Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Наурыз келсе - құт келгені, халайық!" 1 сынып

Тәрбие сағаты "Наурыз келсе - құт келгені, халайық!" 1 сынып

Скачать материал

1. Сұрасаң,  бата  берейін,

Үстем  болсын  мерейің!

Ықыласпен  қол  жайсаң,

Ақ  тілекті  төгейін.

Дастарханың  мол  болсын,

Абыройың  зор  болсын!

Көк  жайлауды  жайласаң,

Тай-құлынды  байласаң,

Сабаң  толсын  қымызға,

Шараң  толсын  уызға!

Әумин  десең  маған,

Құдай  берсін  саған!

Аллаһу  ақбар!

 

 

2.  Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар!

Босқа  қарап  тұрмаңыздар!

Наурыз  тойы  басталды

Жарқыраған  жас  нұрлы!

Құтты  болсын  мереке,

Болсын  думан-береке!

 

                                    (  оқушылар  төс  қағысып,  сәлемдеседі)

 

3. Наурыз  тойы – береке,

Наурыз  тойы – жыр-аңыз.

Қызып  дулы  мереке,

Қызық  думан  құрамыз!

 

Наурыз - шаттық  әніміз,

Салтанатты  сәніміз.

Ән  салып  жас-кәріміз,

Би  билейік  бәріміз!

 

                                   (  «Қара  жорға»  биі)

 

 

4.  Нұрлы  күнге  әлемнің

Береміз  ыстық  сәлемін!

Қарттарыма  сүйініп,

Сәлем  береміз  иіліп!

Орындалды  ойларың,

Құтты болсын  тойларың!

 

 

 

 

5. Наурыз – көктем  тойымыз,

Той  дәмі  мол,  тойыңыз!

Күн  ұзарар  жылынып,

Өсер  біздің  бойымыз.

Төлдеді  де  малымыз,

Тамыр  жайды  талымыз!

 

6. Тойын  жасап  ел  енді,

Қуанышқа  бөленді!

Жарқыраған  жас  нұрлы

Жаса,  Наурыз,  дәстүрлі!

 

7. Күн  ғой  бүгін  жарылған

Ақ  түйенің  қарыны.

Ақ  дастарқан  жайылған

Лаулап  ошақ  жалыны.

 

Хор:  Наурыз  оң  болсын!

          Ақ  мол  болсын!

 

                        (  « Наурыз тойы »   әні)

 

8. Ата-бабаң ардақты

Жамандыққа  бармапты.

Ардақ  тұтып  үлкенді,

Ата  жолын  жалғапты.

 

9. Бауырласқа  тәнтіміз,

Бұзылмаған  антымыз.

Кең  даланың  ежелгі

Қазақ  дейтін  халқымыз.

 

10. Кетер  өрлеп  даңқымыз,

Біз  Қазақстан  халқымыз!

Өзге  ұлттай  біздің  де

Бар  дәстүр  мен  салтымыз!

 

 

 

«Тұсау  кесер»  рәсімінен  көрініс

 

1-оқушы:  Әдетте сәби  аяғын  тәй-тәй  басып  жүре  бастағанда оның  тұсауын  кеседі.  Ата-әжелеріміз  бұл  ырымға  қатты  көңіл  бөлген,  өйткені  баланың  болашақтағы  жолы,  аяқ  алысы  жақсы,  нық  болуы  осы  тұсау  кесу дәстүріне  байланысты  деп  есептеледі. Тұсау кесерге  ауылдың  әжелері мен  қыз - келіншектері  жиналады.

2-оқушы:  Баланың  тұсауын  үш  түрлі  затпен  кесуге  болады  екен. Біріншісі – малдың  тоқ  ішегі.  Тұсауды  тоқ  ішекпен  кесу  елдің  тоқ  болуы  және  баланың  келешекте  бай  болуын  көздейді.

 

 

3-оқушы:  Ала  жіппен  тұсау  кесу  баланың  келешекте  ешкімнің  ала  жібін  аттамай,  адал  болып  өссін  деген  ниеттен  туған.

 

 

4-оқушы:  Баланың  тұсауын  тағы  бір  затпен  - шөппен   кесуге  болады  екен.  Тұсауды  шөппен  кесу  баланың  ғұмыр  жасы  ұзақ  болып, басына  ырыздық – береке  қонсын  дегенді  білдіреді  екен.

 

«Тұсау  кесу»  жыры  айтылады.

 

Жолың  болсын  деселік,      (тұсау  кесу)      Қаз, қаз, балам, қаз, балам,

Жолыңа  нұр  төсейік.                                      Қадам  бассаң,  мәз  болам.

Жарылқасын  алдыңнан.                                  Тағы,  тағы  баса ғой,

Тұсауыңды  кесейік,           (шашу)                  Тақымыңды  жаза  ғой.

Тұсауыңды  кесейік!                                         Қаз  баса  ғой,  қарағым,

Күрмеуіңді  шешейік!                                       Құтты  болсын  қадамың!

 

 Ата –аналарға  тапсырмалар – салт-дәстүр, ырымдардың  мағынасын  ашайық.

Ерулік,  қалау,  тоқымқағар,  иткөйлек,  бәсіре,  жасау,  енші,  сонар.

 

«Шаттық  биі»  (қыздар  орындайды)

 

 

11. Той  әкелген  ғаламға,

Наурыз  айым,  аман  ба?

Бас  иеміз,  бабамыз –

Бас  иеміз  саған  да!

Барша  жұртым  аман  ба?

Құтты болсын  әз  Наурыз!

Сүтті  болсын  малымыз!

 

 

12. Қош  келіпсің,  Наурыз!

Арман  тойы  баршаның,

Қуанышы  ғаламнын,

Құтты  болсын  қадамың!

Сені  тойлап,  қарсы  алып,

Бар  әлемге  жар  салып,

«Бейбітшілік  тойы!»  деп,

Қол  соғады  барша  жұрт!

 

 

13. Күреп  алтын  күрекпен,

Қарды  еріткен  Наурыз!

Жатыр  көктем  түлетіп,

Бүрлеп  бақша  бауымыз!

 

 

14.  Ұлы  күні  ұлыстың

Күн  мен  түнді  теңеген.

Тәтті  дәмін  ырыстың

Таттық  наурыз – көжеден!

 

 

15. Күн  ғой  бүгін  жарылған

Ақ  түйенің  қарыны.

Ақ  дастарқан  жайылған

Лаулап  ошақ  жалыны.

 

                   («Дастархан»  әні)

 

16.  Тойда  өнер  сынайық,

Кәне,  құлақ  қояйық.

Өлең  айтқыш  Алдардың

Өтірігін  тыңдайық!

 

«Алдар  көсе  мен  Шығайбай»  көрінісі

 

17. Бақытты  бал  дәурен  күніміз,

Шарықтап  барады  үніміз.

Тәуелсіз, ерікті  ел  болдық,

Сүйікті  Отанның  гүліміз!

 

- Жасай  берсін  жаңа  күн!

 

 

- Туа  берсін  жаңа  жыр!

 

 

- Дүр  сілкінсін  дала  бір!

 

 

- Құтты  болсын  Жаңа  жыл!

 

 

-Құтты  болсын  Наурыз – той!

 

Бәрі:  Құтты  болсын  Жаңа  жыл!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Наурыз келсе - құт келгені, халайық!" 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 1223
    • DOCX 18.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абенова Азиза Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абенова Азиза Жумабаевна
    Абенова Азиза Жумабаевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36598
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека