Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты «Өнеге отбасынан басталады»

Тәрбие сағаты «Өнеге отбасынан басталады»

Скачать материал

 

                Қожаберген жырау атындағы  №6 орта   мектебі

 

 

 

                        Тәрбие сағаты

         «Өнеге отбасынан басталады»

                                                                         3 сынып Шаймерденова С.Е

 

 

 

 

 

                                                                    

                           

                                                              

 

 

                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қаласы

2016 жыл

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Өнеге отбасынан басталады

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі басының ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Бала тәрбиесі — бесіктен» ,

«Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар.

Түрі:  викториналық сұрақтар, жағдаятты шешу

І. Ұйымдастыру                          

II. Викториналық сұрақтар

III. «Бақытты отбасы» суреті

IV. Жұмбақтар

V. «Сөз тапқанға- қолқа жоқ»

VI. Қорытындылау

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.
          Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім  Таныстыру.

І топ -  «Алтын ұя»

ІІ топ - «Берекелі отбасы »  

 ІІ бөлім.

«Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

І топ

1. Қ.Р. тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж 16 желтоқсан)

2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің?  (қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,   қымыз, шұбат)

3.Ұлттық киімдер қалай аталады?  ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)

4.Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.

5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)

 

ІІ топ

1.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

2.Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

3.Үш арсызды ата? (ұйқы, тамақ, күлкі)

4.Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

5.Мемлекеттік рәміздерді ата  (елтаңба, ту, гимн)

           ІІІ бөлім .

«Бақытты отбасы » суретін  салу және қорғау

           ІV бөлім

Сабақ барысында жұмбақтар шешеміз
Сөйлеуді ол білмейді, бірақ «тоқта, жүр» дейді. (бағдаршам)
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен, 
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
Биікте алтын алманы, ешкім ала алмады. (күн)
Түтін түсті, қанатсыз ұшты. (бұлт)
Күн мен гүлді салам, қолыма алып... (қалам)
Аспандай түтін шығады, көзінің жасын сығады. (жауын)

Күн ысып,
Жеміс - жидек пісіп,
Ел пішенін орады,
Бұл қай кезде болады? (Жаз
)

  V бөлім

 «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

1.     Ананың көңілі балада, .......................... (баланың көңілі далада)

2.     Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

3.     Ананың сүті – бал, ................................ ( баланың тілі – бал)

4.     Туған үйдің түтіні жылы, ...........................( туған ананың күтімі жылы)

5.     Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

6.     Бала – бақшадағы гүлің, ---------------------(оны тәрбиелеу үлкен ғылым)

7.     Құс балапаны үшін  ----------------------------- ( тұзаққа түседі,)

8.     Ана сүтін ақтамағанды -------------------------(ешкім жақтамайды).

9.     Әдепті бала ата-анасын мақтар ------------- (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).

VІ бөлім

Қорытындылау: Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы кезінде былай деп мұңайған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Оның қолына қылыш берсе, кіді де болса, шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ». Бауыржан атамыз бүгінде арамызда жоқ.

Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, тіпті, балаларға да ой салады деп ойлаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік, ойнайық, күлейік.

Ал құрметті ұстаздар, ата –аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға  алғыс білдіре отырып,  балаларымыз біздерді  тек  жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін! - деп, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты «Өнеге отбасынан басталады»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2016 4254
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймерденова Сауле Еркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймерденова Сауле Еркеновна
    Шаймерденова Сауле Еркеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16750
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 265 человек из 54 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе