Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Мен елімнің ертеңімін" (3-сынып)

Тәрбие сағаты "Мен елімнің ертеңімін" (4-сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Мен елімнің ертеңімін»
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды саяси саналылыққа
,достыққа, адамгершілікке, саналылыққа,

елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға

қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
Отанды сүюге, ата заңымызды

қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Қ.Р. картасы. Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі»,сандықша
Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.

Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі.
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен елімнің -ертеңімін».

Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де туып-өскен жеріміз- отанымыз Қазақстан туралы болмақ.

Отан- адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның парызы.

Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың  қағазға жазыңдар.(2мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім «Отан деген не?Отан неден басталады?» деген сұрақтарға түсінік ағашының көмегімен оқушылар ой,пікірлерін айтады, қорытындылайды.

hello_html_m5e7606ec.jpg

Отан

hello_html_m74ca14a7.gifhello_html_m54bbf6ce.gifhello_html_60f0dff6.gifhello_html_m594907c2.gifhello_html_m408b83f2.gifhello_html_m7de0dfc0.gifhello_html_m7c2bbac6.gifhello_html_m60d147cc.gif

hello_html_a3c54ca.gifhello_html_635e7234.gif

Отбасы


Әнұран орындалады

(мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)


2. Блиц – турнир сұрақтары: «Кім көп біледі?»
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
1-топ.
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігің алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
2. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)
3. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
шектесетін тәуелсіз мемлекет. (Қазақстан Республикасы)
4. Отан үшін отқа түс ......... (күймейсің)
5. Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков)


1. Еркіндік қыраны шарықта
Елдікке шақырып, бірлікке ...
Қандай әннен алынған үзінді? (Қазақстан Республикасының әнұраны)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
3. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Назарбаев)
4. Отан ..... – (отбасынан басталады)
5. Сенің ана тілің (Қазақ тілі)
Жүргізуші: Балалар, сендер жаңа өз сөздеріңде: «Менің Қазақстаным – Менің
болашағым» дедіңдер. Ал болашақ кімнің қолында?
Оқушылар: Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.
Жүргізуші: Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ егелері сендер қандай болуларың керек?


Болашақ иелері

hello_html_m6f6b99a4.gifhello_html_m1111e8d7.gif өнерлі ержүрек

hello_html_m636ece32.gifhello_html_432ee34a.gifhello_html_m53396878.gif


Білімді жас Білікті маман Ұлтжанды азамат

hello_html_m4d7f0f9b.gif

Қазақстанның болашағы сендерге,оқушыларға,өскелең ұрпаққа байланысты




«Отан» мәнерлеп оқу.

Бойымда жігер,тұрғанда сенім,

Жалындап өтем,жолыңда сенің.

Өзіңсің мәңгі бақытым барым

Аяулы отан, ардақты елім.

 

Бойымда қайрат,тұрғанда сенім

Құрбаның болам жолыңда сенің,

Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса

Сүйікті отан, сүйікті елім!

Ән:

1-оқушы:Ту тігілді халқымның бүгін бағына ,

Жас өрендер,желбіретіп,нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты,өнегесі,еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ-болар елдің ертеңгі!

2-оқушы:Қасиетті Қазақстаным,мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім,жерім,Отаным,бақ-дәулетім,

Болашағым,өнер-білім,өркенім.

3-оқушы:Отан деген әрбір жүрек дірілі,

Отан үшін болып келем үлгілі.

Менің,сенің үмітіміз ертеғгі,

Қазақстан-келешектің мекені.

Дарқан далам-сенің ,менің қуатым,

Ата-бабам-сақтаған жез қанатым.

Салт-дәстүр,дініміз бен тіліміз,

Бола бермек мәңгі менің жалауым.

Мұғалім:« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан »тақырыбында болашаққа саяхат жасаймыз.

Қр-ның президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Қазақстан - 2030» Стратегиясының

Қазақстан экономика мен өзінің мемлекеттігінің берік іргетасын құра отырып,дамудың жаңа кезеңіне кіруге;

Қазақстан өмір сүру сапасының өсуін ;

Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету;

Бәсекеге қабілетті- Қазақстаннның әлемдік экономика мен қазақстанды құрудың маңызды факторларын айтқанын білесіздер.

Сендер 2030 жылы неше жаста боласыңдар?

Оқушылар:27-28жас

Мұғалім :Ие,демек нағыз ақыл тоқтатқан,мектепті бітіріп,оқу орнында оқып,диплом алып,жұмысқа орналасып,әрбір мамандықтың қыр-сырын ұғатын уақыттырың.Елдің туын нық сенім,батылдықпен ұстайтын,өз еңбектеріңді елге арнар шақтарың болатын кез.

Енді өз арман ,қиялдарыңа ерік беріңдер .«Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстанды » қалай елестетесіңдер,өздерің нендей игіліктер мен жаңалықтар жасар едіңдер соны суреттердің көмегімен бейнелейсіңдер.(ҚР картасының сұлбасы беріледі.Сол бос сұлбаны өз армандарын айта отырып,дәлел ретінде ұсынылған суреттердің қажеттісімен картаны толықтырып отырады.Осы арқылы болашақтағы ілгерушіліктің нәтижесін көрнекілік көмегімен көре алады.)

Отанға , туған жерге, елге, ағайын-туысқа деген сүйіспеншілік сезімнен ерлік туындайды.

Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Бос картаға әр облысқа жасалатын өзгерістер сурет арқылы енгізіліп,өз ойларын түсіндіреді.

4-Оқушы:Тәуелсіздік –қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік –жойылыу азаптың.

Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс,аяқталды тозақ күн.

Жерімнің жаңарды да бас қаласы,

Көркейді кербез сұлу Астанасы.

Өркендеп,өрлей түсті мәдениет,

Жаңғырып,асқақтады әдебиет.

Қазақстан-асыл анам,алтын анам,тірегім,

Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.

Туған жреім-тәуелсіз Қазақстан бесігім,

Өркендету-басты арман-тілегім.

5-оқушы:Отаным менің –кең-байтақ Қазақстан,

Аман еткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар,қане,артық қазақтан?

О,Отаным!Құлыныңмын қойныңда ,

Өзіңменен өмірім,өзің де балаң ойым да.

Болашағың күлімдеген ертеңгі ,

Отан-Ана,мына менің қолымда.

6-оқушы:Отанымды сүйемін мен!

Жайраңдап Отанымда күле білгем.

Біз отанның ертеңгі тірегіміз

Отаннан ауа жұтқан жүрегіміз.

Егемен ,қасиетті Отан үшін,

Арлы да ,ақылды да түлегіміз.


Қыздар биі:Қазақ елі

Көрініс :Қаһарман болу үшін...

Әжесі жүн түтіп отырғанда немересі келіп,ертегі айтып беруін сұрайды.

-Әже,ертегі айтып берші.

-Ерте,ерте,ертеде қазақ елінің бір батыр,қаһарман ұлы дүниеге келіпті.

-Әже,қаһарман деген сөздің мағынасын түсіндірші.

-Қаһарман деген батыр,ержүрек,елі үшін жанын қиятын азамат адамды атайды.

-Сонда ел үшін күресетін батырларды солай атаймыз ғой,ә

-Ие,мысалы қаһарман деп Амангелді батыр,Бауыржан Момышұлын,Махамбет,Рақымжан ,Қайрат,Ләззат,Мәншүк,Әлия секілді аға-әпкелеріңді біз елдің қаһарман ұл-қыздарын айтамыз.Олар елі үшін қадірлі тұлғалар.

-Мен де өскенде қаһарман болғым келеді.Ол үшін мен соғысу ,күресуді үйренуім керек пе?

-Жоқ,алтыным.Соғыстың бетін аулақ қылсын. Сен өскенде қаһарман атануың үшін міндетті соғыса білу қажет емес .Біз қазір бейбіт,тату, егеменді елді өмір сүріп жатырмыз.Сондықтан елін сүйетін,елінің дамуы жолында үлкен еңбек етіп ,жерінің,тілінің,отанының дамуына үлес қосқан азаматтарды қазіргі кезде қаһарман атап жүрміз.Сол себепті сенең алдымен оқу оқып білім алуың керек.

-А,түсіндім сонда көп оқып ,білімді болып,отыным үшін еңбек етсем ,соның өзі мені қаһарман етеді екен ғой.

-Ой,ботам ,ақылдым сол!

Мұғалім:Осы көріністен біз не түйдік ?Біздің еліміздің болашағы жарқын болуына біз қалай үлес қоса алатынымызды айтайықшы.


Менің Қазақстаным-  менің  болашағым

 hello_html_m4bc32324.gifhello_html_276ddd29.gifhello_html_276ddd29.gifhello_html_70d7db4a.gifhello_html_m3979d211.gif


Елім  Отаным Білім алу Жерімді  Тілімді сақтау Еліме  қызмет ету

«Сиқырлы сандықша» сыныпқа әкелінеді. Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге өздерінің елге,Отанға деген жылы лебіз,тілектерін жазады да,жүрекшені сиқырлы сандықшаға салады.Соңғы оқушы өз жүрекшесін салғанда сандықшадан күннің суреті шығады.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.

Елің үшін қуанғын және қайғыр,

                  Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

                  Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

                  Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

 

                 Тарихтың жадында даусың қалсын,

                 Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

                 Баста бізді бақытқа, көзіндегі

                 Елге деген мейірім таусылмасын!    






























Құрметті,редакция!

Сіздің басылым біз үшін қызықты және қажет.

Мен Джыкинбаева Айнур «Бейнеу мектеп-интернаты» мм-сінде 3-сыныпқа жетекшілік етудемін.Әрбір сыныпта дарынды оқушылар кездесетіні белгілі.Менің сыныбымды да осындай үлгілі оқушылар қатары бар.Соларды бірі- Қалдаулетова Гүлназ.Гүлназдың сүйікті пәні-ана тілі.Сондықтан болар,ол шығарма жазу,өлең шығаруды ұнатады.Мен ұстазы ретінде оны шабыттандырғым,биік шыңға жетелегім келеді.Осы себепті Гүлназдың өз ойынан жазған ертегісі мен бір шумақ өлеңдерін сіздің журналыңызға жіберуді жөн көрдім.Өйткені журналға жарияланған туындыларын көріп оқушы талпына,талаптана,іздене түсетініне сенімдімін.

Осы мақсатта оқушының төл туындысын сіздің журналға жіберіп отырмын.


Өкініш(ертегі)

Қыс кетіп,көктем келді.Құстар келіп,ұяларын жөндеді.Ағаштар жапырақтанды.Айнала жап-жасыл.

Осындай тамаша күннің бірінде демалып жатқан ағаштың тыныштығы бұзылды.Оған себепші тентек мысық еді.Ол ағаштың мазасын алды.Ағаш мысық екенін білмей атып тұрды.Сонда мысық ағаштан құлап түсіп,аяғын сындырып алды. Бұл Әдемінің мысығы еді.

Әдемі мысығын көріп қатты шошып кетті.Қыз болған істі әкесіне айтып беріпті. Әкесі қызды жұбатып,ағашты кесейін деп жатқанда,қатты жаңбыр жауып кетеді.Ағаштың да ашуы күшейді.Әрі бері теңселіп,адамды әбігерге салды.Әдемінің әкесінің үсті жаңбырдан малмандай су болды.Келесі күні әкесі ауырып қалды.Әдемі әкесін уайымдап,жазылуын күтіп жүрді.

Ал бұл уақытта әлгі ағашты мейірімсіз адамдар кесіп тастапты.Бұған мысық пен Әдемі қатты өкінді.Себебі олар табиғатқа кесірлерін тигізгенін түсінді.

Бірақ өкінгеннен пайда жоқ.Әдемі әлгі ағаштың орнына тал егуді қолға алды.

Ана

Мәпелеген анашым,

Қандай аппақ сезімің.

Құшғыңа алып ап

Өсіргенсің сен мені.


Қыс

Туған жерге қыс келді,

Алыстан келді көп қарлар.

Әдемілеп суреттерді,

Терезеге аяз салдырды.

Мекен-жай:Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,село Сарға

«Бейнеу мектеп-интернаты»ММ

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Мен елімнің ертеңімін" (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 339 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 1467
    • DOCX 78 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джыкинбаева Айнур Султамуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8480
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе