Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Видеоуроки / Тәрбие сағаты: " Мақтанышым - ана тілім "

Тәрбие сағаты: " Мақтанышым - ана тілім "


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Балбөбек» бөбекжайы КМҚК







Тақырыбы: «Мақтанышым – ана тілім»

ІІІ ортаңғы «Достық» тобы























2015 жыл



















































ТАҚЫРЫБЫ:Мақтанышым-ана тілім

МАҚСАТЫ: Балаларға ана тіліміз туралы түсінік беру,білімдерін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой өрісін,сөздік қорын дамыту.

Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Әдіс тәсілі: сұрақ жауап,өлең,тақпақ,ойындар.

Көрнекілік: Қанатты сөздер жазылған слайд, үлгі суреттер.









































Жүргізуші:Қайырлы кун,құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер,қонақтар!Бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын.Ана-тілі адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Қазақ тілім өз тілім ана тілім,

Абай,Мұхтар,сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім дей отырып,тіл мерекесіне орай өткізіліп отырған «Достық»тобының «Мақтанышым-ана тілім»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Ана-тілім өзгелерден бөлексің

Бала жүрек саған арнап жыр төксін.

Қай асылға теңесемде жарасар,

Ана-тілім баға жетпес өнерсің.-деп балаларымыздың келесі тақпақ өнерлерін тамашалаңыздар.

1.С.Іңкәр

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

2.Назым

Ақыл ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

3.Сезім

Ана тілі жүрегім,

Ана тілі тірегім.

Ана тілім болмаса,

Қалай өмір сүремін.

4.Айзере

Ана тілім айбыным,

Ана тілі ай күнім.

Ана тілім болмаса,

Керегі не байлықтың.

5.Әли

Ана тілім ерлігім,

Ана тілім елдігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кеңдігім.

6.Алмас

Ана тілін біліп қой,

Бостандығың теңдігің,

Ана тілін біліп қой

Мақтанышың елдігің.

7.Арина

Біздің ана тіліміз.

Шарықтасын үніміз.

Ана тілді ардақтап,

Барлық тілді біліңіз.

8.Нұрдәулет

Парыздармыз білуге

Қазынасын халқымның.

Ана тілін сүюге,

Бала жастан талпындым.

9.Қ.Іңкәр

Туған жердің төрінде,

Асыр салып ойнаймыз,

Кең далада шалықтап.

Барлық тілде сайраймыз.

10.Құралай

Қазақ тілі туын биік ұстаған,

Қазақ тілі-кең далама ұқсаған.

Қазақ-тілі-мәртебелі еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін міне ел сені.

11.Сара

Тілім барда мақтанам

Тілім менің әппақ-ән,

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

12.Ақерке

Ана тілін біліп қой,

Ана тілім ерлігім.

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін

Жүргізуші: Ана тілім –қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл,- деп кезекті әнге берейік

Ән: «Біздің ана тіліміз»

Жүргізуші:Балалар бізге арнайы келген қонағымызды қошеметпен қарсы алайық.

( Муз.әуенімен Ару-Ана келеді)

Ару-Ана: Сәлеметсіңдерме балалар,құрметті қонақтар!

Мен Ару-Анамын!Сендердің балабақшаларыңда тіл мерекесін тойлап жатыр деп естіп, сендерге қонаққа келдім.Өздерің әдемі гүлденіп жанып тұр екенсіңдер бәрекелді.

Жургізуші:Сәлеметсізбе Ару-Ана !Біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіз!Төрлетіңіз!Бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаңыз!

Би. «Қара жорға»

Ару-Ана: Бәрекелді өздерің ана тілдеріңді құрметтей біледі екенсіңдер жарайсыңдар,ал енді сендермен бір бой сергітіп алайық

------Қәне ұлттық ойын ойнау білеміз бе?

Олай болса, қазір мен сендермен бір ойын ойнағым кеп тұр

Ұлттық ойын «Хантаалапай»

Ойынның шарты.Мына асықтарды шашып жіберем кім көп жинайды сол жеңімпаз боп асық ойынын ойнайды.

Ойын 2-3 рет ойналады.

Ару-Ана :-Бәрекелді ойынды да жақсы ойнайды екенбіз.

Жүргізуші: Ару-Ана біздің балалар мақал мәтелдер де біледі соны тамашалайық.

Қәне кім тіл туралы мақал біледі?

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Өнер алды –қызыл тіл.

Тіл қылыштан өткір.

Басқа бәле тілден
Ару-Ана : Өнерлерің үстем болсын, талаптарыңа нұр жаусын!

Өзбекше би:Ару ана қыздармен бірге.

Ару-Ана: Балалар әрдайым осындай тату тәтті дос болып ,өз тілдеріңді құрметтеңдер сендердің өнерлеріңе риза болдым сау болыңдар келесі кездескенше!

САУ БОЛЫҢЫЗ!

Жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар! - дей келе осымен құрметті қонақтар «Мақтанышым-ана тілім»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз көңіл бөлгендеріңізге рахмет!




Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Видеоуроки
Просмотров209
Номер материала ДВ-319812
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх