Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "мен өмірді сүйемін!"

Тәрбие сағаты "мен өмірді сүйемін!"

библиотека
материалов

C:\Documents and Settings\Аскарбек.USERPC\Рабочий стол\Гаукар\P1100679.JPG




Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы

«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9-сынып жетекшісі

Куберова Гаухар

Дүйсенқызы




Мен –өмірді сүйемін!

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге , өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.


Қанатты сөздер:


Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы.

М.Мақатаев

«Өмір –теңіз,өтіп кетем демеңіз,

Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз»

Рудаки


«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар, батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау»

ДЖ.Неру


«Әрбір таңғы қуаныш - өмірге шаттық сыйлайды»


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз: Мұғалім сөзі:

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.Ал, сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін

Сәл қайғырса , ол ұғына түседі

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын



Адам күліп қарсы алады таң нұрын

Адам жырлап ұзартады әр күнін

Сәл қуанса , шығарады ол естен

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын!

Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында .Ендеше бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады.

Пікірталас сұрақтары:

  1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  3. Өмір адамға несімен қымбат?

Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

Әліби:

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен , осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншамаұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.


Қызғалдақ:

Адам өмірге бір рет келеді, бір рет кетеді. Сол келіп кеткен кезінде көп нәрсені білесің, үйренесің. Бір сөзбен айтқанда өмір- ол емтихан секілді. Емтиханды өткіздің бақыт құшағына бөленесің. Тапсыра алмадың бағың ары қарай өзі шешеді. Өмірді бір жағынан ұзын жіп секілді деп қарауға да болады. Бір жерін үзіп алсаң жалғап қоясың.

Самат:

Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын, өмір сүруі тиіс.

Анар:

Адал өмір сүру керек, яғни өтірік айипау керек, ұрлық жасамау керек. « Ұрлық түбі қорлық» дегендей , жақсыға әуес болу керек.

Қаракөз:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақал бар. Сол мақалды ұстанымға алып, жақсы адамдардан үлгі алу керек.

Шыңғыс:

Ата-анамызды құрметтеп, олардың айтқан ақылдарын тыңдаымыз керек. Олар біз үшін барлық жақсылықты жасайды емеспе!

Айгерім:

Жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек. Темекі тарту, ішімдік , есірткі ,насыбай – бұлардың бәрі денсаулыққа зиян. «Дені саудың - жаны сау»

Шадиар:

Білім алуымыз қажет. « Оқу –білім бұлағы Білім өмір шырағы»

Айзада:

Жалқау болмауымыз керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Самат:

Әдепті болуымыз керек. «Әдепті кім сақтайды, әркім оны мақтайды» дегендей жаман сөздер айтудан аулақ болуымыз қажет.

Елдар:

Біз бір-бірімізбен төбелеспей дос болуымыз қажет.

Әділет:

Біз өмір сүріп жатқан Отанымызды жақсы көруіміз керек.

Самат:

Жасы үлкен адамдарды сыйлауымыз қажет.

Мұғалім сөзі:

Жарайсыңдар балалар. Жауаптарыңа көп-көп рахмет!


Өмір,Өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып

Достықтарың жарасып дәл осылай

Шыдамдыны мына өмір ұнатады

Бірде қуантып , бірде ол жылатады

Сүріндіріп кейде сені құлатады


Жылатып тұрып жұбатады

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбал әлі, - демекші өмір жолы сан тарау , қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол - өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу!

Келесі ретте Шөмішбай Сариев ағамыздың

«Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» атты өлеңін тыңдауға шақырамын:

Орындайтын Ғабиден Балжан


Енді осы өлеңге Дәулет Аққайың өзінің түсінгені бойынша «Ақ» пен «қара» нені меңзеп тұр осы жайлы сипаттама беріп өтсін.


C:\Users\админ\Desktop\2014-2015 оқу жылы\8-сынып суреттері\_2192397.JPG


C:\Users\админ\Desktop\Әліппе той\_SAM7781.JPG




Мұғалім сөзі :

Келесі кезекте енді оқушыларымыздың поэзия оқуына жол берейік.

  1. Алтынбек Берік «Балалық шақ»

  2. Ғабиден Меруерт «Сүйемін» Мағжан Жұмабаев

  3. М.Мақатаев «Менің жолым» Дүкенбай Айгерім

  4. М.Мақатаев «Құт мекені» Жұмақын айзада

  5. Қадыр Әлімбек «Өмір -өзен» Дәулеткелді Шыңғыс

  6. Баян Айтуғанқызы «Мұрат етіп -шындықты» Еснұр Елдар

  7. М.Мақатаев «Ақиқаттың ауылы» Тасболат Самат

  8. Төлен Айбергенов «Ей,адамдар!» Исадін Әліби

  9. Асан Қайғы «Өсиет» Нұраділ Әділет

  10. Ақай Шамкенов «Әр адам» Алтынбек Берік

  11. М.Мақатаев «Бабаларым ,рахмет сендерге!» Дәулет Аққауың

  12. Саян Молдасанұлы «Бала тілегі» Абылай Анар

  13. Қадыр Мырзалиев «Өмір-өмір» Еркін Қаракөз


Мұғалім сөзі:

Өмір деген тұрмайды : қап-қарадан

Өмір деген тұрады: ақ- қарадан

Ақ –Қара, екі арасын ашып өтіп

Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Дей келе келесі кезекті кіші-гірім көрініске береміз

Көрініс «Алма ағашы»

Бұл көрінісіміздің мақсаты : оқушыларды кең пейілді азамат болуға, бауырмалды болуға, адамдарды бір-бірін бауырына тарта білуге, қамқорлық көрсетуге үйрету.

Мұғалім сөзі :

М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып»

Мұғалім сөзі:

Келесі кезек әр түрлі жағдаяттар сұрақтар:

1сұрақ: Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі.



2сұрақ: Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ Өмір сүрудің жолын білмейді.

3сұрақ: Тірлігі басқалардан төмен , жұртпен бірдей киініп, ойнап, күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қандай?


Қорытынды сөз: Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса «Адам боп оңай туғанмен , Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.




Олай болса, мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын

Біз өмірді сүйеміз!

Бақытты өмір сүреміз!

Біз бәріміз біргеміз!

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» дегендей,

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз баққытымыз , себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-288925

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG