Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Наурыз жыл басы"

Тәрбие сағаты "Наурыз жыл басы"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз жыл басы

Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, өнерін насихаттап, оқушылардың ұлттық рухын ояту.

Міндеті: Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамыта отырып, қазақ халқының ұлттық мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілік: Ұлттық нақыштағы текемет, көрпешелер, ыдыс-аяқ, киіз үй жиһаздары т.б

Барысы:

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда.

Қызықтан тыс қалмаңдар!

- Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Қара жер ақ көрпесін сілке тастап жайма-шуақ күйге енетін, күн мен түн теңелетін, ырыс пен берекенің бастауы болған Наурыз тойына хош келдіңіздер!

Жаңа күннің жаршысы болған Наурызды қазақ елі ерекше қарсы алған емес пе?! Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан қазан толы наурыз көже пісіреледі.

«Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық-жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер жігіттің ісі» деген нақылдарды өзек етіп, ту көтерген билер, ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарханнан дәм татырып, табыстырып, осылайша ел бірлігін күшейткен. Наурыз күні адамдар бір-біріне ақ тілек айтқан. Олай болса, ақ тілек кезегін мектеп директорына берейік. (Құттықтау сөз сөйленеді.)

Жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!

(Ақ жаулықты ана шашу шашады) «Наурыз-думан» әнін орындайды.

Жүргізуші: Туғанан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады «надан» деп.

Ата-бабаң ардақты.

Жамандыққа бармапты,

Ардақ тұтып үлкенді.

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз,

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ата салтын ардақтап өсіп келе жатқан оқушылардың Наурыз мерекесін қалай тойлап жатқанын тамашалайық. Алдымен «Қабанбай ата» аулына қонаққа барамыз.

«Қабанбай ата» аулындағылар қазақтың тоқымқағар салтын көрсетеді, ән айтып, би билеп, наурыз көжеден дәм татырады.

Одан әрі _________________________________ аулына қонаққа барамыз. Бұл ауыл «Қыз ұзату» салтын көрсетеді. Барлық ырым-жоралғысымен ән мен күйге бөлейді.

Келесі кезекте ________________________ аулына қонаққа барамыз. Бұл ауыл да наурыз тойын қалай тойлап жатқанын көрсетеді. Өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші: Кіршіксіз көгілдір көгіміз,

Гүлдері құлпырған жеріміз,

Армысың, әз-Наурыз, аңсаған,

Қуанып қарсы алдық сені біз.

Адамдар ақ сүттей ар үшін,

Жігерін намысқа жанысын.

Наурызда абырой биіктен,

Қыдыр кеп халқыма дарысын.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барса жол болсын!

Сау болыңдар!




Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-422831
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх