Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі"

Тәрбие сағаты "Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі»

Сабақтың мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кетгендігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын  ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, ҚР-ның рәміздері,интерактивті тақта, презентациялар, «Ту,Елтаңба,Әнұран. Қазақстанның көрікті жерлері»бейнеролигі


Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім кіріспесі.

2. Үй жұмысы.Рәміздер және олардың авторлары туралы мағлумат

3.Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі

4. Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі ( презентация)

5. Мемлекеттік рәміздерді қорлаған азаматтарды жауапкершілікке тарту

6.Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру жолдары. Қорытынды сөз.

.

1.КіріспеҚұрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)

( Бейнероликті көрсету). Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды. Сонымен мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да 23 жыл толды. Енді сөзді топтарға берейік.


2.Үй жұмысы.

Әрбір топ мүшелері алдын ала берілген тапсырма бойынша Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимн туралы толық мағлуматты баяндайды .


3. Оқушының сөзі.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану
және насихаттау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, өзіндік тарихы мен дәстүрі бар жас егеменді мемлекеттің бет бейнесін көрсетеді. Сондықтан әрбір адам үшін қасиетті болып саналатын елінің нышандарына кұрметпен және ерекше ыждахаттылықпен қарауды жеткіншек ұрпақтың санасына сіңіру қажет. Мемлекеттіліктің атрибуттары: Ту, Елтаңба, Гимнді зерделеу, олардың болмысы мен маңызына түсінік беру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарына тәрбие беру ісіндегі негізін қалаушы бағыттардың бірі болуы қажет.
Ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыста Қазақстан Республикасының Конституциясы; -Қазақстан Республикасы Президентінің  1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» №2797 Жарғысы;Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөніндегі ҚР білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсыныстары басшылыққа алынады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау жөнінде ұсынылады:
1. Мемлекеттік рәміздердің бір деңгейде, сондай-ақ ретімен орналасуы сақталады: Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Білім беру мекемелерінде және әртүрлі ведомстволық ұйымдарда мемлекеттік рәміздердің, салтанатты шаралар, жиылыстар өтетін арнаулы жерде орналасқан көрнекі нұсқасы (немесе стационарлык бұрыш) болуы керек.
Келесісі сақталсын:
1. Мемлекеттік рәміздер толык пайдаланылуы қажет (яғни, бір атрибуттың болмауына жол берілмейді, Тудың матадан жасалған, Елтаңбаның - бедерленген түрі);
2. Салтанатты жиынға қатысушылар тұрған орталық қабырғаға мемлекеттік рәміздерді ілуге болмайды;
3.Бөлмеде орналасқан көрнекі құралдардың жасалу сапасы жоғары және эстетикалық талғамға сай безендірілуі қажет;
4. Бөлме санитарлық гигиеналық нормаларға сай болуы қажет;
5. Стационарлық бұрыштар шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, көпшілік
жүретін жерден, киім ілгіштен аулақ орналасуы қажет;
6. Мемлекеттік рәміздер бұрышы жарықтандырылуы қажет.
Білім беру мекемесінде мемлекеттік рәміздер міндетті түрде:
1. Мектеп директорының кабинетінде: матадан жасалған Ту, бедерленген Елтаңба және ҚР Президентінің портреті (Ту директор үстелінің сол жағында орналастырылады).
2. Оқу кабинеттерінде (тарих, мемлекеттік күқық негіздері, алғашқы әскери дайындық, қазақ тілі), кітапханаларда баспада шығарылған түрі (лицензияланған).
Рәміздерді тақтаның сол жақ қабырғасына орналастыру кажет (жанына басқа қабырға газеттері ілінбейді).
Алғашқы әскери дайындык кабинеті «АӘД кабинетіне қойылатын талаптарға» сәйкес безендіріледі.
3. Басқа кабинеттерде үстелге койылатын Ту болуы қажет.


4. Оқушының сөзі.Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі туралы презентация .

C:\Users\User\Pictures\Жастар-сарайы-300x166.jpg C:\Users\User\Pictures\КЗ машина.jpg

C:\Users\User\Pictures\КЗ пловцы.jpg C:\Users\User\Pictures\КЗ мяч.jpg


5.Оқушының сөзі. Мемлекеттік рәміздерді қорлаған азаматтарды қылмыстық жазаға тарту.


      «317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
               қорлау»;
           «317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
                қорлау.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау –бір мыңнан екi мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
           «317-3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау кезінде ұлттық стандарттарды бұзу»;      «354-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын
пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу»;
      2) мынадай мазмұндағы 317-3-баппен толықтырылсын:
      «317-3-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын,сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді   дайындау кезінде ұлттық стандарттарды бұзу
      1. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, -
      жеке тұлғаларға – 50, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 150, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      жеке тұлғаларға – 80, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 
354-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«354-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының        Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -
      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады      «19-1) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;»;
      2) 24-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.».
           1) 11-баптың 
23) тармақшасындағы «нышандарын» деген сөз «рәміздерін» сөзбен ауыстырылсын;
     2) 
34-бапта:
      тақырыптағы «нышандарын» деген сөз «рәміздерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мәтіндегі «туы», «елтаңбасын» деген сөздер тиісінше «Туы», «Елтаңбасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
      
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


5. Топтық жұмыс. «Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» ұраны аясында әр топ Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу жолында қандай шараларды ұйымдастыруға болатындығын талқылап,жариялайды.

     

Мұғалімнің қорытынды сөзі.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Разработка классного часа посвящена описанию государственных символов РК, их статусу на сегодняшний день. Приводится материал об использовании и хранении государственных символов в различных учреждениях, уголовном наказании за неправильное хранение, за нарушения при их использовании и уголовной ответственности.

Автор
Дата добавления 01.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров602
Номер материала 260827
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх