Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Меркеңмен, анашым!"

Тәрбие сағаты: "Меркеңмен, анашым!"

Скачать материал

Тақырыбы: «Мерекеңмен,  анашым!»

Мақсаты: Балаларға 8наурыз -  халықаралық әйелдер мерекесі екенін меңгерту.Оларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің көзі мен ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Барлық аналарға , қыздарға , әжелерге деген сыйластыққа тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүрісі: Ұл балалар  ортаға шығып, әжеге, анаға, ұстазға,ару қыздарға деген ыстық лебізін білдіреді.

 

Нұрберген: Құрметті де асыл әжелер,  аяулы аналар,қызғалдақтай құлпырған қыздар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып сіздердің мерекелеріңіз келеді. Ол 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі.

 

Сүндет: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл анамыз, абзал әжеміз нәзіктігіне қарамастан барлық қиындыққа төзімді келеді.

 

Дінмұхаммед: Сен дүниеге келдің,сені дүниеге әкелген бір жан бар. Ол-анаң.

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір  жақының, досың, ұстазың, сырласың, ақылшың бар. Ол – анаң. Ананы құрметтеу баланың міндеті.

 

Жүргізуші: Сен жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып, жабысып, шырылдап іздейтін бір жан бар. Ол-анаң. Қанаттыға  қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып сен үшін шырылдап, қуансаң қуанатын, жыласаң бірге қайғыратын  бір жан бар. Ол – анаң.  Жел жағымызға  пана, бәріміз үшін дара, дана бір жан бар. Ол-ана. Барлық уақытта мейіріммен, ақылмен, ізгі ниетпен ыстық құшағында бізді мәпелеп келесіз, аяулы ана. Бүгінгі балалық сезім, әсәм ән, көңілді күй сіздерге  арналады.

Бірге: мереке құтты болсын!

 

А.Еңсеповтың «Балалық шақ» күйі қосылып тұрады.

 

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

 

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
– деп бүгінгі  балаларыңыздың дайындаған мерекелік шашуын қабыл алыңыздар!

 

1 «А» сынып оқушыларын ортаға «Қамажай» биімен шақырамыз.

 

Би: «Қамажай»

 

Жүргізуші:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз

 

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай  сахнаға

1 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

 

Ән:» «Ана»

 

Жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 

1 «А» сынып оқушыларының аналарына арнаған тақпақтары бар екен. Қабыл алыңыздар.

 

Тақпақтар:

 

Жүргізуші:

Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.- деп немерелер айтқандай, Аяулы әжелер, Әділеттің орындауындағы «Әжем айтқан ертегі» әнін қабыл алыңыздар.

 

Ән: «Әжем айтқан ертегі»

 

Жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. 

1 «гимназия» қыздарының орындауында «                     » биін қабыл алыңыздар.

 

Би «         »

 

Жүргізуші:

  Анасы үшін баласы қашан да кішкентай көрінеді. Соны сезетіндей баласы да әке болса да, анасына еркелейді. Біздің Үміт де анасының ерке қызы. Ендеше ортаға Үмітті «Ерке қыз» әнімен  шақырайық. Қол соғып,  қошеметтеп отырайық.

 

Ән: «Ерке қыз»

 

Жүргізуші:

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз -  деп,  сахнаға 1 «Ә» сынып ұлдарын заманауи бимен ортаға шақырамын. Би сіздерге арналады ,ару қыздар.

 

Би: «Флэшмоб»

 

Жүргізуші:

Десек те  уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, келесі кезекті 1 «Б» сынып оқушыларының аналарына арнаған өлеңдері бар екен. Қабыл алыңыздар.

 

Тақпақтар:

 

Жүргізуші:

Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген. Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

 

1 «В» сыныбы қыздарының орындауында шығыс биін тамашалаңыздар.

 

Би: «Шығыс биі»

 

Жүргізуші:

 Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.

Ендеше жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың  орындауында, көріністі тамашалаңыздар. 1 «А» сынып оқушыларын қарсы алайық.

 

Көрініс: «Жыл мезгілдері»

 

Жүргізуші:

                   Бала, бала, бала» деп,

                   Бізді өсірген анашым.

                   Гүлге толып, құшағың,

                 Бақытты бол, анашым,- деп 1 «Б»сынып оқушылары өздерінің билерін аналарына шашу етпекші. Қарсы алыңыздар «Арива» биі.

 

Би : «Арива»

 

Жүргізуші:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!- деп ақындар жырласа, 1 «гимназия» сыныбы өздерінің анаға деген сүйіспеншілігін би арқылы жеткіземіз дейді. Қарсы алыңыздар, сахнада «Арамзамзам» биі.

 

Би: «Арамзамзам»

 

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың аққарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп 1 «А» сынып оқушыларын «Жан ана» әнімен қарсы алайық.

 

Ән: «Жан ана»

 

Жүргізуші:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз  - деп,  1 «В» сынып оқушылары әже, аналарына, құрбы қыздарына арнаған тақпақтарын жеткіземіз дейді. Ендеше, қарсы алайық.

 

Тақпақтар:

 

Жүргізуші:

    Ана біздің күніміз,

    Ананың біз гүліміз.

    Ұландарды қуантып,

    Ұзақ өмір сүріңіз, - деп 1 «Ә» сынып оқушылары сіздерге өздерінің келесі биін арнамақ. Қарсы алыңыздар , «зу-зу» биі.

 

Би: «Зу-зу»

 

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!

 

Би: «Үнді» биі

 

Жүргізуші:

  Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. 8 наурыз құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Меркеңмен, анашым!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 662 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 1015
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утегенова Айнур Жолдасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утегенова Айнур Жолдасовна
    Утегенова Айнур Жолдасовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6518
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек