Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: "Нашақорлық-ғасыр дерті"

Тәрбие сағаты: "Нашақорлық-ғасыр дерті"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Нашақорлық –ғасыр дерті.

Кіріспе сөз:Сынып жетекшісі:А.Қабесова:Құрметті ұстаздар,қонақтар мен оқушылар.Бүгін сіздер «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты тәрбие сағатында бас қосып отырсыздар.Қоғамның қасіретті дертіне айналып отырған нашақорлық,жастарымыздың нашақорлық туралы сауаттылығы нашарлығынан ба,әлде бір себептен бе,нашақорлыққа тәуелділігі азаймай отыр.Бүгінгі «Нашақорлық-ғасыр дерті» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды.Қазіргі уақыттағы қоғамның,мемлекеттің ең өзекті мәселесі-нашақорлық жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.

1.Нашақорлық,есірткі дегеніміз не?Есірткінің қандай түрлері бар?Есірткі қолданудың қандай жолдары бар?Осы сауалдарға жауап іздеу барысында біз «Ойланудың алтын қақпағы» әдістемесі бойынша жұмытанатын боламыз.

1.Ақ қалпақ.Ақпараттар мен мәліметтер алаңы.

2.Қызыл қалпақ.Эмоция,интуиция,сезіну.

3.Қара қалпақ.Ақиқатты көру,сақтанумен ойлану,келесі де алдын шалуға ұмтылу.(көлеңкелі,қауіпті жағы)

4.Сары қалпақ.Оптимизм,сәулелі өмірге талпыныс,позитивті ой.(жақсы жағы)

5.Жасыл қалпақ.Жаңа идея,альтернативті ойлар туындауы.

6.Көк қалпақ.Ізденісті басқару,идеяларды таразылай қорыту.

Ақ қалпақ.

1)Нашақорлық(грекше narke мелшию және mania-ессіздік,құтырыну)-есірткі заттарға патологиялық дағдылану нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Есірткі-(noчkasis)грекше наркоз,ұйықтату,ұйқымен ұмыттыру мен жансыздандыруды білдіреді.

Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті,айығу үмітсіз.Әлеуметтік дертті,адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады.

2.Есірткінің қандай түрлері бар:

1.Медицина ауруды басу үшін қолданылатын(апиын,опиум,опий)өнімдеріне морфин,кофеин,омнопин,промедол,метадон,көкнәр және т.б. заттар жатады.

-Сора өнімдері(коннабиноидтар)ташиш,анаша,марихуана және т.б.

-Психикаға белсенді әсер ететін заттар-анфетамин(финамин)сиднокарт;

-Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон,первитін,экстрази,фентози дәрі-дәрмектері және т.б.

-Ұйықтататын және седативтік заттар-барбитураттар,бензодиазипиндер,натрий оксибутироты және т.б.

-Галлюценогиндер(фенциклидин,кетами,ЛСД,псилоцибин,және т.б.

-Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмектер(паркинсонға,аллергияға қарсы қолданылатын циклодол,демидрол,пипольфен және т.б.)

-Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар(бензин,бензол,толуол және т.б. бұларды көбінесе иіскейді).

Адам организімімен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі қолданылатын есірткінің түрі-анаша.

Анаша-сұр түсті химиялық зат.Ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

3.Есірткіні қолданудың қандай жолдары бар?

Есірткіні қолданудың бірнеше жолдары бар.Оның бірі-егу арқылы қабылдау,өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады.(егу,иіскеу,шайнау.)

Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы қабылдау.

Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті.Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды.Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлерді іздей бастайды.Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады.Көбінесе ата-аналар балалардың қолының тамырын қадағалап,аман екен деп алаңсыз жүре береді.Ал,олар аяқ,жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.

Қызыл қалпақ:Біздер өз тобымыздың бүгінгі тәрбие сағатында айтылған мәселелерге байланысты алған әсерін мынадай эмоциямызбен,яғни өз шығармашылықтарымызбен көрсетуді ұйғардық.

