Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Мәнерлеп оқу

Тәрбие сағаты Мәнерлеп оқу

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ана тілің - арың бұл (мәнерлеп оқу сайысы)

Жарияланды 26-01-2014, 18:23 Категориясы: Тәрбие сағаты

«Ана тілің - арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы



Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.



I - жүргізуші:

Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!



II - жүргізуші:

Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!



(Әнұран)

І – жүргізуші:

Қайта туды қазағымның ай – күні,

Күннен – күнге асар ма екен айбыны?

Жетпіс жылда өтті талай кешуден,

Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.



ІІ – жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім - дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 8 - сыныптар арасында өтеді. Олар:.....................



Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:

Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:



І кезең. Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол топ жеңімпаз)

ІІ кезең. Мақал - мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал - мәтелдің айтып жарысады

(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал - мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)

ІІІ кезең. Кез - келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.



І кезең.

І – жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

( Әр топ шығып өлеңдерін оқиды.)



ІІ кезең. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,

Жақсы ғой бірін - бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,

Тайраңдап алды - артына қарамаған.

Қарағым, ата - бабаң момын халық,

Өтіпті бір - бірінің жолын бағып,

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. - деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал - мәтел сайысына берейік.



ІІІ кезең. Өзгеге көңілім, тоярсың

Өлеңді қайтып қоясын.

Сені айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың - деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай ІІІ кезең өлеңдерге беріледі. Кез келген бір ақынның өлеңінен үзінді оқып беру.

Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!

Кері қайту

Материал рейтингісі:





Жоспар КІРІСПЕ І Мәнерлеп оқудың теориялық негіздері мен әдістері Мәнерлеп оқу және оқу дағдылары Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру Мәнерлеп оқудағы кідіріс, сөйлеу техникасы, екпін. ІІ Мектепте оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету тәжірибелері Шығарманы мәнерлеп оқуға алдын ала жүргізілетін жұмыстар Ертегілерді мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі ҚОРЫТЫНДЫ Кіріспе Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсатоқушы бойында білім-білік, дағдыларға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімді, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетімен кез-келген мәселені адамгершілік тұрғыда шеше алатын, өзіндік ойы бар жеке тұлға қалыптастыру [1]. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда. Қазақ мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиялық құжаттарында көрсетілді [2]. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсатыұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін сапалы дамыту туралы «халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру» көзделген [2]. Ең алдымен, білімді жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы - оқуға деген оң көзқарастың дамуы. Міне, осы мақсаттарды шешуде еліміз үздіксіз білім беру жүйесін құрып, сол бойынша нақты істерге кірісіп, көптеген мектептерде 12 жылдық білім беру сынамасын бастап та кетті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында баланы әлеуметтендіруге, яғни, балаларды 1 жастан бастап мектеп алды даярлыққа дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды арнайы бағдарламалар бойынша қоғамдастыру мәселесіне ерекше мән беріп, шұғыл іске кірісіп жатыр. Өйткені бұлай етпей бастауыш мектеп оқушыларын әлеуметтендірудің барынша жоғары сапалы нәтижеге жетуі екіталай. Мектепке дейінгі мекемеде тиісті біліммен қаруланып келген бала бастауыш буынды өз деңгейінде игеріп кетеді. Бүгінгі таңда оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін жетілдіру ісіне айрықша мән беріп отырғаны бәрімізге аян. Бұл ретте мектеп оқушыларын туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауындағы бесінші тарауындағы алтыншы міндеттеосы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту көзделген. Білім беру реформасы табысының басты өлшемітиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген [3]. Осы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауындағы айтылған мәселелерге баса назар аудару қазіргі мұғалімдердің міндеті болып табылады. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Әсіресе оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамытуды жүзеге асыруға көп көңіл бөліп, әр мұғалім өз сабағына күнделікті дайындалып, ізденіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөн. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан єрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезенде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қаза тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі [4]. Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі. Олай болса түптеп келгенде, елдің тілінің, туған жерінің, салт-дәстүрінің, қадір-қасиетінің артуысол жас жеткіншектердің сана-сезімі, түйсік жетесі арқылы ұлтының болашағын сақтауға деген ұмтылысы болып табылады. Сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары сапалы азамат ретінде қалыптастыратын да мектеп болса, бұлқоғамның мектепке қоятын талаптарынан туындайды. Ол мақсаттан Білім және мәдениет министрлігі ұсынған «Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында» былай делінген: «Нағыз ұлттық мектепмемлекетті құратын ұлттың тарихи аумағында қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егемендік білім беру саясатын жүзеге асыратын, оқушыларда ұлттық мінезді және ана тілінің негізінде өз халқының рухани әлемін еркін қалыптастыратын мектеп».

Алынған ресурсhttp://www.izden.kz/kurstyk-zhumys/pedagogika/35 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz





2013-2014 оқу жылы



«Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың тілдік қорын дамыта отырып, сөздіктер мен диалог құрап, оларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін айтып жеткізе келе, осы киіз үйлер арқылы көрнекі етіп, білімдерін қорыту. Қазақ ауылына қонаққа барып, қазақ халқының өмірі мен тарихымен таныстырып, оқушылардың қызығушылығын дамыта келе, «көркем сөз» сайысын өткізу.

Көрнекілік: киіз үй, бесік, сандық, сөзжұмбақ, тесттер, қабырғадағы қанатты сөздер.

Іс-шараның барысы:

Мұғалімнің сөзі:

Армысыздар, кұрметті ұстаздар және оқушылар.

Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгін Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушыларды қарсы алайық:

1. Коньков Владислав

2. Морев Станислав

3. Смирнова Татьяна

4. Полищук Владимир

5. Шарипов Николай

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқында әр мереке болғанда, үлкен адамдар, әжелер мен қонақтар шашу шашады. Ол дегені осы мерекелік тойың жақсы өтсін, өмірің тәтті болсын дейді. Мұғалім балалар мен қонақтарға шашу рәсімін көрсетеді.

Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде Т. Молдағалиев былай деген:

Туған тілім—тірлігімнің айғағы,

Тілім барда ашылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Бүгінгі біздің сайысымызда осы үш аптаның ішінде қалай тақырыптарды меңгергендерінді, өлең, мақал-мәтелдерді кім жетік білетінің, тестілеуді кім дұрыс шешетінің және мен қойған сұрақтарға кім толық беретінің анықтаймыз. Ал енді тапсырмаларды ең үздік орындаған оқушы жүлделі орынға ие болады.

1 тапсырма:

Өзің туралы қысқаша мәлімет бер.

2 тапсырма:

Отан, ынтымақ, тіл, өнер туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдер.

О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын



Тамсанамын, қарап тұрып артыңа



Шыққан балаң, қазақ деген халықтан



Нәр аламын, жер- анадан алыптан.

3 тапсырма:

Сұрақ – жауап, немесе Бәйге сайысы.

1. Біздің мектеп қандай?

2. Ол қай көшеде орналасқан?

3. Мектеп неше қабатты?

4. Сенің ұстазың кім?

5. Сен қай қалада тұрасың?

6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

7. Бір жылда неше ай?

8. Бір аптада неше күн?

9. Бір жылда неше мезгіл? Қандай?

10. Бір жылда неше күн бар?

11. Қандай гүлдерді білесің?

12. Үй жануарларын ата.

13. Қазақстан қалаларын ата.

14. Айларды ата.

15. Апта тауларын ата.



Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екенін барлығымызға аян.



Халқым теңіз толқыған, тілім терең



Мен мақтанам баршаға тілімменен



Ең асылың не?- десе құрметтейтін



Ойланбастан асылым тілім дер ем.



4 тапсырма:

Өзің қалаған өлеңді жатқа мәнерлеп айтып бер.



Мұғалімнің сөзі:

Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Дұрыс, бесікке салу, сүндет той, қыз ұзату, шілдехана тойы,қырқынан шығару. /мұғалім қысқаша салт – дәстүрлер туралы әңгімелеп шығады, балаларға бесікті көрсетіп, бесікке салу рәмізін көрсету/.

Қазақтың қандай ойындарын білесіңдер? Дұрыс, асық, тоғызқұмалақ, қыз қуу, бәйге, көкпар. Қазір қыз қуу ойының ойнайық. Біріншіден, жігіт қызды қуып жетуі керек, ал жігіт қуып жетпесе, қыз қуып жетіп, қамшымен соғады.



Келесі сөзді біздің әділқазы алқасына береміз.



Мұғалімнің сөзі: Кұрметті қонақтар, Сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-048185
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>