Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты "Өмір қымбатсың маған""
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты "Өмір қымбатсың маған""

библиотека
материалов

Тақырыбы:Өмір,қымбаттың маған! Мақсаты:Оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру.Оның оның жұғу жолдары,одан сақтана,қорғана білу туралы түсіндіру;салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. 

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
 
2. Көрнекіліктерді ілу.
 
3. Әңгімелеу.
 
Бүгінгі сабағымызда 1-желтоқсан – СПИД-пен дүниежүзілік күресу күніне арналған «Өмір,қымбатсың маған» тақырыбында өткізгелі отырмыз.
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030»стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырған. Мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
 
Денсаулық. Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық дұрыс тамақтану. Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады. Денсаулық таза ауада көбірек жүру. Денсаулық тазалық сақтау. Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу. Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
 
–Дені сау адам бақытты адам. Олар өз денсаулығын күтеді.Қысы,жазы шынығады, қыста шаңғы,шана,коньки тебеді.Жазда суға шомылады, күнге қыздырынады. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсақ, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсек көзіміз соған түседі. Біздің де өміріміздегі жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Денсаулық
 
Денсаулық – ол шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол тыныққан, Жүйке – тамыр жүйесі.
 
Денсаулық – ол күлудің, Көңіл күйің жадырай. Денсаулық – ол жүрудің, Ешбір жерің ауырмай.
 
Мақалдар. 1. Ауруын жасырған өледі. 2. Ішің ауырса, аузыңды тый. Көзің ауырса қолыңды тый. 3. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 4.Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. 5.Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ. 6.Денсаулық зор байлық. 7.Балық жаны суда. 8.Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі. 9. Азған денеге ауру үйір. 10.Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. 11.Бас ауырса,жан қорқады. 12.Тәні саудың,жаны сау. 13.Көңіл жақсы болғаны-өмір жақсы болғаны. 14.Емнің алды-еңбек. 15.Жарлының байлығы-өмір жақсы болғаны. 16.Ауру желмен кіріп, термен шығады. Достары: спортпен шұғылдану, жүгіру, тазалық, дұрыс тамақтану, ерінбеу, аурулардың алдын алу, зиянды затардан аулақ болу.
 
Дұшпандары: денсаулыққа қарамау, аурулардың алдын алмау, спортпен шұғылданбау, еріншектік дұрыс тамақтанбау, тазалық сақтамау, зиянды нәрселерге әуес болу ,салақтық,жалқаулық.
 
Ойын: «Иісіне қарай ажырат»
 
(Әр заттың иісін тауып, атын атаулары қажет). – Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білесіңдер? – Темекі Темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі,миды,өкпені уландырады. Сондықтан көп аурады.
 
- 1 желтоқсан қандай күн?
 
- Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД - ке қарсы күн.СПИД-ғасыр дерті.СПИД-жұқтырылғаниммунитет тапшылығы синдромы.
 
СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан арқылы ,ине арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
 
1. Біреуге қан құйса
 
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
 
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
 
4. Жұқтырған ананың баласына
 
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
 
СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
 
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
 
1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
 
2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде
 
3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
 
4. Ауа, су, ойыншық арқылы
 
5. Жәндіктер шаққанда
 
6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда
 
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
 
СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
 
- Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.
 
1 - оқушы: Салауаттылық – сергек те,
 
Таза жүру өмірде.
 
Адамзаттық келбетке,
 
Дақ түсірмеу тегінде.
 
2 - оқушы: Балақай!
 
Болсаңда әлі қаршадай:
 
Ойнау үшін шаршамай,
 
Оқу үшін мектепте,
 
Ашу үшін тәбет те,
 
Құру үшін сен саулық
 
Керек жақсы денсаулық.
 
5 – оқушы: «Басты байлық - денсаулық»-
 
Бабаң айтқан даналық.
 
Сақта жолын сен тауып
 
Осы шақтан балалық
 
Болар барлық мүшең сау,
 
Жүрсе жылдар бойында
 
Баяндалған осынау
 
Ережелер ойыңда.
 
Пысықтау сұрақтар:
 
1. СПИД қалай жұғады?
 
2. Ал қашан жұқпайды?
 
3. Неше жыл өмір сүреді?
 
4. Қандай белгілері бар?
 
- Балалар, салауатты өмір салты дегенімізді қалай түсінесіңдер?
 
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
 
Мұғалім: Балалар, әр адамның болашағы өз қолында, сондықтан нашақорлықтан, ішімдіктен, темекі шегуден аулақ болайық. Денсаулығы мықты адамдар еліміздің, ұлтымыздың болашағы екенін ұмытпаңдар.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров712
Номер материала ДВ-120550
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх