898466
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Өмір жалыны"

Тәрбие сағаты "Өмір жалыны"

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

Тақырыбы: Өмір жалыны

Талюкенова Қ.Ә.,

Қарағанды қ. №68 МИББ кешені


Мақсаты: Оқушыларды адамгершілік қасиетке баулу. Адамдармен өзара сыйластық, сүйіспеншілік, түсінушілікпен қарым-қатынас жасай білуге,жақсылыққа үйір болуға, жамандықтан аулақ жүруге тәрбиелеу. Ізгілікті қасиеттерін дамыту.


І Жүргізуші: Құрметті қонақтар, тәрбиешілер, оқушылар! «Қарлығаш» тобында өткізгелі отырған «Өмір жалыны» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

ІІ Жүргізуші: Өмір деген ойын да емес, той да емес,

Басқалардан биік тұрар бой да емес,

Өмір деген шахмат емес шатасқан,

Өмір деген ұта қояр дойбы емес.

Өмір – қатаң емтихан,

Өтпейтіндер құлайды.

Қадіріне жетпейтіндер

Өмір бойы жылайды.

Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,

Өмір деген бақыттың да құсы емес,

Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп.

І Жүргізуші: Адам өмір бойы адамгершілік құндылықтарға үйрену, жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады. Халқымыз: «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт – құты қашсын»,- дейді. Адам жаман-жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің өмірлік мұратын таба алады.

ІІ Жүргізуші: Жақсы адамның қасында жүрудің өзі бақыт. Айналасына қуаныш сыйлап, өзіңмен тең дәрежеде сөйлесе білгені пенде мерейін өсіреді. Ол адамнан көп нәрсені үйренесің.

Ән: М. Мақатаев «Бақыт деген» Орындайтын: Ділназ

І Жүргізуші:Балалар, сендер өсіп келе жатқан жас құрақсыңдар. Үлкен өмірлерің алда. Ертеңгі күннің пайымы мен парқын осы бастан білгендерің жақсы. Кедергісіз,қиындықсыз алға ұмтылу мүмкін емес.

ІІ Жүргізуші: Құрметті көрермендер, мына көрініске назар аударыңыздар.

Көрініс:

Автор:Мамасы үй жинап жүреді .Баласы мектептен келді.

Мамасы: Қандай баға алдың?

Баласы:Бес! Бес!-деп алақанындағы бес саусағын екі рет көрсетеді.

Автор:Келесі күні баласы қызараңдап үйге кіреді.

Мамасы:Қандай баға алдың,балам?

Автор: Ал бүгін басқаша. Дағдылы сұраққа жауап берудің орнына күле берді. Сырты күлгенімен, ішінен қысылып тұрған бала турасына көшті:

Баласы:-Мама,екі алдым...

Мамасы:-Қай сабақтан?

Баласы:-Математикадан.

Мамасы:-Берген есепті шығара алмадың ба?

Баласы:-Жоқ!

Мамасы:-Енді не?

Баласы:-Тақтадағы оқушы жазған есеп туралы пікірімді сұрады, мұны күтпегендіктен мен ойланып жауап беріп ем, ағай естімеді-ау деймін «екі» деп отырғызып қойды...

Автор:Екі беті қызарып, намыстан өртеніп тұр.Мамасы ұрсады деп қысылғаны да байқалады. Көзінің астымен жәутеңдеп қарай береді.

Мамасы: 5-сыныптың оқушысы «екі» алса не істеу керек екенін өзі біледі.

Тәрбиеші: Балалар, математика сабағынан «екі» алсаңдар, ертең «бес» арқылы жөндеулеріңе болады. Ер жеткен соң алда ауыр өмір сабақтары келеді.Онда алған «екіңді» жөндеуің қиынға түсер. Сондада сезімталдық пен ізденіс керек. Қателігіңді дер кезінде жөндемесең, тағы бір қателік қосып алуың мүмкін.Дәл қазіргі алған «екілігің» жолыңда жолыққан кедергі деп біл.

Баян: «Жүріп өткен жолыңда аяқ астында тас жатса, өзің сүрінбесеңде алып таста. Сенен кейін жүргендер зәбір шекпесін.

Бибісара: Өмірдің ащы-тұщысын көрген жан арттағы ұрпағының тағдырына алаңдайды. Әрбір қадамынан үміт күтеді. Сәттілік тілейді. Денінің сау болғанын қалайды.

Зарина: Иә, адам өмір сындарынан өткеннен кейін кездескен қиыншылықтарға тойтарыс беруді үйренер. Ақыл-парасатың,жігер-қайратың толысқанда ғана дұрыс шешім қабылдайсың. Әйтпегенде тағдырдың күшті толқындары жағаға шығарып тастауы да мүмкін.

Ән: «Қуанамын» Орындайтындар: Диана мен Зарина

Салтанат: Біздер адамдар өзімізге емес, өзгеге көп талап қойғышпыз. Өзгелерді кінәлауға құмармыз.

Индира: Шындығында біреуді кінәлаудан оңай нәрсе жоқ. Өз басыңнан өткен іске, болған оқиғаға өзге емес өзің жауапты бол.

Зарина: Кінәмшіл көп жолды бөгейді. Достар арасын алыстатады.Қалыпты өмір сүруіңе кедергі келтіреді. Жаныңда өкпелеушілік емес, ақыл мен адамгершілік жүруі тиіс. Адамдық мақсат кінәліні іздеуден тұрмайды.

Тәрбиеші: Балалар, адам жаны нәзік. Кейде біреулер саған ауыр сөз айтады. Әрине, ол әсер етпей қоймайды. Бірақ ол үшін жаныңды ауыртудың қажеті жоқ.

Біз адамдар арасындағы ашу, ыза-өкпені қалай қабылдаймыз? Болмашыға өкпелеп, сөйлеспей қоямыз.Мұндайда кейбіріміз қызбаланып кетеміз. Енді біріміз жұдырықты ала жүгіреміз. Әйтеуір бойымызда «дақ» қалғанын сездіртіп аламыз. Біздің ең осалдығымызда осында жатқан секілді.

Біріншіден, пендешілік тірлікке өкпелемеген жөн. Ақылды адамда реніш болуы тиіс емес. Өзгелер секілді сен де мұндай жәйттерге жолығарсың. Жаныңды "жаралап" кеткен жанға өзің бірінші амандас. Ыңғайсыз жағдайдағы өткенді еске алмауға тырыс.Өкпе-ренішті көңілде сақтама.Ал өзге адам көңіліне «алып» қалды-ау дейтін жайтқа кешірім сұраған дұрыс. Барлық өкпелерден құтылу-кешіре білу. «Кешірімді бол! Кешіре білсең, ұтылмайсың» деген аталарымыздың сөзі санаңда жаңғырып тұрсын.

Екіншіден, өзің кішірейе отырып, ашық әңгімелескен жөн. Өмірлік мақсатыңда біреуді сөкпе, кінәлама. Дегенмен, біреулердің оспадарлығы, өзімшілдігі, көкіректігі,кекшілдігі жаныңды ауыртатыны рас.Бұл құбылыс өмірде кездеспей тұрмайды. Мұндайда өз биігіңде қалғаның жөн. Қолыңнан келсе игілікті іс, ізгілікті еңбек жасағанға не жетсін! Жамандыққа жақсылықпен жауап бер. Өзгенің көңілін қалдырмау басты-парызың. Егер сені өзгелер құрметтемесе оның себебін біреулерден емес, өзіңнен ізде!

Ән: «Арман жолдар» Орындайтын: Сабина

І Жүргізуші: Енді балалар, «Ұрпақтарға аманат» айдарын Сіздердің естеріңізге салғымыз келеді.

Диана мен Сабина:

1.Өмір екі нәрседен тұратын секілді:қажетті және қажетсіз. Таңдар кезде осы екеуін шатастырып алмаған жөн.

2.Барлық адамда қабілет бар.Тек оны көрсету үшін кейбірімізге еңбекқорлық,ізденіс,шыдамдылық жетіспейді.

3.Ойлана білмейтіндерден,жіберген кемшілігінен қысылмайтындардан қорқамын. Бұлар қоғамның да, өзініңде нағыз жаулары.

4.Келер ұрпақ!Туған жерге деген перзенттік борыш пен парыз денең қара жер құшағына кіргенше өмір сүре беруі керек.

5.Ең бастысы- жүрек жылуың, адамдығың жоғалмасын. Адамдық әрдайым жақсылық жасау, ізгілік, мейірімділік деген ұғыммен қатар тұруы тиіс.

6.Біреуден үйренуден ешқашан тартынуға, арсынуға болмайды.Үйренуді ар тұтар адам ешқашан алысқа бармайды.

7.Білім алудан, ізденуден, алға ұмтылудан шаршамау- адамды шыңдай түседі.

8.Қам-қарекетсіз қарап отырма. Азаптың ең үлкені осы. Ертеңгі жұмысыңды бүгін атқар.

9.Өмір өзге жанға да қымбат.Осыны назарда ұстағын.Жақсыны жоғалтпа. Асылды аяла.

Би: «Еркеназ»

І Жүргізуші: Ортаға Индира мен Айнұрды шақырайық. «Қалай өмір сүруге болады».

Жеткіншек: О, Данышпан,айтыңызшы, адам өз өмірін қалай сүруге болады?

Данышпан: Әр адамның өз өмірі өз қолында,оны тек өз ойының күш-қуатын жақсылыққа бағыштай білген адам ғана жақсы өткізе алады.

Жеткіншек: Ойдың да күш-қуаты бола ма? Оны қолмен ұстап көруге болмайды ғой?

Данышпан: Ой дегеніміз – пайымдау, сенім, ықылас, ниет. Егер олар әлсіз, сенімсіз болса, адам өз ойын жүзеге асыра алмайды. Егер ой мықты,айқын, адал болса, адамға жігер пайда болып,өз мақсатына жетеді.

Жеткіншек: Ендеше, мен өз ойыма сеніммен, жауапкершілікпен қарасам, ойым, ниетім ақ болса, менің өмірім қызықты да, қуанышқа толы болады екен ғой?

Данышпан: Адам ойы бақтағы жеміс ағашы сияқты. Оны мәпелеп өсіруге де болады,немесе күтім жасамай,қуартып тастауға да болады. Есіңе сақта: өз еңбегіңнің жемісін де,өз енжарлығыңның сазайын да тартатын өзіңсің.

ІІ Жүргізуші: Әркімнің өзінің алдына қойған мақсаты бар. Соған жету үшін талпынады. Өмір сүру дегеніміздің өзі алдағы күніне нық сену деп білем. Қашанда жеңіс өздігінен келмес. Түрлі сындарды бастан өткеріп,одан сабақ ала біл. Сүрінсең жасыма, қайта жалындай түс. Ізденсең,талаптансаң дегеніңе жетесің. Өмір ұлағатынан үйренуден жалықпа.

І Жүргізуші: Ал, өмір ұлағаты неде?

Мөлдір: Бірінші – бастан өткерген жәйттер. Мұның өзі үлкен сабақ. Әр күнгі кездескен құбылыс саған әсер етіп,содан жақсылық пен жамандықты айыра білу.

Баян: Екінші – сенім мен ізденіс жолы. Ол тіршіліктегі іс-әрекетіңе бағыт- бағдар алу. Ойлаған жоспарыңды іске асыруға талаптану.

Нәкіжан:Үшінші – араласқан жандардан үлгі алу. Бұл – өзіңнің айналаңдағы күнде көріп жүрген жандардың жақсы қасиеттерін бойыңа сіңіру деген сөз.

Ән: «Балалығым – бал дәуренім» Орындайтын: Аружан

ІІ Жүргізуші: Алдарыңыздағы қыздардың өлеңдерін тыңдауға шақырамыз.

Бегайым: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Өз қайығың, бар болса өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық келешегің.

Әдемі:Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,

Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.

Өз қайығың болғаны қандай жақсы,

Қашан,қайда барсаң да өз еркіңде.

Өкінсең де өткенің оралмайды,

Өшкен отың қайтадан жана алмайды.

Сен жасаған күнәні бір досың да

Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.

Мөлдір:Жас өмір жайқалтады жапырағын,

Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.

Жас өмір толған мақсат,шексіз арман,

Батыл ой, ұшқыр қиял, батыл адым.

Жарқылдап жас өмірдің алтын бағы,

Сиқырлы саясына шақырады.

Не жетсін жас өмірдің қызығына,

Көз ілмей талай таңды атырады.

Жас өмір, жалынды өмір, думанды өмір,

Жазира, дарқанды өмір,дарынды өмір.

Көтеріп ақ тілегін тудай көкке,

Алдыңа жайып салар барын өмір.

Аружан: Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен, достарым.

Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным.

Мен – өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Өмір – кітап, түсінуі тым қиын,

Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан.

Маржан іздеп терең теңіз түбінен.

Күн батарда атар таңға үңілем,

Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналармын түбі мен!

І Жүргізуші: Рақмет,қыздар.

Баян:Болашағың бүгіннен басталады.Бүгінгі тыныс –тіршілігің,сана-сезімің – ертеңгі күніңнің дәмді жемісі. Сондықтан да уақытты бағалай біл. Ойланбаған,мақсатсыз өткен күн мағынасыз,мәнсіз болып қалмақ.

Нәкіжан: Адамның өмірге келгендегі басты мақсаты – айналаны жазалау,қаралау емес. Қайта ардақтау,аялау,адамдық сезіміңді арнау. Мынау жарық дүниеге мейіріммен қарау.Өзгелерге жақсылық жасаған сайын көңілің көтеріліп, жаншуағың арта түсетінін ұғын.

Бибісара:Мақсатқа ұмтылу,кері кетпеу, алға адымдау,бақытқа деген ынтызарлық та болу ләзім. Әрбір жанның мақсаты кемелдене түсу, өзін жетілдіру,өзгелердің жанына жақсы із қалдыру деп түсін.

Күй: « Балбырауын» Орындайтын: Сабина

Салтанат: Өмірлік ұстанымын дұрыс белгілеген жағдайда ғана адам өмірі мәнді болмақ.

Айнұр М: Ең бастысы – жүрегің таза болсын.

Адина: Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл.

Анна: Өмір – сұлулық, сүйсіне біл.

Дина: Өмір – арман, жүзеге асыр.

Ділназ: Өмір – парыз, орындай біл.

Аружан: Өмір – ойын, ойнай біл.

Бегайым: Өмір – байлық, бағалай біл.

Әдемі: Өмір – құпия, сырын аш.

Айнұр А: Өмір – күрес, жеңе біл.

Камилла : Өмір – бақыт, баянды ете біл.

Аружан: Өмір – құнды, жақсылыққа үйір бол, жамандықтан аулақ жүр.

Тәрбиеші:Жас адамға бұл жалғанның бәрі керемет, бәрі ғажайып боп көрінетіні сөзсіз. Ал өмір басқаша, бәрі сенің ойлағаныңдай емес! Дәл осы сөздерді талай ата-ана баласына айтқанда шығар. Әйтседе тәрбиешінің өз шәкіртіне деген жүрек дүрсілі деп қабылдарсыңдар.

Мынаны естен шығармаңдар:

1.Жақсылықтан ешқашан күдер үзбе!

2.Бар мүмкіндігіңді пайдаланып, мақсат еткен бағытыңа жұмылдыр.

3.Бойыңдағы қабілетіңді дамыта түс.

4.Өмірдің өзі азаматтығыңды, адамдығыңды көрсетіп, өзіңді дәлелдеуден тұрады.

5.Білмеген-ақымақ емес, білгісі келмеген ақымақ.Өмірде білмегеніңді үйренуден еш жалықпа.

6.Айналаңа қатігез болма!

7.Ешқашанда жау арттырма!

8.Қайта досыңды көбейт, қолыңнан келсе,жақсылығыңды аяма!

9. «Өнерден-жақсы, білімнен-үлкен,ұяттан-сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ» (Сократ) екенін ұмытпа.

І – ІІ Жүргізуші: Өмір сенікі болса,қиналыстан шығудың жолы да тек – Өзіңде!

І – Жүргізуші: Осымен «Өмір жалыны» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.! Ықылас қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!

Ән: « Аңса жаным»: Орындайтын: Амира









Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее