Инфоурок Окружающий мир Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер"

Тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер"

Скачать материал

 

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы 

№8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

тәрбие сағаты

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 

«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР»

 

 

 

 

4 «Ж» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Қуатбекова Меруерт Малдыбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз - 2016ж

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»                                               15 желтоқсан 2016ж

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекшелігін зерделей отырып, халқымыздың ұлттық мұрасын жалғастырушы, оны әрі қарай дамытушы, патриот тұлғаның қолында екендігіне сендіру үшін жағдай орнату.

Міндеттері:

-          Оқушылардың сезімдерін ояту арқылы өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу;

-          Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық қарсаңында еліміздің қол жеткен табыстарын насихаттау;

-          Мұражайдың тарихи көрмесімен танысу

Көрнекілігі: слайд, жер шары макеті, «Бақытты болашақ» моделінің бөлшектері, «Көшпенділер» фильмінен үзінді.

 Барысы:

І. Ұйымдастыру. Мұғалім сөзі:

 Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман – деп қайсар ақын Қасым Аманжолов айтқандай, туған жеріммен мақтанамын. Бірақ, бұл күнге жеткізген кімдер? Осынау ұлан-байтақ жерде ата-бабамыз қандай күн кешкен? Өткен күндерге шолу жасап, тарихқа көз жүгіртелік. Мұқият тыңдап, ата-бабамыздың арманын, өсиетін тыңдайық сабағымызды бастайық. Экранға назарымызды аударайық. («Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіледі)

ІІ Негізгі бөлім.

-       Балалар, бұл фильм Сіздерге қандай ой берді? (Қазағымыздың өткен өмірдегі тіршілігі)

-       Қазақ халқы жүзге, руға бөлінген екен. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»  дегендей қазіргі уақытта қай жүзден, қай рудан тарағанын осы отырған оқушыларымыз біле ме екен? (Әр оқушы өзін, қай жүзге, руға жататынын атап, тақтаға таңба жабыстырады)

-       Абылай хан туралы не білесіңдер? (Қазақтың басын біріктірген хан)

-       Абылай хан тұсында кеңесші билері болған еді. Олар кім еді? (Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би)

-        Олай болса, мына көрініс арқылы Төле бидің даналығын байқайық.

Көрініс «Бір тал шыбық»

-       Төле бидің даналығы неде? (Бұл көрініс арқылы халықтың бірлігі мықты болса, оны ешкім жеңе алмайды деген ойға келуі керек)

-       Бірлігі жарасқан, қандай (тәуелсіз) елміз! Бәріміз де бірігіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табайық.

(Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу «Рәміздер»)

-       Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Басты белгілер деп нені атауға болады? (мемлекеттік рәміздер)

-       Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мемлекеттік рәміздер»

-       Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына өз білімімізді, өнерімізді тарту етейік.

-       Балалар, мына белгілерді біріктіру арқылы таңба құрауымыз қажет. Ол үшін 3 маңызды тапсырманы орындауымыз керек.

 

1-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы не білесіңдер?

 

 

 

1-оқушы:  

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ТуМем­ле­кеттік Ту — ор­та­сын­да шұғыла­лы күн, оның ас­тында қалықтап ұшқан қыран бей­не­лен­ген тік бұрыш­ты көгілдір түсті ма­та. Ту­дың са­бының тұсын­да ұлттық өрнектік жо­лақ түрінде нақыш­талған. Ту­дың ені 1м, ұзын­дығы 2м. Шұғыла­лы күннің, қыран­ның және ұлттық өрнек бей­не­лен­ген тік жо­лақтың бей­несі ал­тын түсті.

 

2-оқушы: Бұлтсыз көк ас­пан бар­лық ха­лықтар­да әрқашан­да бейбітшіліктің, ты­ныш­тық пен жақсы­лықтың ны­шаны болған. Көгілдір түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолында адалдығын білдіреді.

 

3-оқушы: Нұрға ма­лынған ал­тын күн ты­ныш­тық пен бай­лықты бей­не­лейді. Күн — қозғалыс, да­му, өркен­де­удің және өмірдің белгісі.

 

4-оқушы: Қана­тын жайған қыран құс бар нәрсенің бас­та­уын­дай, билік, ай­бын­ды­лық бей­несі. Күннің астында қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ ру­хын, қазақ халқының жан дүни­есінің кеңдігін паш етеді.

 

5-оқушы Мемлекеттік Туды қабыл­данған күн: — 1992 жылғы 4 ма­усым.

Рес­ми тұса­уы кесілген күн: — 1992 жылғы 6 ма­усым, Ал­ма­ты қала­сы.

Ав­торы: Шәкен Ни­яз­бе­ков болды.

 

6-оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті  - алтын күн,

Асқақа арман – қыраны,

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі мақтаны.                        (С.Қалиұлы)

 

7-оқушы:

Көк байрағым көрінсін тек биіктен,

Өтемін ғой оны мәңгі сүйіп мен

Қыран құстай самғаған біз елміз,

Тату-тәтті өмір сүрейік көп ұлтпен        

 

Тапсырманы орындап болғанда дөңгелек белгіні ілу

 

-       Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы әні мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй –деп Абай атамыз айтқандай, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Отаным -Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар

 

 

 

 

 

2-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы не білесіңдер?

 

http://goo.gov.kz/media/img/photogallery/4de733a450f42.jpeg 

1-оқушы:  Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібе­ков пен Уәли­хан Шот-Аман Ыдырысұлы. Елтаңбаның негізі – шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, 72 уық шаншылған.

 

2-оқушы:   Шаңырақтың айналасындағы уықтар пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Қанатты тұлпар аңыз әңгімелерден туған ұшқыр арманның, талмас талаптың, жақсылыққа құштарлықтың белгісі.

 

3-оқушы : Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын суреттейді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті.  

 

4-оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада – аспан әлемі

 

5-оқушы: Құт береке –шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты құс – қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

6-оқушы:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.  (С.Қалиұлы)

 

Тапсырманы орындап болғанда айқасқан таяқшалары бар белгіні ілу

 

Тәуелсіздік тойына

Тарту болсын бұл сабақ

«Қаражорға» биімен

Ашық болсын әр қабақ, - дегендей биді тамашалаңыздар!

 

3-тапсырма. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні туралы не білесіңдер?

 

1-оқушы:

 

2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Гимні қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды.

 

2-оқушы: Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздіку үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты.

 

3-оқушы:

Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алытн діңгегі – ел бірлігі баса айтылған.

 

4-оқушы: Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, жаңа ғимараттар, екерткіштер ашылғанда орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде тұрып, қолыңды жүрек тұсына қойып айту елге құрмет болып саналады.

 

5-оқушы:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым.

Жүрсем егер дүние кезіп.

 

6-оқушы:

Бақыт, бірлік - күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи жыр қалады –

Республикамның Әнұраны

 

7-оқушы:

                 Батырлық  бар  тегімде,

                 Көк  байрағым  көгімде

                 Әнұранды  жатқа  айтам,

                 Елтаңбам  тұр  төрімде

 

                 Елордасы -  Астанам,

                 Саған айтам  асқақ  ән

2                 Дүниеге  қазақ  боп,

                 Туғаныма  мақтанам!

 

Тапсырманы орындап болғанда 2 санын ілу

 

Мұғалім:

-       Ендеше, Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранымен айбатты.

 

Тапсырмаларды орындау барысында Тәуелсіздіктің

25 жылдық таңбасы шығады.

 

Мұғалім:

-       Ұлан –ғайыр кең жерімді басқарып отырған кім? (Президент)

 

 Құлақ түрем елімнің тынысына,

Мақтанам, қуанамын табысына.

Елбасы мен халқымыз аман болса,

Айналар Орта Азия барысына

 

 Оқушы : Барыс – биік тауда мекендейтін, өзінің тектілігімен, мәрттілігімен бағаланған аң. Елбасымыз Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған «Қазақстан - 2030» стартегиялық бағдарламасы бүгінгі күні кең байтақ өлкемізде орындалып жатыр.

 

Оқушы:

Ел болдық,еркін болдық Астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?!

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Президенттің атымен басталады

 

Оқушы:

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

 

Мұғалім: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының еліміз үшін атқарған ерен еңбегі халқымыз бағалап, құрмет тұтады. Оның ойы халық арманынан туған туындылар Еңселі Астана шаһарында көрініс тапқан. Біз де бүгінгі сабақта өз таңбамызды «Бақытты болашақ» таңбасын құрастырайық

 

Шығармашылық тапсырма

«Бақытты болашақ» таңбасы оқушылардың алдарына әр элементі қойылады да, олар элементтерді біріктіру арқылы таңбаны құрастырады. Ол элементіне түсінік беруі тиіс.

 

1-элемент. Қазақстан жері белгіленген жарты жер шары.

2-элемент. Гүл.

3-элемент. Денсаулық

4-элемент. Механика бөлшегі.

5-элемент. Тұрғын үйлер.

6-элемент. Барыс.

7-элемент. Кітап. Ғаламтор

8-элемент. Көгершін.

 

Оқушы:

Қазір елім - достықтың гүлстаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс-бағы.

Мерекесін елімнің бірге тойлап,

Мұнда сан ұлт қосылып ту ұстаған

 

25 жылдық мерейтойына Біздің сыйымыз:

 

Бекзат:  Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Хор.  «Атамекен» әнін орындауда «Бақытты болашақ» таңбасы бар композиция құралып, әнмен аяқталады. Композицияда жер шары мен айналасында әр түсті таңбалары бар матамен айнала оқушылар шеңбер құрайды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.10.2017 928
    • DOCX 78.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куатбекова Меруерт Малдыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8352
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции