Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты "Мен өз Отанымның патриотымын"

Тәрбие сағаты "Мен өз Отанымның патриотымын"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы:  6 «б»

Күні: 01.09.2016 ж.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын

Мақсаты: Оқушыларды білімділікке баулу, бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге үйрету, Мәңгілік ел идеясын бойларына сіңіру.

Күтілетін нәтижелер:

Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.

Керекті жабдықтар: суреттер, маркер, флипчарт.

Сабақ барысы:

 1. Ұйымдастыру.

1.Тренинг «Тілектер шеңбері » -шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Топқа бөлу (сурет қағаздар арқылы)

1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.

2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді. І-топ: «Әнұран», «Ту», «Елтаңба».

Қызығушылықты ояту. 

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті оқушылар! Сіздерді 1-қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймын! Білімдеріңді шыңдап, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы болатындарына кемел сенемін. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы-білімді жастарда!

Бігінгі алғашқы білім сабағы «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбына арналады.

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған- туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз- Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Өлең-шумақтар

1-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

2-оқушы: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-оқушы:  Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

4-оқушы:  Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

5-оқушы: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Хор: «Отан» әні.

«Миға шабуыл» стратегиясы

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-Биыл тәуелсіздікке неше жыл толады?

-Біз қандай тілдерді білуіміз қажет?

-Қазақстанның басты Заңы қалай басталады?


Презентация

Әр топ өз топ аттарын қорғау.

3.Мағынаны ажырату

1. Әр топ мүшесі «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында ортаға шығып, өз өнерін көрсетеді: өлең-шумақ, монолог оқиды, салған суретін қорғайды.

 2. Ресурс бойынша постер жасау, қорғау.

1 топ «Мәңгілік ел идеясы» тақырыбында қысқаша әңгімелеу.

2 топ – «Тәуелсіздік шежіресі» сызбасын жасау.

3 топ- «Біз -қазіргі заманның жастарымыз» көрініс көрсету.

4.Қорытынды

Рефлексия парағын толтыру.

Рефлексия парағы (Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?)


Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!







































1990 жылды 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.



1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады



1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. 



1991 жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.



1991жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.



1992 жылы 2-наурызда  Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды. 


1992 жылы 8-мамырда Республика үланы қүрылды.



1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылдаңды. 

1992 жылы карашаның 15-і күні Қазақстан Республикасьшың Ұлттық теңгесі айналымға енді. 



1992 жылы екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев Союз ТМ-6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 



1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.



1994 жылы 6 шілдеде астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.



1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.



1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.



1997 жылы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.



1997 жылы  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 

1998 жылы 10-маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсау кесері болды.



1999 жылғы Халық санағында елімізде 14 953,1 мың адам тіркелді. Қазақтар 53% құрады.


2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы, Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды. 



2000 жылы «Денсаулық жылы». 



2003- 2005 жылдары «Ауыл жылдары». 



2006 жылы 10 қаңтарда Астана қаласында президенттің ұлықтау рәсімінде ҚР қазіргі әнұранымен ашылды. 



2007 жылы Халық санағы 16 млн. 400 мыңға жетті. 63% қазақтар. 



2010 жылы 1-2 желтоқсанда 56 елдің басын қосқан ЕҚЫҰ саммитінің өткізілді





30 қаңтар 2011 жылы Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары болып өтті.



2014 жылы Елбасы «Қазақстан 2050: Мәңгілік ел» Жолдауын жария етті.



2015жылы Қазақ хандығынын 550 жылдығы тойланды .



2015 жылы Қазақстан Халықтар Ассамблеясынын 20 жылдығы атап өтілді.










2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Мәңгілік Ел-

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

















 Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары жөніндегі стратегиялық бағдарламаны ұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

 


Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:

1991 жыл.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жыл.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1994 жыл.

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 жыл.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

2001 жыл.

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.






















Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.



Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.



-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.



-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.



-ол-Мәңгілік Ел идеясы



-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады



-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті



-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы



-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда




























1-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.


2-оқушы: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


3-оқушы:  Отан- тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


4-оқушы:  Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.


5-оқушы: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров149
Номер материала ДБ-183052
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх