Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Наурыз жыл басы"

Тәрбие сағаты "Наурыз жыл басы"

Скачать материал

Тақырыбы:  Армысың, әз Наурыз!

Мақсаты:  Балалардың танымдық  белсенділіктерін пайдалана отырып,  шығыс күнтізбесіндегі жаңа жылды қарсы алу  жоралғыларын орындауға бағдарлау.

 Халықтық салт-дәстүрді құрметтейтін, елжанды  азаматтардың қалыптасуына ықпал ету.

Қолданылатын техникалық көрнекіліктер: Бейнефильм, қима суреттер,  күн мен түннің макеті, төс белгі, графопроектор, слайд.

Қанатты  сөздер:

Жыл басы наурыз жасасын!

Ұлыс тойы құтты болсын!

Ұлыс құт береке әкелсін!

Береке мен бірлік болсын!

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

Балаларды 2 топқа бөлу.

Ұлдар -  «Түн»

Қыздар -  «Күн»

 Үнтаспадан  Р. Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз» әнін тыңдата отырып,  тәрбие сағатының тақырыбын оқушыларға айқындау. Тәрбие сағатының тақырыбын ілу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемнің қандай айы? Көктем  айының мерекелерін атаңдаршы! Алдымызда наурыз мерекесі келе жатыр. Наурыз мерекесі- жаңарудың,  тазаланудың  белгісі. Сенбі күні Алматы қаласында қалалық сенбілік өткізілгелі жатыр. Мұның өзі – Наурыз  мерекесінің алдында жылды  жақсылықпен қарсы алуға   бағытталған шаралардың бірі.

Мектепте  өткізіліп жатқан тазалықтың  қандай шарасын білесіңдер? сұрағын бере отырып,  тазалық айлығына тоқталу.

Таза сынып, таза мектеп, таза қала.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Танымдық тапсырмалар орындау.

1-тапсырма: Күн тобы: Наурыз сөзі қандай мағына береді?

Түн тобы: Қыдыр ата кім?

Әр топ берілген сұрақтар бойынша жауап әзірлейді.

Көмек ретінде  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты энциклопедия ұсынылады. (121-124 беттер).

Тапсырма жауаптары: «Наурыз» – парсы сөзі.  Нау-жаңа, руз-күн. Қыдыр ата-бүкіл халық қамқоры,  қасиет иесі, әулие көріпкел,  жарылқаушы.

Мұғалім сөзі: Жаңа енген жаңа күнде  әр үйді Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата күн демей, түн демей, тілекші болып,  үй – үйге енеді екен. Ендеше, сендер де  Қыдыр атаны  өз құрастырмаларыңа  орналастырыңдар.

2-тапсырма: Мұғалімнің сөзі:Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу  түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің  ең негізгі  жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Наурыздың тағы бір жоралғысы – «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық  өлеңмен айтылады.  Саумалықтың қалай айтылатынымен біз ана тілі сабағында  танысқанбыз. Ал, ендеше, саумалық айтып  көрейікші. Мен сендерге қыздар мен ұлдар арасында айтылатын саумалық түрін әзірлеп келдім. Қолдарыңдағы қағазға қарап отырып,  саумалық  орындаймыз.

Ұлдар:

Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.

Қыздар:

Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Ұлдар:

Иә, көк тас еріді.

Екі топ бірге:

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

3- тапсырма

Мұғалімнің сөзі: Көктемгі табиғаттың,  күн мен түн мезгілінің қандай екенін  көрсететін құрастырманы (коллаж) орналастыруға уақыт беремін. (3 мин).

Құрастырған топ  өз жұмысын тақтаға іледі.

Күн:

Құстар, бұлттар,  бәйшешек,  ағаш отырғызу.

Түн:

Жұлдыздар, түнгі ағаштар, киіз үй, дамылдап жатқан төлдер.

(Күн мен түнді теңестіру.)

Танымдық материал: Күн мен Түн” бейнефильмін көрсету арқылы  Нәурізек  құсы мен бәйшешек гүліне тоқталу.

Мұғалімнің сөзі: Наурыз мерекесінің ең басты тағамы қалай аталады? Наурыз көже қанша дәмнен жасалады? Өзі жасаған  наурыз көжені ұсына отырып, көженің құрамын анықтату.

4-тапсырма.

Наурыздық тілектер айтқызу.

Ақ мол болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ілулі тұрған тілектерге тоқталу.

Мұғалімнің сөзі: Наурыздың тағы бір жоралғысы- «Селт еткізер» сыйы. Бұл сыйлықты қыздарды таң қалдыру мақсатында  ұлдар әзірлейді. Селт еткізу үшін айна, тарақ, иіс су  ұсынылады.

Айна-сұлулықтың белгісі.

Тарақ-талғампаздықтың белгісі.

Иіс су- жұпар иіс белгісі.

Бүгін ұлдар наурыз мерекесінің  болатынын білмегендіктен, бұл сыйлықты әзірлеген жоқ. Сондықтан мен сендерге осы сыйлықты  әзірлеп әкелдім, сабағымның соңында тапсырамын. Наурыз тойына шашу. Әр топтан бір-бір оқушының  өнер көрсетуі. Наурыздың  ең  қасиетті жоралғысы-ағаш отырғызу туралы сұрау.

Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақтан соң, сендерге үлкен алғысымды білдіре отырып,  осы гимназия ауласына  екі алма ағашын отырғызуды үйымдастырғым келеді. (Сабақ соңында наурыз көже ішкізіліп, ағаш отырғызылады.)

ІІІ. Бекіту. 

Наурыз жоралғыларын қайталау. Оқушылардан бүгінгі айтылған, орындалған  наурыз жоралғыларын  сұрау. Слайд арқылы көрсету.

Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу,

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Селт еткізер.

Ағаш отырғызу.

Қорыту. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

3. Сынып сағатын қорыта келе, сый ұсынамын.

·         «Селт еткізер» сыйлығын  ұсыну. (қыздарға)

·         Кітапшалар ұсыну.(ұлдарға)

·         Оқушыларға алғыс айтып, тәрбие сағатын аяқтау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Наурыз жыл басы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 691
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Несипбекова Бота Керимбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Несипбекова Бота Керимбаевна
    Несипбекова Бота Керимбаевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4395
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 61 региона

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 31 региона

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции