Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ТӘРБИЕ САҒАТЫ "МЕНІҢ ОТБАСЫМ"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

ТӘРБИЕ САҒАТЫ "МЕНІҢ ОТБАСЫМ"

библиотека
материалов

Менің отбасым

Білім салалары: Қатынас, Таным, әлеуметтік, Шығармашылық
Бөлімдері: Тіл дамыту, математика, қоршаған ортамен танысу, құрастыру
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, «Әдептілік – әдемілік»кітабы, өлеңжұмбақ, ойындар.
Билингвальдық құрауыш:
Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,
Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.
Титтей бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
Балалар, қазір бізге Мөлдір жұмбақ жасырады.
Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Бала шығып атаны көрсетеді.
Ата туралы тақпақ.
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалы салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жермен көкті аралап.

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)
Көрсету.
Әке туралы тақпақ
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім»деп.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Көрсету.
Әже туралы тақпақ.
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Балалар, сендерді жақсы көретін, сүйікті адам кім? (Ана)
Көрсету.
Балалар, Ендеше мен сендерге өлең жұмбақ айтып берейін. Сендер соның шешуін айтыңдар
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын?
*** *** *** ***
Ертегі айтып беретін
Айтқаныңа сенетін.
Дегеніңді екі етпей
Жаңында сенің жүретін.
*** *** *** ***
Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын.
– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.
Сергіту сәті: «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.

1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)
Әке, апа, аға, мен және бөпем туралы айтылған.
– Апай, бұл «Ата» – ғой
– Бұл «Әже» – ғой апай!
– Апай бұл біздің«анамыз» – ғой
Ұйымдық - іздену Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.
Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.
3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді. Бұл ағам ол Арменияда тұрады. Бұл тәтем, менімен ойнайды. Біз тату тұрамыз.

Рефлекстік түзету - Қазір бәріміз мынадай тапсырма орындайық. Мына қима суреттерді құрастырайық.
Нені құрастырдық? Кім бар?
Жүректен – жүрекке: Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
Қорытындылау: 1. Отбасы мүшелерін ата.
• 2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?
• 3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
• 4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?
Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Түсінуге тиіс: Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында
Сабақтың мақсаты: Адамның табиғаттағы алатын орны туралы білім бере отырып, оқушыларды экологиялық салауаттылық пен экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1. Адамның табиғатта алатын ерекше орнын түсінеді.
2. Сыни ойлау дағдылары артады.
3. Өз беттерімен тақырыпты меңгереді.
4. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
5. Қызығушылықтары артады.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Дифференциация Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру Амандасу тренингі
Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу
Табиғат туралы қиылған суреттерді құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
1. Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді.
2. Топқа бөлінеді.
3. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.

Топқа бөліну Бірін-бірі бағалау парағы үлестіріледі.

Табиғат туралы суреттер
Үй тапсырмасын сұрау Табиғат туралы суреттерінен көрме дайындау, галереяға саяхат.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасы сұралады:
Тіршілік ортасы деген не?
Бейімделу дегенді түсіндір.
3. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ортасына қалай бейімделеді? Оқушылар суреттерін іліп, галереяға саяхаттайды.

Оқушылар жауап береді. Жеке жұмыс

Сұрақ-жауап, диалог әдісі
Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту:
Миға шабуыл:
Табиғаттың адам үшін маңызы қандай? Оқушылар топта ақылдасады, жауап береді. Топтық жұмыс, сыни ойлау.
Мағынаны тану: Әр топқа мәтіндегі тақырыптарды бөліп беру және қосымша мәліметтерді тарату.
1 топқа – Табиғаттың ғылымдық маңызы
2 топқа - Табиғаттың сауықтыру маңызы
3 топқа –Табиғаттың тәрбиелік маңызы
4 топқа - Табиғаттың эстетикалық маңызы
5 топқа - Табиғаттың өндірістік және экономикалық маңызы.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпшалар - мен және қосымша мәліметтермен танысып шығады да флипчартта бейнелейді. (20 минут)
Өз жұмыстарын топ басшысы қорғайды. (5 минут)
Топтық жұмыс Флипчарт түсті маркер, желім, түсті қағаздар т.б.
Ой-толғаныс:
Оқушыларға 5 жолды өлең стратегиясы бойынша тапсырма беріледі. 5 жолды өлең стратегиясын қолдану арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды. (5 минут)
СТО, жеке жұмыс
Бағалау : Бағалау қорытындысын шығарады Оқушылар бағалау парағын толтыру арқылы қорытындылайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау Бағалау парағы
Табиғат туралы бір шумақ өлең жазып келу.

Оқушылар тапсырмаларды жазып алады.
Кері байланыс


«Жазғы кезеңде оқушылардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру» тақырыбында шебер-класс

Сайыстың бастылуы:

І. Лагер ұраны: Ашық аспан.

Аясында.

Демаламыз.

Шаттанамыз.

Ауласында

Мектебімнің

Шырқап

Әнге саламыз. Парампарерм-гэй.

ІІ. Дене қыздыру жаттығулары

ІІІ. Сайысты хабарлау. (оқушыларды сапқа тұрғызып, екі топқа бөлу «Сұңқар», «Тұлпар»)

Тақырыбы: Еркем-ай

Мақсаты: Балаларды бір-бірімен тең құқықты, сыйлы, сыйласымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Өзіне сенімділікті, шығармашылықты, жауапкершілікті, достықты қалыптастыру. Ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Жыл бойғы алған білімдерін пысықтау, ептілікке, салуатты өмір салтын ұстануға, ұжымдық тәртіпке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: Тақырыпшалар, кеспе қағаздар, шарлар т.б.

Өтілу барысы: -Құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Еркем-ай» сайысына қош келдіңіздер! Сайысымызда түрлі ойындар мен жарыстар болады.

Басталды сайысымыз бүгінгі,

Сайыскерлер таланты және білімді.

Қарсыластар сендерге тек сәттілік,

Биік ұста түсірме сен туыңды.

Ал кімің бар өнері қаншалықты,

Балалар бар өнерлі талантты.

Бүгінгі сайысымыздан бәйге алуға,

Балалар аянбай-ақ жан салыпты. -деп сайысымызды бастауға ұрақсат етіңіздер.

Амандасуы: -«Тұлпар» тобынан «Сұңқар» тобына жалынды сәлем!

-«Сұңқар» тобынан «Тұлпар» тобына жалынды сәлем!

Екі топ ұрандарын айтады:

І топ: «Тұлпар» тобының ұраны

«Тұлпар» атты тобымыз, Лагердегі өрендер,

Күш қуат толы бойымыз. Кел, сайысқа өнерден.

Тәрбиешім баптаған, Басқаларда қолдасын,

Жақсы ісіме шаттанған. Қол қусырып тұрмасын.

ІІ топ: «Сұңқар» тобының ұраны

«Сұңқар» деген тобымыз, Бойында өнер тасыған,

Жазылмайтын жұбымыз. Ән мен күйі шалқыған.

Көркі болса гүл жердің, Тынығамыз мейрамдап,

Біз лагердің гүліміз. Шынығамыз сайрандап.

ІІІ. Қазылар алқасымен таныстыру.

-Келіңіздер, келіңіздер,

Бұл жарысты көріңіздер.

Құрметпенен тамашалап,

Әділ баға беріңіздер (қазылар алқасын сайлау)

Сайыс кезеңдерімен таныс болайық:

1.Ақын болар ұрпақпыз. (өлеңнің ұйқасын табу)

2.Палиглот. (жұмбақтың шешуін тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айту)

3.Тапқыр болсаң тауып көр. (кеспе қағазға жазылған сөздерді мимика немесе пантамимикамен салу топ мүшелері тез арада табу керек).

4.Бояулар әлемін саяхат (суретті жалғастыру)

5.Әнің биік самғасын (бастаған әнді аяқтау)

6.Кім жүйрік? (шармен ойнап барып, есептің шешуін табу)

1 –Ақын болар ұрпақпыз

«Тұлпар» тобына тапсырма: (Отан біздің) панамыз,

(Мектеп біздің) анамыз.

(Ұлағатты) ұстаздан,

(Оқып білім) аламыз.

«Сұңқар» тобына тапсырма: Біз (балдырған) баламыз,

(Шырқап әнге) саламыз.

(Туған жердің) төрінде,

(Алау болып) жанамыз

2.Палиглот

«Тұлпар» тобына

1.Жылт-жылт етеді?

Жылғадан өтеді. (су, вода, water)

2.Арқаным бар тым ұзын

Ала алмайсың бір үзім. (жол, дорога, way)

3.бейнесі суда дірілдейді,

Қармаққа бірақ ілінбейді. (ай, луна, moon)

«Сұңқар» тобына

1.Жіп, жіңішке

Көмірдей қара.

Таппасаң бала,

Басыңа қара.(шаш, волос, hair)

2.Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Буланып, жон алап,

Терледі, керілді. (жаңбыр, дождь, rain )

3.Таптым-таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (түйе, верблюд, camel)

3. Тапқыр болсаң тауып көр.

Тұлпар: күн, ауа, өзен, мысық, доп, ұшақ, тіл, кітап, ән, телефон, сабын, қалам,

Сұңқар: ай, гүл, көл, жаңбыр, ит, құс, ана, би, батыр, тарақ, тамақ, домбыра,

4. Бояулар әлемін саяхат. (табиғат бейнесін бейнелеу)

5. Әнің биік самғасын (әннің жалғасын табу) «Тұлпар» тобына «Солдат болам мен ертең» әні:

К. Дүйсекеев

Гүлдей жайнап,

Күндей жайнап,

Мен ер жетіп толамын,

(Әжем айтқан Дәу жігіт боп, Ағалардай боламын. Бір, екі, үш! Бойға жинап күш, Шынығамыз таң ертең, Ағалардай Отанға солдат болам мен ертең).

«Сұңқар» тобына К. Дүйсекеевтің «Ана тілін сүйеміз»

Мейрімі мол балаға,

Бар әлемде анаға.

Басымызды иеміз. (Бабамыздың тілі деп, Даламыздың үні деп, Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз)

6.Кім жүйрік? «Тұлпар» тобының есебі: 27 + 49 – 41 = 35

14 + 37 + 25 = 76

46 – 18 + 38 = 66

52 + 48 — 50 = 50

90 – 52 + 41 = 79

«Сұңқар» тобының есебі:

36 + 66 – 43 = 59

85 – 72 +17 = 30

33 + 55 -12 = 76

67 – 41 + 29 = 55

72 + 19 – 39 = 52

Аяқталуы: жаңімпаз топты марапаттау, қазылар алқасына сөз беру.

Балалар, қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен сайысымызды аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға,-деп атсалысқан балаларға алғыс жариялаймыз.




Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру
Мінекей оқушылар да, ата-аналарда, тіпті мұғалімдер де асыға күткен биылғы жазғы демалысқа жеттік десек болады. Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе.

Мектептегі дене шынықтыру сабақтары мен спорттық үйірме жұмыстары енді уақытша тоқтайды. Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыру қиынға соғады. Оның себебі ата-ананың уақыты да, мүмкіншілігі де жетпей жатады. Ата-ана үшін ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді.

Сондықтан төменде ойындарды жіктеп, балаларды қызықтырады-ау деген тақырыптарда бірнеше түрлерін беріп отырмын. Ойындардың негізгі мақсаты қысқаша беріліп отыр. Бұл ойындарды бұрыннан танымал ойындармен бірге пайдалана отырып, баланының ойы мен тәрбиесін жеке тұлға ретінде заманауи талаптарға сай ұштауға, одан әрі дамытуға қадам басамыз деп ойлаймын. Ойындарды жас ерекшелігіне қарай өзгертіп, икемдеуге оңай, әрі балалардың өздеріде өздігінше жүргізе алатындай жеңіл.

І Қимылды ойындар
Тақырыбы: Айдаһардың құйрығы
Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу.
Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады.
Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

Тақырыбы: Қызыл табан
Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету.
Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.

Тақырыбы: Көңілді маймылдар
Мақсаты: Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.
Жүргізуші- «Маймылдарың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!

Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар ең соңғы ойыншы қалғанша шетінен ойыннан шыға береді.

ІІ Аз қимылды ойындар
Тақырыбы: Айна
Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру.
Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» - жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

ІІІ Логикалық ойындар
Тақырыбы: Балық, құс, аң
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

Тақырыбы: Мақал жарыс
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.

І нұсқа
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.

ІІ нұсқа
Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.
Тақырыбы: Тапқыштар
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)

Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

ІV Өзін-өзі тануға арналған ойындар
Тақырыбы: Жақсы сөз - жарым ырыс
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.

Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.

Тақырыбы: Мамандықтар таңдау
Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.

Тақырыбы: Мен кіммін?
Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-560396

Похожие материалы