Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Менің Отаным -Қазақстан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Менің Отаным -Қазақстан"

библиотека
материалов

 Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы  білім беру.

Балалардың тіл байлығын ,сөзді бйланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Қазақстан картасы,рәміздер,суреттер,отан  туралы мақал-мәтелдер.

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие  сағатымызды ашық  деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны  орындалады.

-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны,туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

-Мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

-балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

Асылхан: Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Диляра.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Нұрасхан: Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

Елдос: Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз,демек, Отанымыз  -Қазақстан.халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?Қалай түсінесіңдер?

Ислам: Отан деген менің үйім,туған жерім.

Мансұр: Менің жүрегім Отан деп соғады.

 Сабыр: Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

Отан деген –Атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан –ана,отан –үлкен,

Қазақстан – туған ел.

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Әділ : Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл.қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді сендер Отан туралы мақал-мәтел айтайық.

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Құрметті оқушылар Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров170
Номер материала ДВ-060005
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх