Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан"

Скачать материал

Хабай Санахан  №22 орта мектеп, Талдықорған қаласы

 

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан!
Мақсаты:
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Шеберлік: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Дағды: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға дағдыландыру.
Түрі: сынып сағаты
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас,

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат, слайд
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер құрып, тілек білдіру

- Кәне, балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі сынып  сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Балалар Отан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).(Атасы—Алихан, немересі: Нұрбек)
Немересі:
Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын.
Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған ата?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Сенің ата - бабаларың бірнеше жылдар бұрын басқа елдің Республикасында өмір сүрді. Өз Отаны Қазақстанға келу арман болатын. Сол арманына жетті. Ел
басшысының еңбегі зор болды.

Немересі: Ата, ол кісі қалай мықты болған?
Атасы: Балам, ол кісі терең, жан - жақты білімді адам. Ендігі кезде туған жерді гүлдендірер ұл - қызы, мына, сендерсіңдер.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды өте жақсы оқитын боламын.

Атасы: Солай болсын балам, солай болсын. (Атасы мен немересі шығып кетеді).
Кезекті әдеби монтажға берейік.

Алихан:Қазақ елім –ел болғанша не бір күндер өтті ғой,
Қанша асыл – азамат маңдай терін төкті ғой.
Өз қорынан кейбіреу қомақты көмек етті ғой
Елі үшін кейбіреу жанын да пида етті ғой.
Тар жол тайғақ кешуін бірлікпен жеңіп өтті ғой
Халқы
м  менің - мақсатына жетті ғой.
Айым:Елбасы келіп еліне, үндеуін елге жолдады,
Елімнің ой - пікірін ден қойып әбден тыңдады,
Уәде беріп ел - жұрттың көңілін көтеріп тастады,
Пилоттық жоба «Нұрлы көш» жұмысын солай бастады.
Томирис:Көп ұлттың еңбек өкілі еңбек етті еселі
Жемісін көріп еңбектің мерейлері өседі.
Бос жатқан жердің орнына, құрдығой көркем жас қала
Елге оралған ағайын құтты болсын баспана.
Лина:Құрылып мектеп, бақшасы, суы менен жарық, газы бар
Жұмыс орны болсын деп, құрылды алып заводтар.
Бау - бақшамен, жылы жай, саябағы тағы бар
Қоныстанған  елімнің сондай бағы бар.
Нұрбек:Ел басқарған ағалар, еңбегін ел бағалар
Жетелеп елді қашанда жеңістерге жете бер.
Дендерің сау боп шаршамай,
Мың жасай бер - Ағалар!
Зарина:Тым аяулы мекенді қойнауы құт
Қоныстанған бұл жерге оралман жұрт.
Аталады мекенім деп,
Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.
Жансұлу:Ауылыымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы
Бала – бақша мешіт бар имандылық белгісі.
Қажеттінің бәрі бар табылады не керек,
Жарасып тұр емхана адамдарды емдемек.
Талғар:Өлкем менің көркейсін дәулетпенен бақ дарып,
Отаным деп шаттанып
Береке мен бірлігі ынтымағы жарасқан,
Отаным  менің осы деп айта аламын мақтанып.
Гүльназ:25 -  жыл болды Отаным  жайнап келеді,
Халық саны көбейіп дамып келеді.
Ел жағдайын жасаған
Елбасы
Тек халықтың алғысын алып келеді.
Еркежан:Отаным  да толып жатыр 25 жасқа
Біздің Отан  өзгеше ғой, бір басқа
Құлпырады жылдан - жылға гүлденіп
Мәңгі жаса осылайша түрленіп.
4. – Біз қай Республикада
тұрамыз?

- Қазақстан

- Республикаға
5. Оқушылар Отан туралы өлең оқиды
Шырай:Отан - менің ата - анам,
Отан - досым, бауырым,
Отан - өлкем астанам,
Отан - аудан, ауылым.
Ғалымжан:Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен атамыз.
Айбек:Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін.

Қазақстан

Ән:  « Отан»  хормен

Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

Отанды сүю- (отбасынан басталады)

Отан оттан да (ыстық)

Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

Ел іші- (алтын бесік)

Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)

Мемлекеттік Тудың авторы кім?

Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы

Ту       Сымбат:

Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

-Тудың бейнесін сипатта?

Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.

Айым:

Мемлекеттік елтаңбаның  авторы кімдер?

Жандарбек Мәлібекұлы,  Шота Уалиханов

Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.

Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Елтаңба

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан – Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

Бекжан:

Мемлекеттік гиміннің авторы кімдер?

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

Мемлекеттік Гимін  – еліміздің музыкалық  эмблемасы

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай.

Еліміздің Гимні,

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың ,

Жан серігі халқымыздың.

Мәңгілік ел, тағы басқа жаттаған өлеңдеріне кезекті беру.

Ән: « Жаса Қазақстан»

Қазір сұрақтар қоямын, тез әрі дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады.

– ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

– Еліміздің бас қаласы

– ҚР президенті

– ҚР туының авторы

– ҚР елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы.

– Гиміннің  авторлары Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

 

 

 

 

 

 

 

 

Айым:

2014 жылы 17 қаңтарда ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Бір жыл бұрын елбасы 2050 жылға дейінгі дамудың жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Осымен екінші рет Жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде өтті.

Алихан

Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Елбасы халыққа кезекті жолдауын алдағы 35 жылда елдің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп, Үкіметтің атқаруы тиіс істерін нақтылап берді. Сонымен қатар елімізде жалақы, шәкіртақы өсіп, атом электр станциясы мен жаңадан мұнай өндіру зауыты ашылмақ.
Томирис:

Бұл -2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз.
Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр.
Айғаным:

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақысы көбейтілсін. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 28 , білім беру 29, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендия 25 пайызға өсірілсін.
Жаманбаева Шырай:

Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. «Қара алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен берді.
Еркежан:  Болашақ атом электр станциясында,тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді.
Зарина:    Алдағы 35 жылға жоспарланған құжат өте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. 10 стратегиялық бағыт белгіленген.
Жансұлу.  1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады. Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады.
2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген сұранысы арта береді.
3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады.
4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болады.
-Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет!

Қорынтынды: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық.- «Мәңгілік  Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға  айналуы  тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік  болуына аянбай  еңбек  етуіміз  керек. Елбасы  белгілеп  берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық  ұлы бағдары. Мәңгілік  ел  біздің  өз  қолымызда. Ол үшін  өзімізді   үнемі  қамшылап, ұдайы  алға  ұмтылу  керек.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Гимнін сыйлап қастерлейміз.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2016 1139
    • DOCX 82 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хабай Санахан Хабай. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хабай Санахан Хабай
    Хабай Санахан Хабай
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37657
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой