Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Менің Отаным Қазақстан"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Мақсаты: жас жеткіншектерді алғашқы мектеп күнімен құттықтай отырып, Отанын сүюге, шыншыл да адал болуға, кішіге қамқор болып, үлкенге ізет корсетуге, еліміздің тарихын білуге және салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіз еліміздің тарихында орын алатын елеулі оқиғаларды оқушы жадына терең сіңіру, олар Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, ҰОС-ның 70 жылдығы, қазақ халқының тәуелсіздік үшін күрес жолындағы ерен ерліктері, тарихи тұлғалар туралы ой қозғау, елдің тұтастығымен бірлігі, татулығы мен тыныштық тұғыры туралы оқушы тәрбиесіне терең бойлату.

Көрнекілігі: бейнебаян, кітап көрмесі, суреттер

- Салематсыздарма, оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді оқу жылының алғашқы күнімен құттықтаймын. Оқу жылына сіздерге табыс, төзімділік, ізденіс, денсаулық тілей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды танысу арқылы бастауды жөн көрдім.

Мұғалім: -

  • Оқушының жаңа оқу жылына толықтай дайындығын көрсететін тренинг

(Оқушылар сынып жетекшісімен жаңа оқу жылына алдына қойған мақсатын, білімнің қандай асуларына қол жеткізетіндігіне сенімділік туғызатын тілегін білдіруді арқылы тренинг түрінде қолдану )



  • Бугінгі тәрбие сағатымыз саяхат түрінде өтеді. Оны елбасымыздың мына сөздерімен бастағым келеді: « Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар ол тәуелсіз Қазақстан». Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ. Оны мына жылдар тарихынан сыр шертсек

Мұғалім: (жылдар сөйлейді)

  • 1723 жыл тарихта Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Оған куә «Елім-ай» өлеңі.

  • 1929-1933 ж.ж. адамдардың жаппай аштан қырылуы, 2,2 млн қазақ қаза тапты, 1,5 млн адам босқындыққа ұшырады.

  • 1936-1938 ж.ж. – қүғын сүргін жылдары. Қазақ қоғам қайраткерлерінің атылу жазаларына ұшырауы

  • 1941-1945 ж.ж. – КСРО-Германия соғысы. Ұлы Отан соғысы.

  • 1986 жылғы Желтоқсан төңкерісі Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі. Қайрат, Ләззат сынды жастарымыздың қыршыннан қиылуы.

Мұғалім:

  • Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер! Міне, тәуелсіздік таңына биыл 23 жыл толып отыр.



  • Қазақстан бүгін міне достықтың туын тіккен жер!



Мұғалім:



  • Осынау біз өз Отанымыз туралы не білеміз балалар?

Қазақстан жер көлемі 2 млн 724,3 мың шақырым

Еуразия материгінің бел ортасында орналасқан. Батысы мен солтүстігінде Қазақстан Ресеймен, оңтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шекаралас. Республикада 85 мыңнан аса өзендер, Менделеев кестесінен 99 элементі табылған, 14 облыс,Астана мен Алматы сияқты ірі қалалары бар.

130-ға тарта ұлт өкілдері өмір сүреді. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Сонымен қатар, мемлекетіміздің рәміздері бар. Ту, елтаңба, Әнұран, Ата Заңымыз туралы не білесіздер?

  • Қазақстан рәміздері қашан қабылданды? 1992, 4 маусым

  • Мемлекеттік тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков

  • Мемлекеттік елтаңбаның авторы кім? Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

  • Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер? 2006 жылы қабылданды

Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

  • 1993 жыл 28 қаңтар қандай күн? «Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылданды.

  • 1995 жылы 30 тамыз қандай күн? ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданған күн

  • 2015 жылдағы атаулы салтанатты түрде аталып өткізілетін мерекелер? Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңның 20 жылдығы, ҰОС Ұлы Жеңістің 70 жылдығы

  • ҰОС-на қатысқан қазақ батырларынан кімдерді білесіздер? Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы, Әлия мен Маншук, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты батырлар

  • Жалпы ҰОС туралы қандай мәліметтер білесіздер?

  • Соғыс қай жылдары болды? 1939-1945 ж.ж. Екінші дүниежүзілік соғыс; 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы

  • Бұл соғыс қай елдер арасында болды? КСРО мен Германия

  • Қазақстан сол кезде қай елдің құрамында болды? КСРО



ҰОС-ның батырлары туралы жеке дара қандай мәліметтер білеміз?

  • Хиуаз Доспанова – қазақ қыздарынан шыққан әскери ұшқыш. Ол 300 рет жау шебіне ұшып шығып,аса маңызды тапсырмаларды орындап, талай рет ерліктер көрсеткен. Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілген.



  • Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншук деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін Ана сүтін,

Майданның «Максимменен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншук кетпек.

Мәншук 1922 жылы дүниеге келген, шын аты Мәнсия, анасы Моншақ деп атап кеткен. Әкесі Ахмет дәрігер болған. Мәншук 19 жасында соғысқа өз еркімен аттанған. Соғыста ол пулеметші болып, тәртіпті, тапсырманы бұлжытпай орындайтын батыл жауынгер болған. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншукке ескерткіш қойылған.



  • Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі,

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Әлия ұстамды зерек, соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған. Майданға өз еркімен сұранған қазақ қызы. Әлия Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста асқан батылдық көрсеткен. Денесі жерленген сол Казачиха селосына батыр жауынгерлер зиратына ескерткіш орнатылған.



  • Бауыржан Момышұлы туралы Қасым Аманжолов былай деген:

«Батырым Бауыржаным» дейді халқым

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын

Келешек келе жатқан көремін деп,

Тік басып туған жерде тұрды қалқып.

Ағамыз асқар тауға тең

Жау келсе, жаубүйректей етер жәукем

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлтты жайпап біздің Баукең



  • Қасым Қайсенов 1918 жылы Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 89 жасқа қараған шағында дүние салған. 1941 жылы мектеп бітірген бойда Оңтүстік Батыс майданының штабына жөнелтіліп, арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсірілді. ОЛ 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехославакия, Румыния жерінде партизан қозғалысына қатысты.



«Ұлы Жеңіс тарихы» бейнефильмнен үзінді.

Мұғалім:

- Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз.

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы. Қзақстан бір шаңырақ астына 130-дан астам ұлт өкілін біріктірген, татулық пен ауыз біршілікте өмір сүріп жатқан мемлекет. Қазақстан Республикасының Констициясында Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттар дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан тең екендігі айтылған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті кеңесші орган құрылды. 2008 жылы 20 қазанда ҚР-ның « Қазақстан халқы туралы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды.

Көп ұлттылық пен көп тілділік маңызды құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы. Көпұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезім, ұлтаралық келісім мен татулық, саяси тұрақтылық еліміздің әлемде бәсекеге қабілетті болу үшін маңызы зор. Бұл құндылықтарды өз бойларыңа сіңіріп өсу, озық білімді, адамгершілік қасиеті жоғары азамат болу үшін айтылады.

  • Бұл тәрбие сағатымыз балалар сіздерге тек бастау ғана, осы оқу жылдары сіздер әліде терең білім алып, еліміздің болашағының дамуына үлес қосатындай қоржындарыңды білімге толтыруға тілектеспін. Қазақ батырларын өз піріне айналдырып, оларға ұқсап өсу, Отаның үшін ерлікті өшпес іздер қалдыру, алған білімдеріңді тиімді қолдану үшін бұл тәрбие сағатының септігі тиеді деп ойлаймын. Сіздерге табысты, ізденіске толы оқу жылы болсын деп тілеймін.

Қасым Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасы

















Тәрбие сағатының тақырыбы:



«Менің Отаным – Қазақстан»



















Дайындаған: 10«а» сынып жетекшісі Жаумбаева А.Е.


























2015-2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров313
Номер материала ДA-051955
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх