Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Қараөзен мектеп-лицейі жанындағы интернат
Тақырыбы:
«Мен және сынып жетекшім»
(спорттық
ойын)
Тәрбиешілер: Сембаева Ж.
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Мен және сынып жетекшім»
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту, білімдерін тиянақтау,
тексеру; есте
сақтау, ойлау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс
істеу дағдыларын
дамыту;
ата-ана, мұғалім, оқушы, пән арасындағы
қарым-қатынасты дамыту.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар және
тәрбиешілер! Бүгін сіздер «Әке, анам және мен» атты жанұялық танымдық ойынға
жиналып отырсыздар. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін
ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз
– ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие
беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
2. Қатысушылармен таныстыру.
3. Қазылар алқасымен таныстыру
4. Ойын шартымен таныстыру.
1. «Таныстыру» сайысы
2. «Ертегі терапия» сайысы
3. «Қызықты сұрақтар» сайысы
4. «Өнер» сайысы
5. «Қанша сөз білеміз?» сайысы
6. «Бұл кім?» сайысы
7. «Саған айтқым келеді...» сайысы
Ал енді ойынымызды бастаймыз, бәріңізге сәттілік тілеймін!
1.
«Таныстыру» сайысы
Бұл сайыста әр отбасы өздерін таныстыруы керек.
2.
«Ертегі терапия»
сайысы
Әр отбасына сөздер жиынтығы беріледі. Осы сөздерді пайдалана отырып
әңгіме немесе ертегі құрастыру керек. 5минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған
соң топтар өз шығармашылығын оқиды. «Ерте, ерте, ертеде...» деп басталуы керек.
1.
Әсел тәте, көл, арман,
домбыра, пойыз, гүл, тау.
2.
Серік ағай, өзен, айран,
ағаш, жаңалық, ит, трактор.
3.
Олжас ағай, мұхит, сиыр,
теледидар, сүт, үй, кірпіш.
4.
Әлия тәте, теңіз, мысық,
тамақ, машина, махаббат, темір.
3.
«Қызықты сұрақтар»
сайысы
Бұл сайыста әр отбасына қызықты сұрақтар қойылады, отбасы мүшелері тез
жауап айту керек.
1-отбасына
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіздер?
2. Балаңыздың туған күні
3. Мектеп директорының неше орынбасары бар? Атаңыздар.
4. Балаңыздың сүйікті асы?
5. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?
2-отбасына
1. Отбасының басшысы кім?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Мектептің мекен-жайы?
4. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
5. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
3-отбасына
1. Отбасы қандай болуы керек?
2. Тәрбиешілердің толық аты-жөні?
3. Балаңыздың парталас көршісі?
4. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
5. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
4-отбасына
1. Барлық отбасы бірдей деп ойлайсызба?
2. Мектеп директорының толық аты-жөні?
3. Балаңыздың балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
5. Балаңыз бүгін сабақтан қандай баға алды?
4. «Өнер» сайысы
Осы сайыста отбасылар өздерінің өнерлерін көрсетеді. (домбырада ойнау,
ән айту, би билеу, өлеңді мәнерлеп оқу)
5.
«Қанша сөз
білеміз?» сайысы
Бұл сайыста «жауапкершілік» сөз беріледі. Берілген бір сөзден әріптерін
пайдаланып бірнеше сөз құрастыру керек. Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт
беріледі.
6.
«Бұл кім?» сайысы
Бұл сайыста балалардың көздерін жабамыз. Бір түзу бойында тұрады.
Ата-аналары оқушылардың әрқайсына кезекпен үндемей ақырын жақындайды. Оқушы
қасына келген адамның алақанын ұстап өз ата-анасын анықтау қажет. Ата-анасын
таныған кезде ол «Мен сізді жақсы көремін» дейді. Егер оқушы қателеспесе, ойын
әрі қарай жалғасады. Егер бала ата-анасын таппаса, ойын ата-анасын тапқанға
дейін жалғасады. Жаттығу барлық жұптар толық түзілгенше жүреді.
7.
«Саған айтқым
келеді...» сайысы
Бұл жаттығу достық кездесудің соңы шешуші кезеңі болып табылады.
Ата-аналары мен балалары бір шеңберде тұрады. Ата-анасы алдымен баласына, содан
кейін баласы ата-анасына төмендегідей сөздерді айта бастайды: «Анам (әкем), мен
сізге көптен бері айтқым келгені...», «Қымбатты ұлым (қызым), саған бұрыннан
бері айтқым келгені...» деп сөйлемді жалғастыру керек.
Қазылар алқасына номинациялар бойынша қорытынды сөз беру.
«Он саусағынан өнер тамған отбасы»
«Білімді отбасы»
«Еңбелсенді отбасы»
«Ең тапқыр отбасы»
Құрметті көрермендер осымен интернатымызда өткен «Әкем, анам және мен»
атты сайысымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.