Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Наурыз - жыл басы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағаты "Наурыз - жыл басы"

библиотека
материалов

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз



Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!
Жоспары:
І.Кіріспе бөлім
Наурыз туралы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
а) Тәуелсіздікпен қатар келген Ұлыстың Ұлы күні мерекесі
б) Наурыз көже қалай жасалады?
ІІІ.Қортынды

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек.

Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің №9 «Балауса» балабақшамызда да Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған ертеңгіліктер өткізіледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Балабақшада да "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге қызылды-жасылды кілем төселеді. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды. Бүкіл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйім халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Ұлыстың ұлы мерекесін тойлауға халқымыз биыл 23-рет дайындалып жатыр. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестік дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесін терең зындан түбінде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан - жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түні Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбіреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрін бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар - салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенің көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес.
Наурыз - кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргеніндей, діни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкілхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндістан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесі ретінде тойлайды. Алайда, «Әр елдің салты басқа, итi қара қасқа» демекші, дәстүр өзгешелiгi де орын алған.

Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерін осы күні қазанға саламын деп сақтаған.
Жас келіндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темірден сәндік бұйымдарын соққан. Мұның бәрі - күн мен түн теңесетін шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткізер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгі «өліара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тегiсi сөгілген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенім бойынша, үй – iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.

Көне деректер көзіне сүйенсек, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталады. Әдетте, наурызнаманы бай, ауқатты кiсiлер жасаған. Бірақ әр шаңырақ өзінше наурыз көже пiсiрiп, ақ толы аяғын босағадан аттағанның бәріне ұсынған. Ауыл ақсақалдары үй-үйден дәм татып, үйдегiлерге ыдыспен сыбаға тасып жүрген. Ол сыбаға iшiлместен бұрын қазанға құйылады. Бұл «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық» дегеннiң белгiсi.

Ұлыс келер түнi Қызыр бабаға арналып әр үйдiң төрiнде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелерi бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнінде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ертеректе ауыл адамдарын ұйқысынан тұрғызу үшін қолданылған мынадай қызық дәстүр болған. Жастар асау тайыншаны құрықтап, оған ерттелген ашамайға зор қуыршақты таңып байлап, ауыл iшiне бос жiбередi. Мөңкіп тулаған асау ауылды азан-қазан етсе де, ешкім бұған өкпелемеген. Күлімдеп көрінген күнге сәлем беріп, шаруаға кiрiседi. Наурыз күнi көзi ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егілген талдың саясы мен жемiсi мол болады деп сенген. Жаңа сап түзеген шыбықтарға ақ шашу да жақсы ырым.

Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгі қайын ата мен келін, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзіл де жарасымды. Жастар алтыбақан құрып, тойдың сәнін кiргiзедi. Бойжеткендер соғымның соңғы етін уызға салып пiсiрiп, ұнатқан жiгiттерiне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жiгiттер «селт еткізер» рәсiмiн жасайды. Яғни қалауынша айна, тарақ, әтір суын сыйлайды. Айна - пәктiктiң, жастықтың, тарақ - әдемiлiк пен сұлулықтың, ал иiссу - жаңа бүршiгiн жарған жауқазындай құлпыр деген белгі.

Наурыз күні думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннің бір уағына дейін созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Қалтырауық қамыр кемпір» ойындары бар. Онымен қатар бұл күні наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлі әзіл-қалжың, мадақтау өлеңдері айтылады.
Сең жүреді көктемде астан-кестең,
Ақ атанның бауырын арқан кескен.
Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда
Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен, - деп, қос-қостан жұптасып, айтысқа түседі.
Ұлыс күнi татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл мерекесi. Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi. Көңiлдiң жаңаруы деген осы. Бұл күнi наурыз көжемен қатар, ауыл адамдары өгiз сойып, қазан көтеретiн болған. Мұның тарихы өз алдына қызық аңыз. Ежелгi жыл санаушылардың есебiнше, үркер күздiң басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктем кезiнде аспан етегiнен көрiнiп, ал жазда тiптi батып кетедi екен. Бұл шақ қырық күнге созылып, оны халқымыз «қырық күн шiлде» немесе «үркердiң жерге түсуi» деп атаған. Көктем кезiнде, яғни наурызда күн жолы үркердiң үстiмен өтiп, үркердiң қос жұлдызы бұқаның мүйiздерi құсап күн жолының екi жағынан қылтиып көрiнедi. Бұған орай халқымыздың «әлемдi көк өгiз мүйiзiмен көтерiп тұр» деген нанымы да бар.
Өгiз етiн арнайы нарқазанда балбыратып пiсiредi. Нарқазанның тарихы да жақсы ырымдармен астасып жатыр. Ежелгі сақ дәуiрiнде халық арасын алауыздық жайлап, ел татулығын тұман басқанда көсемдер келiсiп, үлкен қазан құюға шешім шығарады. Алайда, қазан соғарлық мыс табылмай қалады да, бүкiл сарбаз жебелерiнiң мыс масағын жинатып, содан нарқазан құйдырады. Осы қазанда қайнатылған астан дәм алысқан араздасушылар өкпе-назын ұмытып, елде татулық орнапты делiнедi аңыздарда. Осындай тай, нарқазандарда қалың қауымға дәм татқызу кейiн үрдiске айналып, ол «шүлен тарту» аталып кеткен. Өгiздiң шекесi ауыл ақсақалдарына тартылады. Бұл сыбағаның аты - «бел көтерер». Ертедегі дәстүр бойынша наурызнама тоғыз күн тойланатын болса, соның сегiзiншi күнi «той тарқар» болады. Мұнда бұған дейiн өнерiн ортаға салып, оза шапқан дарабоздарға, қарсыласының жауырынын жерге тигiзген балуандарға, тiптi тайы озып келген жас балаға да «ат терi» деп сыйлық берген.
«Той тарқарда» жаңа көзi ашылған қайнардың суына қант қосып, оны қауым болып iшiседi. Көзі қарақтылар «салдама» аталатын кітапты оқытып, ақсақалдар бата бередi.
Айта берсең, наурыздың жөн-жоралғылары өте көп. Қазақстанның төрт түкпiрi түрлiше тойлайды. Бірақ, қалай болғанда да, жақсылықтың аты - жақсылық, тойдың аты - той.

Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы тұрғыда біз де үлкен әжелеріміздің біразынан Наурыз көжені қалай жасау керектігін сұрап білдік. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер Наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтасыз.
Шығыс халықтары үшін жыл қайыру, яғни күнтізбе жасау наурыздан бастау алады. Осы бір күнге үміт артып, «Наурыздың берер несібесі мол» дейтін ырымды берік ұстанған қазақ халқы егемен ел болғалы бұл мерекенің өзіндік салмағын сезіне бастаған сыңайлы. Дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бас¬тауы» деп ұғады. Айтулы мереке Ұлыстың ұлы күні қарсаңында біз де «Айқынның» мейрамханасының бас аспаздарымен тілдесіп, ой бөліскен едік.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін атам заманнан бері Жаңа жыл басы ретінде тойлап келген. Кеңес өкіметі уақытында Мәскеу бізге және де басқа Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарына Наурызды ислам мейрамы деп жалған айтып, ресми түрде оны тойлауға тыйым салып келді. Бірақ халық өз дәстүрін ұмытқан жоқ, сақтап қалды. Ақыры, көпшіліктің талабы мен ұлт намысын қорғай¬тын азаматтардың іс-әрекеттерінің арқасында ол қайтадан қалпына келді. Сөйтіп, тәуелсіздік тұсында Қазақстан Үкіметі Наурызды ресми түрде мереке деп қайта жариялады.

Ал бүгінгі әңгіме Наурыз мерекесі күні тура белгіленбегендігі туралы болмақ. Олай дейтініміз, Үкімет “Наурыз мерекесін” наурыз айының 22-сі күні деп жариялады және “достық, татулық мейрамы” деп мағынасын өзгертіп жіберді. Елуден астам Орталық Азия, Таяу Шығыс, түркі, парсы нәсілді ұлыстар Наурыз мерекесін тойлауды 21-і күні бастайды, жалғыз біз ғана бір күн кешігіп, 22 наурызда атап өтіп жүрміз. Иә, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, әзірбайжан, тәжік бауырларымыз тойлап болғанда біз той қамына енді кірісіп жатамыз. Мұның бәрі кезінде үкіметке дұрыс ақпар бермеген адамдардың білімсіздігінен болып отыр.

Наурыз (Ноу – жаңа, руз – күн) деген сөз бізге парсы тілінен енген. Орта Азия халықтары оны мыңдаған жылдар бойы Жаңа жыл басы ретінде тойлап келді. Кейіннен Ислам діні халықтардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын сыйлап, Наурызды мейрам ретінде қабылдады.

Тарихқа үңілсек, әлемдегі әр халық Жаңа жылдың басын әр уа¬қытта атап өткен. Ежелгі халықтар негізінен Жаңа жылды табиғат жаңаруымен, яғни жер ұйқыдан оянғаннан кейін, көктем келуіне байланысты атаған. Бұл наурыз айына тура келіп отырған. Көне яхудилердің таным-түсінігінде де Жаңа жыл “авив” айы, яғни наурыз айының соңы, сәуірдің басы болатын. Айта берсеңіз, Еуропаны басқарып отырған Рим империясында да жаңа жыл басы наурыз болатын. Тек, Иусус Христос туғанынан бастап есептегенде 45 жылы Рим императоры Юлий Цезарь жыл басын табиғат ерекшелігін, күн мен түннің теңелуін ескермей, оған діни мағына берді. Сөйтіп, Христостың туған күніне жақындатып жыл басын 1 қаңтарға көшірді.

Содан бері христиан мемлекет¬тері Жаңа жылды 1қаңтардан бастайды. Америка континентіндегі мемлекеттерде де осылай. Ресейде де Жаңа жылды 1 қаңтардан бастап есептейді. Мұны 1699 ж. орыс патшасы Петр І Голландиядан үйреніп, Ресейде жыл санаудың басын Христос туылғанынан, яғни 1 қаңтардан басталсын деген бұйрықпен кіргіз¬ген. Одан бұрын Ресейде Жаңа жылды Орта Азия, Шығыс елдері сияқты табиғаттың жаңарған, қыс маусымының көктемге ауысқан мезгілінде, яғни наурыз айында атап өтетін.

Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, минутына дейін тура астрономия¬лық дәлдікпен есептеп шығарған. Күн мен түннің теңесуі тура 21 мартқа сәйкес келеді. Бұл туралы қолымызда Алматыдағы Астрофизика институтынан алынған анық¬тама бар. Сондықтан да, Орталық Азия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің Жыл басын 21 март деп белгілегені дұрыс. Мәселен, көрші Өзбекстан¬да, Қырғызстанда 21 наурыз халық мерекесі деп жарияланған. Түркіменстан президенті С. Түркіменбашының 2002 жылғы жарлығына сәйкес Наурыз 21-інде басталып, мереке үш күнге созылса, Тәжікстанның Президенті Э. Рахмонов Наурыз мерекесін екі күн деп белгілеген, яғни ол 21-22 наурыз аралығы. Қазақстанда да осы күндері Наурыз мерекесі тойланады.







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-397097

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"