Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Менің Отаным Қазақстан

Тәрбие сағаты Менің Отаным Қазақстан

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:


1 қыркүйек 2015 жыл

Жотабаева Айгүл Рыскелдіқызы

бастауыш сынып мұғалімі, №14 орта мектеп-гимназиясы,

Талдықорған қаласы, Алматы облысы

Білім күні. Менің отаным – қазақстан

(Білім күніне арналған сынып сағаты, 1 «Г» сыныбы)

Сабақтың мақсаты:

Бірінші сыныпқа келген оқушыларды мектепке келулерімен құттықтау, мектеп ережелерімен таныстыру. Әріптер әлеміне саяхат жасау, оқу құралдары туралы ақпарат беру. Қазақстанның 24 жылдық тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру. Мемлекеттік рәміздермен таныстыру.

Мектеп ережесін, оқушы міндетін сақтап құрметтеуге ынталандыру.

Сабақтың барысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер орындалады.



Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары қадамдарың құтты болсын. Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуына тілектеспін. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабақты «4» пен «5»-ке оқуларыңды тілеймін. Ата-аналарыңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүріңдер. Барлық армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізіп, армандарыңыз орындалсын. Келешегіміз кемел, болашағымыз нұрлы болсын.

Бүгінгі бәріміздің төл мерекеміз – білім күніне арналған ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім:

  • Балалар, сендер қай мемлекетте туып, өмір сүріп жатырсыңдар?

  • Қазақстан.

  • Қазақстанның бас қаласы қай қала?

  • Астана

  • Ал ендеше қазір мына интерактивті тақтадан біздің мемлекетіміз туралы қысқаша әңгіме тыңдайық. (Электрондық оқулық, модуль «Тіл дамыту» тақырыбы «Менің елім Қазақстан»)

Қазақстан тәуелсіздігінің 24 жылдық мерей тойының қарсаңында біздің мемлекетімізді «Менің Қазақстаным» атты тур-пойыз аралап, халқымызға өнер және көмек көрсетіп жүр. Бүгін бізде ерекше қуанышты күн, өйткені сол пойыз біздің сыныпқа ат басын тірепті. (Пойыз дауысы шығады, балалар орнында отырып жүрген пойыздың қимылын жасайды)

1-аялдама – Мектеп

Балалар, білім ордасы дегеніміз не, ол – ...? (Мектеп). Міне, бүгін 27 бала оқушы атанып, мектепке, бірінші сыныпқа келді. Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде – үлкен той.

Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Оқушылар:

Оқып сыннан өтемін,

Мақсатыма жетемін.

Ол – сыйлығың тек сенің,

Сәлем саған мектебім.

2-аялдама – Қоңырау

Мұғалім:

Балалар, мектепте сендерді асыға күтетін, білімге шақыратын достарың бар. Оның не екенін қазір білеміз. (Қоңырау соғылады). Ол не екен, балалар? (Қоңырау). Иә, ол қоңырау, балалар.

Оқушылар:

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Ұмытпаймыз бұл бір айды

Гүлге толған омырау.

3-аялдама – Жұмбақтар

Оқушылар:

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (Қарындаш)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама. (Кітап)

Өшірді, сүртті,

Өзін де құртты. (Өшіргіш)

4-аялдама – Оқу құралдары

Әліппе:

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да, Мәлік те.

Дәптер:

Ел құрметтеп бағалар

Досың бар, ол –Тазалық.

Кел, дәптерге балалар,

Тап-таза етіп жазалық.

Қалам:

Құтты болсын қадамың!

Құтты болсын қаламың!

Жаңа келген мектепке

Мен де өзіңдей баламын.

Биік білім шыңына

Өзіңмен бірге барамын.

Парта:

Ойып жазып атыңды,

Мазамды алма сызғылап.

Тыңдамайтын ақылды

Болма тентек, мұз құлақ.

Парта деген мүлік қой,

Қадірін сен біліп қой.

Күнделік:

Білімділік айнасы –

Қолымдағы күнделік.

Тиеді көп пайдасы

Жүреді де бірге еріп.

Бор:

Менің атым Ақ Қалам,

Бормын деп те мақтанам.

Жақсы білсең сабақты,

Кездесейік тақтада...

Өшіргіш:

Өшіргіш – оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады.

Дәптерді қолыңмен тырналап,

Былғама орынсыз, жұлмалап.

Пенал:

«Қәне, бәрің демал!» –

Деген шақта Пенал

Қарындаштар түгел

Құшағына кірер.

Қарындаш:

Қызыл, жасыл, қарасын

Қолға кезек аласың.

Қарындашпен әр түрлі

Алуан сурет саласың.

Портфель:

Бірге бастап жол басын,

Бірге оқуға барғасың.

Қолыңдағы портфелің –

Алты жастан жолдасың.

Оқулық:

Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

5-аялдама – Тәуелсіз Қазақстан

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан сенің туған жерің, өзіңнің туған-туысқаның, дос-жарандарың тұратын мекен. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Оның астанасы – Астана қаласы.

Біздің мемлекетіміз биыл 24 жасқа толады. Әр мемлекеттің рәміздері бар. Осы рәміздермен танысып көрейік.

6-аялдама – Мектеп түлегі ғарышта

Айымбетов Айдын Ақанұлы - 1972 жылы 27 шілде күні Жетісу өңірінде дүниеге келген. №14 орта мектеп-гимназиясының 1988-1989 оқу жылының түлегі. 2012 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1304 қаулысымен Қазақстан Республикасының ғарышкері атағы берілді. Ғарышқа самғаудағы мақсаты – осы күні Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық өзекті мәселесіне ғарыштық сараптама жүргізу. Ұшу кезеңі Байқоңыр ұшу бекетінде 2015 жылдың 2 қыркүйегіне жоспарланды.



Қорытынды:

Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!






Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров139
Номер материала ДВ-433751
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх