушы:     Жердегі гүлім, көктегі күнім - Маңғыстау
Ақ махаббатым, мәңгілік жырым - Маңғыстау
Тебіренбей қалай- қалай шыдарсың
О, туған жер, шабыттың көзі шығарсың.
Бұйратты құмды, қасиетті таулы мекенім
Өзіңде туып өмірдің ұқтым не екенін
Аңсасам егер шалғайда жүріп мен сені
Қанат қып байлап сағынышымды жетермін.

8-оқушы:    
Қыранды өлкем , жыр-әнді өлкем - Маңғыстау
Сазды әуен қосып домбыра шертем - Маңғыстау
Керуен жолда төсінде жатқан не қилы
Бабалардың әжімді жүзі секілді.


9-оқушы:      
Маңғыстау - Қашаған мен Абыл өлкем,
Қырларын құйын кезген сағым өлкем.
Аңыздап мұнаралар аспаныңа
Атағың алыс кеткен дабыл өлкем
Маңғыстау - мұнаралар арманысың
Темірдей жұмысшының қолдарысың.
Аңсарын адамдардың арқалаған
Бастайтын болашаққа жолдарысың.

10-оқушы:    
Маңғыстауда "Адайдың бес жүйрігі" ақпа-төкпе, суырып салмалық қасиеттеріне қарай аталған. Олар мыналар: Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы

11-оқушы:      Мерей
Біздің Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облысымыз Өзбекстан, Түрікменстан Республикаларымен, Каспий теңізі арқылы Ресеймен шектеседі.Өлкемізден мұнай, ұлутас өндірілетінін мақтанышпен айта аламыз. Облысымызда 5 аудан бар: Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы.

12-оқушы:   Мереке 
Біздің тұратын ауылымыз Мұнайшы деп аталады. Біздің ауыл Қарақия ауданына қарайды. Қарақия ауданында ең терең ойпат Қарақия орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 132 м тереңдікте. Біздің ауылда өндіріс орындары, мекемелер бар.


13-оқушы:

Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бәріміз татумыз. Оның себебі қазақ халқы қонақжай, көпшіл, мейірімді. Бұл халықтың табиғаты дүниедегі ешбір ел-жұртқа ұқсамайды, Оның тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы сан алуан қырлы да, сырлы. Сондықтан қазаққа итернационализмді оқытып-тоқытудың еш реті жоқ. Ол - ұлт ретінде туа біткен интернационалист. Қазір шын мәнінде халықтар отбасы болып отыр.


14-оқушы:

Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 40-тан аса ұлттық-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық "Қазақ тілі", "Русская община" мәдени орталығы, "Стоки" мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, курд, қытай мәдени орталығы жұмыс істеуде. Елімізде ұлттық мектептер мен лингнистикалық орталықтар қызметі де дұрыс жолға қойылған. Оларда 23 ұлт өкілдері оқып, білім алады.


15-оқушы: -Иә, ұлттық-мәдени орталықтар мен олардыц филиалдарын қосқанда жалпы саны- 470. Сондай-ақ 20-ға тарта ұлттық газет, теле-радио хабарлары және 6 ұлттық театр жұмыс істейді.

16-оқушы: Қазіргі таңда Қазақстанда 14 тілде 218 газет және журналдар шығады. Украин, поляк, ағылшын, неміс, кәріс, үйғыр, түрік, дұнған, өзбек, татар және басқа тілдерде 7 радиостанция хабар таратады.

-Иә, осының бәрі ынтымақ пен бірліктің белгісі емес пе!



17- оқушы:    
О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең.
Саған көңіл бұлқынар күш ағынымен.
Сағынышты қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталғаны-ау.

ІV. Кезекті туған жер туралы мақал-мәтелдерге береміз.




Осыдан соң Т.Молдағалиевтің Ә.Бейсеуовтың әніне жазылған "Жастар жыры" әні орындалады.


Адал достық, ақ махаббат, ақ тілек,

Дүниедегі бар тәттіден тәттірек.

Досың болса көңілін тап әрқашан

Ренжітпе бетіне оның қатты кеп.

Достық - көңілдің жалауы,

Достық жүректің қалауы.

Достық озып біздерден

Еркін ертеңге барады.


Достык әні - бар дауыспен айтарым,

Достық үні - ең биік үн, байтақ үн.

Достым сенің ауылыңа, үйіңе,

Көңіліммен күнде барып қайтамын.

Ән: "Қазақстан -гүлстан". Өлеңін жазған: Т.Молдағалиев. Әні:

Ә.Бейсеуовтікі.

Қорытынды;

Міне, балалар, Қазақстан деген ортақ үйімізде әніміз де, сәніміз де жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осындай үлкен ынтымақты байқаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Кофи Анна "Қазақстан әлемнің өзге мемлекеттері үшін ұлтаралық татулықтың, тұрлаулы да тұрақты дамудың үлгісі" деп бағалады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының IX сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та қоғамдық институттың маңызды міндеті елдегі халықтар достығы, татулығы екендігін атап көрсетті. /Плакаттағы Президент сөзі оқылып талданады/

Дәуірле, дарқан ел - ерікті Ұлы Отан!

Шын достықтың сенімді тірегі!

Даңқты Отанның көгілдір туына,

Айнымас адалмыз, әрқашан сенеміз!





































Көрініс:

Әр түрлі ұлттық киім киген балалар шығады.

Түрік киімін киген бала:

Менің ұлтым түрік. Менің ата-бабам Қазақстанда ежелден тұрып келеді. Түріктер мен қазақтар түбі бір халықпыз. Түркиядағы түріктердің өзі Қазақстанды Отаным деп есептейді.

Түркістанды киелі, қасиетті жер деп қадір тұтады.

Достықтың болған емес шекарасы,

Одақтың мен де туған бір баласы.

Отанға берекені берді тағы

Қазақстан қасиетті кең даласы.

Ортаға татар киімін киген бала шығады:

Татар киімін киген бала:

- Мен татар баласымын. Бірақ Отаным - Қазақстан. Татарстан мен Қазақстан мәдениеті жағынан тығыз байланысты. Оған қазақ зиялыларының Қазақ баспасынан шыққан еңбектері куә. Ынтымақ достық береке, Бағымьв біздің жайнаган. Ынтымақ - бақыт мереке, Шаттыққа толы айналам*?

Немісше киінген бала шығады;

Ынтымақ таскымымен тастым да мен,

Кең жайдым құшағымды достыма мен.

Біргеміз өмірбақи Отандастар

Жалғасты өміріміз достықпенен.

-Мен неміс баласымын. Қазақстан өз үйімдей. Халқы да жайдары. Бұл жер ұлттардың "Достық Отаны" сияқты. Барлық ұлтты өз баласындай жақсы көреді. Қазақтың ұлы ақыны Абай неміс мәдениетін XIX ғасырда қазақ даласына алып келген.

"Қараңғы түнде тау қалғып" әнін орындайды. Сөзі: Гете, аударған: А.Құнанбаев.


18-оқушы:

Осы әніміз бен сәнімізді бұзбау үшін ұлт аралық татулық керек. Ел қауіпсіздігі дегеніміз - Қазақстанда тұратын әрбір этностың да қауіпсіздігі.


19-оқушы: -Иә, шынында да, біз қауіпсіздік, тыныштық, татулық, бірлік, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасының өрге басуының аса маңызды факторларының бірі болып табылатынын түсінуге тиіспіз.

/Осыдан кейін оқушылар ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтып, мәнін түсіндіреді/.

Мысалы:

1. Ынтымақ түбі - бірлік. 2. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.

3. Ынтымақ істі бітірер.

4. Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар.








Сынып сағаты

7 А



Манғыстау – татулық пен бірліктін Отаны









Өткізген: Кулжигитова Баян Амангалиевна



















Ақтау қаласы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров74
Номер материала ДВ-470073
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх