Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: "Мейіріңді төге берші Ана!"

Тәрбие сағаты: "Мейіріңді төге берші Ана!"

Скачать материал
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мейіріміңді төге берші, Анашым!
Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.

Асылбек Еңсеповтың "Детство" күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың "Ана" атты өлеңі оқылады. Өлең оқылып болған соң ер жігітер аналарды ортаға алып кіреді.

Хор: "Ана"
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, классымыздың ер балаларының дайындаған «Ана - аса қымбат жан!» кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!

Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау - бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.

1 - оқушы: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

4 "А" сынып оқушысы әрі биші, әрі домбырашы Анар қызымыздың орындауында "Құттықтаймын, мама мерекеңмен" әнін қабыл алыңыздар!

Мұғалім: Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
(Балалардың тақпағы айтылады)


3 - оқушы тақпақтарын айтады


Мұғалім: - Барша аналарға арнаған Индира қызымыздың орындауында қазақ биін тамашалаңыздар.


4-оқушы тақпақтарын айтады
Сыныбымыздың күйші қызы Саражанның орындауында " " күйін қабыл алыңыздар

Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Ойын: «Аялы алақан»
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

Сыныбымыздың Мирас деген жігітіміздің орындауында "Ақ сиса" күйін қабыл алыңыздар!

4-оқушы тақпақтарын айтады


Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Шығыс биі"

Би: «Шығыс биі»

Хор: "Ана туралы жыр"

Мұғалім: - Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан үш - үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі.

Ойын: «Қай жұп күшті?"
Шарты: Қазір әр ата ана өзіне серік таңдайды, шарды алып көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектерін алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстар оқып беру. Әр кезектесіп белгілерген уақытты белгіленген жаққа дейін бір - бірін құшақтап шарды жарады.

Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім
- дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Сыныбымыздың оқушыларының орындауында " Келәншек" күйі

4 оқушы тақпақтарын айтады


Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Хор: "Аке-Ана"

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!



  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.