1.көрініс,би,сурет салу,эссе,квн.

2.Салған суреттерінің мәнін түсіндіреді.

Қара қалпақ.Нашақорлық-бұл қоғамды улаған індет болып табылады.Қанша жерден бұл туралы ащы шындықтар айтылып жатса да,қоғамымыз әлі де бұл кеселден арылмай отыр.Нашақорлықтың зардабы өте көп.Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады,яғни адам өміріне кері әсерін тигізеді.Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.Осының салдарынан әртүрлі ауруларға ұшырайды.Адам организіміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді.Оның қызметін бұзады,уландырады.Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып,әлсіздік басады.Есірткіні анда-санда қолданатындардың іші өтеді,асқазаны ауырады,тамаққа тәбеті болмайды,жиі құсады,аяқ-қолдарының сіңірі оқтын-оқтын құрысады.Тері,жұқпалы ауруларымен жиі ауырады.Тері ауруларына,жұқпалы жыныс ауруларына,өкпе қабынуына шалдығады.Тамаққа тәбеті жоғалады,жиі шөлдейді.Олардың көз жанары солғын болады.Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді,тиісінше мидағы эндорофинзаттары оған үйренеді де жүйке жасушаларын өлтіре береді.Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын,әлсіз болып қалады.

Сары қалпақ.Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардабы соншалықты,күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі.Дей тұрғанмен де,бұл есірткі туралы ой-өрісі кең,көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдардан,теледидардан,ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып,оның зиянды,қауіпті екенін жете түсінуде.Оған әуестенбеудің жолын іздеуде.Яғни бұл жағдай,бір жағынан бізді қуантады.Өскелең ұрпағымыздың көзін ашуға заманауи жаңа технологияның қарқынды дамуы да өз көмегін тигізді деп ойлаймыз.Тағы бір жақсы жағы,біздің ойымызша,медицина саласында да есірткіні пайдаланады.Яғни адамдарға ота жасаған кезде,және ауыр науқастарға ауруды көп сездірмес үшін де оны пайдаға асырады.Нәтижесінде,уақытша болса да,қатты ауырғанды басатын көмегі бар.

Жасыл қалпақ.Әр адам баласы өмірге,табиғатқа,қарым-қатынас жасауға,достарына,отбасына,музыкага,спортқа қуану,өзінің жетістіктеріне,оқуына,болашақ мамандығына қанағаттану,армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.Біздің тобымыз осы нашақорлықтан жастардың бойын аулақ қылу үшін қандай шаралар атқаруға болатынын жоспарладық.Ең,бірінші біздің ұсынарымыз- салауатты өмір салтын ұстану,яғни баршаңызды спортпен айналысуға шақырамыз.Біздің тобымыздың үндеуі:

Жас жеткіншек!Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен,шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.Бойыңызды ластамай,жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ақ рет келеді,оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз.Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай,бойын аулақ сала алады.

Денсаулығыңыз мықты болсын,спортпен айналысыңыз.Сіз ел үшін керексіз-тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!

Бүгін жақсы және сәнді өмір сүру-

Бұл темекі тарту және ішу емес.

Бұл-есірткіні мүлде ұмыту.

Табиғатпен,спортпен дос болу.

Көк қалпақтағылар тобы әр топтың жұмысына баға береді.

Түйін:Әрбір азамат қоғам тыныштығы,саулығы,өміршеңдігі үшін,нашақорлыққа табанды түрде қарсы тұруы тиіс.Сөзімізді қорытындылай келе, «жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»,-деп халқымыз бекер айтпаған.Жақсыны көріп,тыңдап,соған ұқсау керек.Жаманды көріп,зардабын сезіп,бойыңды аулақ ұстау білімділіктің,көрегенділіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,жат қылықтан аулақ,елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік.Сондықтан,бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін,елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық.Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.09.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5842
Номер материала ДA-045305
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх