Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Ән әлемінің падишасы" 5 сынып
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағаты "Ән әлемінің падишасы" 5 сынып

библиотека
материалов

hello_html_11ddce43.gif

Ән әлемінің падишасы

Музыка: «Қайықта»

1-Жүргізуші. (Гүлбану) Армысыздар қадірменді қонақтар, ән сүйер қауым. Бүгінгі «Вальс королі» атанған Ш.Қалдаяқовтың ән кешіне қош келіпсіздер. Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз тірлік кешкен, қайран Шәмші! Бірақ біздер ән сүйер қауым, оның өмірін дәл осылай бақытсыздау өткенін білдік пе? ....

Білмедік, әрине сондықтан да ән падишасы атанған бірегей талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды.Енді біз қазақтың ұлы композиторы Шәмшінің көпшілік назарынан тыс қалған тағдырынан сыр шертейік.

2-Жүргізуші: (Бекарыс): Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасында 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей қамыстан күрке салып, мекендеп қалыпты. Қалдаяқтың аты Әнапия екен. Оның оң аяқ балтырындағы қалды көрген жеңгелері Қалдаяқ атап, содан соң осы ат сіңсіп кеткен екен. Татардың гармонын , қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың осы күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді.

1-көрініс.

Музыка: Домбыра

Құдайберген:(Фархат) -Оу, Қалдаяқ ұлды болдың! - Деген хабарды алып асыға келген жыртық шүберекке ораған нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да ересек адамның қарулы қолын сезген бала шар ете қалды. Басқа балалардай шыңғырып жыламай бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына

Қалдаяқ:(Талант) : Мен сені Хиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ мына даусың патшанікі емес, әншілікке көбірек ұқсайды екен,-

Құдайберген(Фархат): Айтқаның келсін, Жамшид болсын. (депті сонда баладан басқаға байлығы жоқ кедей, әрі өнерпаз әке)

1-Жүргізуші(Гүлбану): Жамшид ат алған бала осыдан аттай 30 жыл өткенде Ш.Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстің королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ.

2-Жүргізуші (Бекарыс) : «Кіндік қаным тамған жер» деген сөз, менімше, қазақтан басқа еш халықта жоқ. Сондықтан өз хикаямды кіндік қаным тамған жер Шәуілдірден бастайын деп бастаушы еді Шәмші әңгімесін.Шәуілдірдің шын аты – Отырар . Ел кезген саудагер, саяхатшы арабтар қу тақырда тұрған Отырардың көлеңкелі, саялы ғажап келбетін көріп, «Фараб» деп атап кеткен. Осы атағы жер жиһанға жайылған Отырарда ұлы бабамыз Әбумансұр Мұхаммед ибн Ұзлақ Тарханұлы Әл- Фараби туды.Қазақ музыкасының атасы Қорқыт бабамыз оқыды. Сосын мұнда компартия мойындамағанмен, бүкіл қазақ халқы таныған Шәмші Қалдаяқов туды дейтін Шәмші өз қалжыңына сылқ- сылқ күліп.

3-Жүргізуші (Сәуле) : Осы Отырардың түбегіндегі шағын бір қазақ ауылында Шәміл жеген өнерпаз жігіт Дүрияайым деген қызға ғашық болыпты. Олардың шынайы махаббатына тәнті болған ел ауылды «Шәмілдүрия» деп атапты да, кейін бұл ат «Шәуілдір» болып өзгеріпті.

Музыка: Кобыз және-Домбыра күйі

1-Жүргізуші (Гүлбану) : Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көрген әкесіне арнап моласының басына үлкен кешене ғимарат салдырды. Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол «Ана туралы жыр». Оның шығу тарихы былай. Жамшид Шәмші атанып, оның копозиторлық атағы шартарапты шарлап кеткенде ғазиз анасы айықпас дертке ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін айқын сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады.

2-көрініс «Анасымен қоштасуы»

Анасы (Ақкүміс): Балам, бұл өмірден жас кеттім демеймін, арманда кеттім деймін... Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүю бұйыртпады... Тағдыр солай да.... Қайтейін?.... Жалғыз тілеуім сен аман бол... Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Бақыл бол.балам.

Шәмші(Арғын): Апа қарыздармын саған.. қарыздармын, апа! Сіздің басыңызға кесене орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ сізге әсем әннің нең сұлуынан, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын...

3-Жүргізуші (Сәуле): Шәмші даусы үзілді- кесілді шығып бар дүние тұман сүңгігендей болды. Бұл 1957 жылдың қыркүйегінде болатын. Шәміс анасына берген уәдесін 1961 жылы орындады. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» әні дүниеге келді.Қазақ музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән-ана алдында өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілгенжасы еді...Бұл аналар туралы гимні еді.

«Ана туралы жыр» орындайтын Мерекеқызы Ақмаржан

Слайд : видио «Арыс»

3-жүргізуші: Шәмші өз әндерінің қалай туғанын әңгімелей жүріп «Арыс жағасындағының» қалай жазылғанын айтқан емес. Сол туралы сұрағанда, жымиып,былай деді:Бір күні маған бір қара торы, дембелше жігіт жолықты.

3-көрініс Қалқожамен кездесу.

Қалқожа:(Айтбек): Мен Қалқожа Жолдықаевпын.

Шәмші:(Арғын): Е, болсаң, бол. Оны маған несіне айтып тұрсың?

Қалқожа:Екеуіміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. АртыдаАрыс тұрғанда алдымда жолыққан ешкімнен сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақсүйер тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында сұлу жолықпады сізге?

Шәмші:Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.

Қалқожа:Олай болса әндеріңізде неге Арыс жоқ? Айналайын Арыс өзеннің аруларын ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтамайсыз ба?

Шәмші:Әй, бала, сен қалай-қалай, сөйлесесің? Мен кімді ән қылып кімді... онда сенің не шаруаң бар?

Қалқожа:Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен- Қалқожа, соны айтуға кедім.

Шәмші:Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті.

«Арыс жағасында» орындайтын:Бораш Айтбек, Жүсіп Ақерке.

Слайд: Бурабай видио

Музыка: күй арнау

2-жүргізуші:(Бекарыс): Шәмшінің мол арманының бірі-Көкшетауға барып, өзі құдайдай табынатын Ақан серінің басына тәуап ету еді. Ауылды жерде өсіп, қазақи ырымға қатты сенетін ол, қандай бөсіп жүргенімен жасы үлкендердің алдында еш әбестік көрсеткен емес. Сондықтан ол Ақанның аулында сап-сау барды.

1-Жүргізуші(Гүлбану): Ақан серінің бейіті «Тереңкөлдің» дәл жағасында. Мола тып-тыныш. Бар өмірі серілікпен, думанмен, қуғынмен өткен Ақан осы жерде мәңгілік тыныштық тауыпты.

















4-көрініс Ақанмен кездесуі



(Бейнероликте Көкшетау көінісі)

Шәмші(Арғын):Ассалаумағалейкум, асыл аға, ақын аға!

1-Жүргізуші:(Гүлбану): Мола байсалды үнсіздікпен жауап бергендей.

Шәмші:Аға, алыстан келдім.. Сенің басыңа келіп, басымды иіп, тізерлеп бүккелі келдім. (Шәмші даусыдірілдей шықты.)

1-жүргізуші:(Гүлбану): Мола тағы үнсіздікпен тіл қатты.

Шәмші:Алыста жүрсе де сені ешқашан ұмытпаған,сенің аруағыңа шын пейілмен Бас иген балаңның ақ жүректен шыққан сәлемін қабыл ал, аға!



1-жүргізуші:(Гүлбану):Шәмші мола басына етпеттеп жата қалдыда бейітті құшақтаған күйі еңіреп жылап жібереді. Шәмші ешқашан орны болмас және де қайталанбас ерекше дарын иесінің жылаған туын әрі қарай әкете алам ба, деп жылады. Осы кезде о, ғажап, әлдекімнің дауысы қасынан естілді.

Ақан(Ержігіт):Уа, Шәмші, бұл сенбісің?

(Шәмші шапшаң басын көтеріп, жан-жағына қараған еді, мола басында ешкім жоқ.)

Ақан:Уа,Шәмші, көтер басыңды, тұр орныңнан. Тірі адам өлгеннің жоғын емес, тіршіліктің қамын ойлағаны абзал. (Шәмші тағы жалт қараған еді, дәл қасында буалдыр тұман арасында әлдекімнің сұлбасы көрінді.)

Шәмші:

Ақан... Ақан аға!-деп айқайлап жіберді.

Ақан:Иә, бұл мен. Сен шын жыладың. Мен сосын келдім.

(Шәмші орнынан елбеңдеп тұрам деп тәлтіректейқұлай жаздады.)

Ақан:Қимылыңда кібіртік бар. Сен мұндай осал ма едің, Шәмші?

Шәмші: Адам осал болмайды.Оны өмір осал етеді.Ақан аға.

Ақан: Сен немене өміріңе өкпелісің бе?

Шәмші: жоқ, аға.Ризамын өмірге.Маған әннен қанат бітірді.мен әнімді өміріме серік еттім, сөйте тұра қорқамын. Тәлтіректейтінім содан шығар.

Ақан: Неге олай дейсің? Шәмші? Неден қорқасың?

Шәмші: Әнімнің ғұмыры ұзаққа бармай ма деп қорқамын. Ән жырымды келер ұрпақ есіне алмай ма деп қорқамын.

Ақан: Кезінде бәріміз қорыққанбыз. Әр әншінің басында бола беретін нәрсе ол.

Шәмші: Жоқ, жоқ! Басқадан ,басқадан қорқамын мен. Мен түгілі сенің де әніңді бажылдақ үнімен басып кететін барылдақтан қорқамын.

Ақан: Екеуміздің заманымыз екі бөлек. Мен сені түсінбедім.

Шәмші: Мойнына домбыра орнына гитарасын асып, сақалы желкілдеп, шашы жалбырап, тілі күрметілген жастарды көргенде мен де бар дүниеден түңіліп, айдалаға безіп кетем.Болашағымнан, болашағымнан қорқамын.Ақан аға.

Ақан: Болмадың , Шәмші! Болмадың мен сені мықты деп білетін едім.

Шәмші: Арсыздық үстем алған, аяушылықты білмеген өмір менен де мықты.Әбілахатты, менен де биік Мұқағалиды өмірден әкетті.Кезек маған да келді. Мен мұңымды шаға, қоштасқалы келдім, аға!

Ақан: Жоқ қоштаспаймын. Ел жұртыңа айтар әніңді әлі айтып болған жоқсың. Әнің асқақ тұрғанда мұндай осалдықты ұмыт. Батам сол, күресе біл. Жығылсаң жер көтереді, тек әнің құлдырамасын. Қызғаныштар түңілсін, Әумин!

1-Жүргізуші (Гүлбану): Осыны айтты да Ақан сұлбасы ғайып болды.

Шәмші: Ақан аға! Бұл не өңім бе? Түсім бе? Ойбай ау мен неге күйінем? Мен неге түңілем? Әнім шырқаған шақта неге қайғырам? (дауыс қатты шықты)

1-Жүргізуші(Гүлбану) : Ақанның аулынан Шәмші құлан таза айығып оралды. Бұл 1977 жылдың көктемі еді.



Музыка : Менің Қазақстаным минус



Шәмші: Әр адамның өз өмірі секілді әр әннің тарихы бар, мен сендерге «Менің Қазақстаным» қалай туғанын айтайын.Ол тұс Ақмоланы «Целиноград» деп атап оны Ресейге бермекші болып жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын әнұран қажеттілігін сезіндім. «Менің Қазақстаным» солай туды.Өлеңін Жұмекен Нәжімеденов жазды, Әнді радиоға Жамал Омарова жаздырды да күніне бірнеше рет беріліп тұрды.Бұл менің қасиетті қазақ жерін бөлшектеуге білдірген қарсылығым еді.Бұл ән «елімнің әнұраны» болады.

4-жүргізуші (Ақерке): 1986 жылы желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында Қазақстанның жастары «Менің Қазақстанымды» әнін шырқап айтып шығады. Бір ғажабы: осы шығарма еліміз бостандық алғаннан бері бұрынғыдан да қымбат дүниеге айналып, тәуелсіз аспанымызда азат құстай самғап ұшты.

Хор : «Менің Қазақстаным»



Музыка: көңіл толқыны



4-Жүргізуші (Ақерке) : 1990 жылы маусым айында Шымкент қорғасын зауытының Мәдениет сарайында Шәмшінің 60 жылдық мерейтойына раналған кеш өтті. Небір әндер шырқалды..Ал, ең бастысы сол кеште Шымкент жұртшылығы атынан Қазақстан Оталық партия комитетінің сол кездегі хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат қабылданып , онда Шәмшіге «Қазақ ССР- ның халық артисі» деген атақ берілуі сұралды. 1991 жылы 29 желтоқсанда Шәмшіге «Қазақстанның халық әртісі» деген құрметті атақ берілді.

5- жүргізуші (Нұрилла): Шәмші бұл күндері ауруханада жатқан еді. Ол бұл атақты небәрі 60 – ақ күн алып жүрді.Ал зейнетақына алмай ақ дүниеден өтті.Ол1992 жылдың 29 ақпанында мәңгілік көз жұмды.

6-Жүргізуші (Мәлік): Шәмші айтқан екен: «Маған нәрсе – халқымның жүрегі. Менің әндерімнің болашағы – халқымның тағдырына байланысты. Халқым барда менің әндерім бар»

5- жүргізуші (Нұрилла): Иә, сол сөздері қазір шындыққа айналды.Халқы оны ешқашанда ұмытпайды.Оның әндерін қазір Республика жұлдыздары, мектеп оқушылары үлкен сүйіспеншілікпен орындайды.

6-Жүргізуші (Мәлік): Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақ халқы қазақ вальсінің королі Ш.Қалдаяқовтың өнегесі еш ұмытылмайды.

Музыка: Попури

Ән «Шәмші әндерінен попури» орындайтындар Ақмаржан Мерекеқызы және Ақкүміс Теңілова, Айтбек Бораш.

7-Жүргізуші( Жолдас) Арман- ай! Халқымыздың сүйікті перзенті , ән өнерінің әйгілі ақтангері Шәмші аға дүние салғанда қабырғасы қайыспаған кісі жоқ шығар Өмірде өзгеше бітім болмысы бар қимас адамын жоғалтқанда өйтпегенде қайтеді!

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,

Өзегіңді өртеп дерт шаншымай ма?!

Махаббатарнап бір ән шығарсын,

Шәміл- ау

Шәмші қайда,

Шәмші қайда?- деп ұлы ақын М.Мақатаев іздеген Шәмші аға енді сағынышқа айналды.

1-Жүргізуші(Гүлбану): Осымен «Ән әлемінің падишасы» атты кешіміз аяқталды сау болыңыздар!



























М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі



























Дайындаған : Аманбаева.Г.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-271620

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"